Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и
средних учебных заведений на патриотическую тему,
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне
42
Сейілханова Назерке
10 сынып, Шахта орта мектебі Таушық селосы
Түпқараған ауданы Мағыстау облысы
Атам айтқан әңгіме...
Қан майданның жүректе жарасы бар,
Қайғысы мен зілі бар, наласы бар.
Арамызда жүретін алшаң басып,
Ардагерлер азайып барасыңдар...
Махмутбай Әміреұлы
Соғыс... Зұлмат жылдар... Фашист... Ұлы Отан соғысы... Бірақ еске алуға
қорқынышты сол бір кезең 1941-1945 жылдарды тарихтан алып тастау мүмкін
емес, әрине. Жанын шүберекке түйіп, елін, жерін тілін, ділін – Отанын аман
алып қалған батыр бабаларымыздың, ер мінезді аналарымыздың, намысты
апаларымыздың қадір – қасиетін бүгінгі ұрпақ біліп, ұмытпай, олардың
жайында ізденіп жаза беру керек деп ойлаймын.Ұлы Жеңістің туын желбірету
оңайға соқпағанын кейінгі ұрпақ сезініп, бүгінгі тәуелсіздіктің арғы тарихы
осы жеңіспен ұштасып жатқандығын да білген жөн. Ұлы Отан соғысының
ардагерлеріне, тылда еңбек еткендерге арнайы құрмет, ілтипат көрсету –
баршамыздың парызымыз.
Менің атам – Әбілханов Сейілхан Ұлы Отан соғысының ардагері. Мен
атам айтқан әңгімемен бөліссем деймін.
Сейілхан атам 1945 жылы туылған. 1937 жылы әкесін қолқанат болып
алған еңбек жолын «Долгий» балықшы колхозында балықшы болып бастайды.
1942 жылдың 6 ақпанында Шебір ауылында майданға шақырту алып,
12-ақпанда Шевченко аудандық әскери комиссариатынан соғысқа
аттанады. Сол жерден пойызға отырып, Ашхабад арқылы Орынбор қаласына
барады.
162-дивизияның атты әскери полкінің құрамына қатардағы жауынгер
болып қабылданған. С.Әбілханов Сталинград үшін болған шайқасқа
қатысады. Солдаттар осында екі-үш айға жуық траншея қазады. «Одан кейін
қалмақ даласындағы ұрыстарға түстім. Кезекті ұрыстардың бірінде ақтөбелік
Қараев деген жігіттің жіліншегінен оқ тиіп, санитарлық бөлімге арқалап
жеткіздім. Көз алдымда талай қыршын жастар ажал сепкен оққа ұшырап,
бірінен соң бірі мерт болып жатты» деп еске алады атам.
«Қырық жыл қырғын болса да, ажалды өледі» демекші, құдай сақтап, ол
еш жеріне оқ тимей, дін-аман елге оралады. Бір атап айтарлығы, 1947 жылға
дейін Москва түбегіндегі қираған әскери зауытты қалпына келтіру
жұмыстарына атсалысады. Мен, менің інім Құмар, Мұхтархан, ағам Мағжан,
апаларым Перизат, Меруерт барлығымыз сәл қолымыз босай қалса, атаммен
Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и
средних учебных заведений на патриотическую тему,
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне
43
әңгіме құрғанды қатты ұнататын едік. Әсіресе, соғыс жылдарындағы бастан
кешкен оқиғалары жайындағы атамның әңгімелері бір суытып, бір ысытып,
бір қорқытып, бір үркітіп, бір қуантып әртүрлі тылсым сезімдерден бойыңа
ерекше күш-қуат, ар-намыс, жігермен жұлқып алатындай. Осындай
әңгімелердің ішінен маған қатты әсер еткені мына бір оқиғаны сіздер де білсе
деймін.
«162-дивизияның атты әскер полкінің құрамына қатардағы жауынгер
болып қабылданған кезім еді. Мен сонда «Жауынгер» деген қазақы сөздің өзі
маған ерекше «халық батыры» дегенмен бірдей әсер ететін. Өзімді жауынгерге
сай жауапкершілікте ұстадым. Қыс мезгілі... денем тоңазып, түнде қазған
окопта ұйықтап кетіппін. Көзімді ашшам, біздің полктің жігіттері «кеттік
жігіттер, окопты кешкісін жалғастырамыз, бүгінгі ауа райы жақсы екен, кешегі
фашистің қай бағыттан келетінін байқайық» деп тоғайдың оң жағына бағыт
алдық. Күн тымық еді. Арамыздағы Сисен деген жігіт: «Тыныш, жігіттер!
Бұндай тымық күн қауіпті. Жауға ыңғайлы күн. Пленге түсіп қалмайық!»
деген. Сол – ақ, екен күтпеген жерден тарс-тұрс, таңқ – тұңқ. Сұрапыл соғыс
өзінің ырқына көндірмей қоймайды. Сисен екеуміз өзіміздің траншеямызға
қарай бағыттадық бізге қарай жау оғын жаудыртып тоқтар емес. Қанша
шапшаңдық танытсақ та, біз қоршауда қалдық. Соңы пленге түсумен
аяқталды. Сисен екеуіміздің өр, тік мінезіміз фашистерге ұнады білем,
екеуімізді қара жұмысқа арба жегіп айдауға салды. Күшімізді пайдаланғысы
келді ме, әйтеуір фашистер бізге тамақты мезгілімен беріп баптады. Бұл әдіс
не екенін де білмедім. Шамасы екеуміздің күш-қуатымызға, жылқы
шаруашылығына епті екенін де байқаған болар, «Арба жеккеп аттарына таға
кигізіп алыңдар» дейтін. Мен қулық жасап аттарды тағаламаймын. Себебі,
арба жеккен аттары мұзға тайып, жарақаттанып, күші әлсіресе біздің
жігіттерге уақыт үнемдеу жағынан болсын бір көмегі болар деп те ойлап
қойдық. Осылай іштей дұшпандардың қалай байланысқа шығатынын, қандай
әдіспен дайындалатынын байқап бақтық. Қашуды да ойлап, жоспар құрдық.
Біздің жоспар бойынша Сисен қашып Карпат тауының оң жақ баурайына
жеткен соң тыңшылық етіп, ыңғайлы болса, отты жағып – сөндіріп, түнгі екіде
белгі бермекші. Біз сол оңтайлы сәтті күтіп, аса қырағылықпен түнде пленге
түскендер қашып шықтық.
Осылайша фашистерден құтылып, дивизиямызға траншея қазуға
кірістік» - деп менің атам қиын қыстау қанды майданның алғы шебіндегі
қиянкескі шайқастарын еске алып қояды.
Мен атам сияқты Ұлы Отан соғысы ардагерлерін мақтан етемін.
Олардың ерен еңбегін ұрпақтары жырлап, батырлықтарын ұмытпай айтып
жүрсе деймін. Болашақта әлі де есімдері ескерілмей қалған жауынгерлер
туралы зерттеулер жасалып, жаңалықтар ашылса. Ардагерлер айтқан майдан
шебіндегі ерліктері том-том кітап болып, бүгінгі жастарды, болашақ
Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и
средних учебных заведений на патриотическую тему,
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне
44
ұландарды отансүйгіштікке, батырлыққа, жігіттік ар – намыстылыққа, ұлттық
ұяттылыққа тәрбиелейді.
Еліміз аман, жұртымыз тыныш бейбітшілікте тәуелсіздік туын
желбірете берейік!
Семендерова Гүлшат
7 сынып, Сам орта мектебі
Бейнеу ауданы Маңғыстау облысы
Жетекшісі: Бұйрабасова С.
Жеңістің 70 жылдығы
Міне, Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына да 70 жыл өтті. 70
жыл толса да, сұрапыл соғыстың жаңғырығы майдангерлердің әлі есінен кетер
емес. Елі үшін жаға беріспей, ерліктің үлгісі бола білген батырларымыздың
өнегесі өз алдына, қиыншылыққа мойынсұнбай, талмай еңбек еткен
жандардың үлесі тым бөлек. Ел тарихында Ұлы Отан соғысы деген атаумен
қанды кезеңде бір миллион екі жүз мыңнан аса қазақстандық жау оғына қарсы
тұрған. Сол миллионның қай-қайсысы да – өз алдына шежіре, өз алдына
қайталанбас ерлік тарихы. Өйткені, олардың әрқайсысы ел шетіне тұтқиылдан
тиген жауды тысқырата жеңуге үлес қосты. Бұл – адамзат тарихындағы ең
қатігез, ең сұрапыл кездің көріністері. Балалар жетімдіктің, нәзік жандылар
жесірліктің, қариялар жалғыздықтың күйін кешкен кез.
Қазақ ел басына күн туғанда жанын қу шүберекке түйген жауынгер
халық болған. Ұлан байтақ даласының бір тұтам жері үшін қорқу деген сезімді
жүрегінен жұлып алып тастаған. Тіпті арыға бармай-ақ кешегі Ұлы Отан
соғысының әлі сарғайып үлгермеген қатпарлы парақтарына үңіліп қарасақ
қазақтардың қанды қырғынға қаймықпай соғысқанына анық көзіміз жетеді.
Оған мысал айқас алаңдарында өшпес ерлік жасаған жүз қазақтың ең
соңғысын арада елу жыл өткен соң Бауыржан Момышұлы алды.
Сол кезде ерлік көрсеткен боздақтар бүгінде немере, шөбере сүйіп
отырған ата-әже. Олар өсіп келе жатқан ұрпаққа үлгі, өнеге болары сөзсіз.
Бүгінде арқамызды кеңге жайып, көгілдір аспанның астында жайма-
шуақ өмір сүруіміз 70 жыл бұрынғы қаншама адамның ұйқысыз өткен
түнімен, Отан үшін арпалысқан жанымен, су боп жерге аққан қаншама
адамның қанымен келген жеңістің арқасы. Қаншама батырларымыз қасқайып
тұрып, болашақ ұрпақтың – біздің тыныштығымызды, жерімізді, елімізді,
тәуелсіздігімізді қорғап қалу үшін айқасты.
Отан үшін жанын беруге де дайын болған Әлия, Мәншүк, Бауыржан
сияқты батыр аға-апаларымыздың ерлігіне бей-жай қарау мүмкін емес.
Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и
средних учебных заведений на патриотическую тему,
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне
45
Осындай батырларымызға:
Отан үшін от кешкен,
Әлия, Мәншүк апалар.
Жауын атқан қақ төстен
Төлеген, Талғат аталар.
Жеңіс үшін туғандай,
Нұркен, Қасым, Бауыржан.
Рейхстагқа ту тіккен,
Қайсар аға Рақымжан!
Бүгінгі біздің мақсат – сол батырларымыздың аманатын көзіміздің
қарашығындай сақтау, ерлігін ұмытпау, әрқашан тамсана, мақтап, мадақтап
жүру.
Тәженова Айгерім
11 сынып, №10 орта мектеп, Ақтау қаласы Маңғыстау облысы
Жетекшісі: Хасанова Н. Қ.
Ол күндердің өшпес даңқы!
Қан майданның жүректе жарасы бар,
Қайғысы мен зілі бар, наласы бар.
Арамызда жүретін алшаң басып,
Ардагерлер, азайып барасыңдар...
Сырбай Мәуленов
Ол күндердің өшпес даңқы!
Соғыс!..
Естіген адамның жүрегін дір еткізер сұсты да суық сөз. Қазіргі біздер
көрмегенмен, біздің ата-бабаларымыз көрген қанды қырғын, қасіретті зұлмат
бұл!..
Осыдан 74 жыл бұрын, 1941 жылы 22 маусым күні таңғы сағат 4
шамасында фашистік Германия Кеңестер Одағына тұтқиылдан соғыс ашты.
Бұл – енді-енді ғана ес жиып, белін бекітіп, еңсесін тіктеген одақтас
республикалардың бас біріктіріп, халықтың тұрмысын түзеуге бет алған шағы
еді.
«Бүлінді қала сарнап, дала сарнап, ...Құламай қалды біздің қара
шаңырақ», - деп ақын Меңдекеш Сатыбалдиев жырлағандай, бұл соғыстың
Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и
средних учебных заведений на патриотическую тему,
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне
46
салмағы қарапайым халыққа өте ауыр тиді. Ел ішін аштық пен ауру-сырқау,
жоқшылық жайлады. Халықта күндіз күлкі, түнде ұйқы жоқ. «Мына соғыс
қашан аяқталар екен?» дегеннен басқа артық ой да жоқ, асқақ арман да жоқ.
Соған қарамастан, елде қалған жетім-жесір әйел, бала-шаға қолдарынан
келген көмектерін аямай, күндіз-түні жан аямай еңбек етіп, майдангерлерге
тамақ, жылы киім жіберуден тынбады. Соғыста атылған әрбір он оқтың
тоғызы Қазақстанда жасалды. «Бәрі де – майдан үшін, бәрі де – Жеңіс үшін!»
деген ұлы ұранның аясында бүкіл Кеңестер елінің халқы бір кісідей жұмыла
еңбек етті.
Майданда жүргендердің күні де ауыр. Қазір бар адам – қазір жоқ.
Қырғын соғыс, күндіз-түні атыс-шабыс, гүрсілдеген зеңбіректер мен
жарылған снарядтардың үні, жаралылардың жан айқайы мен құлақ
тұндырардай үрейлі дауыстар... Осындай ауыр жағдайда жүрген
жауынгерлерге Жамбыл Жабаевтай ақын аталары рухын жігерлендіретін
жырлар жолдады. «Ленинградтық өренім» деген даңқты өлеңі арқылы «ХХ
ғасырдың Гомері» атанған қарт ақын жау блокадасында қалған отандастарын
мойымауға, дұшпанға берілмеуге, жауға қарсы қасық қаны қалғанша соғысуға
шақырды.
Қаншама жас қыршын кетті! Ерлікпен қаза тапқандары қаншама!
Бір ғана мысал. Кеңестер Одағының Батыры Мәлік Ғабдуллиннің
«Танысаң – Адаймын, танымасаң ...» деген естелігі маңғыстаулық жауынгер
Жарастың батырлығын бейнелейді. Жарас бірде жаудың қоршауында жалғыз
қалады. Олар – бесеу, бұл – жалғыз. Сонда батыр: «Танысаң – Адаймын,
танымасаң – сен жауыздарға Құдаймын», - деп, автоматтан оқты жаудырып
жібереді. Ақыры ерлікпен қаза табады.
Москва
түбіндегі
Дубосековада
болған
ұрыстағы
28
панфиловшылардың фашистермен шайқасы да жантүршігерлік. Жау сол
кездегі Отанымыздың жүрегі – Москва түбіне тым таяу, жақын қалды.
Ротаның саяси жетекшісі Василий Клочковтың «Россия кең-байтақ, бірақ
шегінерге жол жоқ! Артымызда – Москва!» деген соңғы сөзі кейін бүкіл
майданның ұранына айналды. «Москва үшін! Сталин үшін!» - деп ұрандатқан
қаншама жауынгерлер Отан үшін жанын пида етті. Табиғаттың қатал қысының
сақылдаған сары аязы мен аңқаны кептірген аңызақ аптабына да қарамай,
неміс басқыншыларымен аянбай шайқасып, қаншама бейбіт адам қынадай
қырылды! Аты өшкір сұм соғыс талай жазықсыз адамдардың өмірлерін
жалмады.
Ажал шашқан жау дзотының аузын өз денесімен жауып өлген Сұлтан
Баймағанбетов пен Александр Матросовтардың ерлігін кейін талай жастар –
300-ден астам жауынгер қайталап қаза тапты.
Отанын қорғауға ер-азаматтармен бірге Әлия Молдағұлова, Мәншүк
Мәметова, Хиуаз Доспанова сияқты қаһарман апаларымыз да қолдарына қару
алып, соғысқа қатысты. «Шығыстың қос жұлдызы» атанған Әлия мен Мәншүк
Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и
средних учебных заведений на патриотическую тему,
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне
47
апаларымыз майданда ерлікпен қаза тапты. Олар өзін мәңгі өшпес даңққа
бөледі – бүкіл Орта Азия елдері қыздарының арасында тұңғыш болып
Кеңестер Одағының Батыры атағын алды. Бүгінде олардың есімдері – мәңгілік
ұрпаққа ұран, ұлтқа үлгі.
Тірісінде лайықты бағаланып, батыр атағын алмаса да, халқымыз
«қаһарман» деп таныған батыр атамыз Бауыржан Момышұлы, партизан
жазушы Қасым Қайсенов, Рейхстагқа тұңғыш болып ту тіккен Рахымжан
Қошқарбаевтар еліміздің даңқын асырып, дабысын жер-жаһанға жайды.
Сондықтан да бұл соғыстағы аталарымыз бен әкелеріміз алып берген
Ұлы Жеңістің құны өлшеусіз. Осыдан 70 жыл бұрынғы Жеңіс бізге сонысымен
қымбат. Бес жыл бойы белшеден қан кешіп, кейінгі ұрпаққа тыныштық
сыйлап, бейбіт өмір әкелгені үшін қасиетті.
Халық арманда кеткен асылдарының есімдерін ешуақытта ұмытпайды.
«Ешкім де ешқашанда ұмытылмайды» деген нақыл сөзді тақталарға жазып, ел
үшін шейіт болған ерлердің есімдерін мәңгілікке жадында сақтайды. Олардың
аттарын ән мен жырға қосып, мадақтайды. Ерліктерін еске салып, жас ұрпақты
елін, жерін қорғауға тәрбиелейді.
Әрине, Жеңіс бізге өзінен-өзі келген жоқ. Оны бізге елі мен жері үшін
отқа да, суға да түскен ерен ерлер алып берді. Сондықтан да біз жыл сайын 9
мамыр – Ұлы Жеңіс күнін тойлаймыз. Биыл – Ұлы Отан соғысының
аяқталғанына 70 жыл. Бұл – халқымыздың қайсарлығы мен қаһармандығын
паш ететін тарихи күн. Бұл күнді сол соғысқа қатысқан және сол бір зұлмат
күндердің зардабын тартқан ардагер ата-әжелерімізбен бірге осынау ұлы
ерліктің қадірін ұғына білетін, батыр бабаларымызды бағалай білетін кейінгі
жас ұрпақ – біздер де тойлаймыз. Ұлы Жеңіс күні қан майданнан қайтпай
қалған боздақтарды еске түсіріп, рухтарына бас иеміз.
«Сарғайса да тарихтың ақ парағы,
Ол күндер мәңгі есте сақталады», - деп ақын айтқандай, 9 мамыр – Ұлы
Жеңіс күнінің қадірі мен қасиеті ешқашан төмендемек емес. Бізге осындай
бейбіт өмір сыйлаған Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне мың тағзым!
Төлегенова Аружан
9 сынып, Күйкен орта мектебі
Бейнеу ауданы Маңғыстау облысы
Қаһарлы жылдар тарихта
Адамзат тарихында өткен ғасырдың қасіретті жылдары екінші
дүниежүзілік соғыс және оның құрамдас бөлігі болып есептелетін Ұлы
Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и
средних учебных заведений на патриотическую тему,
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне
48
Отан соғысы өшпес оқиға болып «Барлығы да Жеңіс үшін, барлығы да
майдан үшін!» деп газеттер мен радио тілшілері жеңіске жетеледі.
Соғыс туралы хабар қазақ даласына жылдам тарады. Ал Кеңес
адамдарының патриоттық сезімі, әрине, бұл жоспарға қарсы тұра білді.
Қазақстан азаматтары мен азаматшалары Отан алдындағы парыздарын
өтеу үшін қан майданға аттанды.
Қазақстан халқы отан қорғаушылар қатарына өзі еркімен жазыла
бастады. Мысалы, Алматы медицина институтының студенті Мәншүк
Мәметова: «Отбасымызды майданға жіберетін ешкім жоқ, сондықтан
өзімді жіберуді өтінемін», - деп әскери комитетке өтініш берді. Елімізде 2
млн-нан асатам адам әскери даярлықтан өтті. Майдандағы Қызыл Армия
қатарына 120000-ға жуық қазақстандық аттанды.
Еліміздің ауыл еңбеккерлері жауды жеңу үшін аттанған аға-
әпкелеріміз үшін әртүрлі өндіріс, шикізат өнімдерін жасап шығарды. Сол
кездегі еңбекшілердің бәрі де: «Жеңіс үшін! Бәрі де майдан үшін!» деген
болатын.
1942 жылы Сталинград түбінде қиян-кескі шайқас басталды.
Халқымыздың бірлігінің арқасында 1945 жылы 2-мамырда Қызыл Армия
Берлинді толық басып алды.
Аллаға шүкір, соғыс аяқталып, майданға аттанғандар елініе оралды.
Бірақ, оралмағаны қанаша? Соғыстың бізге жеткізген зардаптары қаншама?
Осы аты өшкір сұм соғыстың салдарынан балалар әкелерінен, апа-
жеңгелеріміз жарынан, ата-әжелеріміз бауыр еті баласынан айырылды.
Қабырғалары қайысып, жүректері қан жылады.
Ұлы Отан соғысы...Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі
мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгі қалатын күн.
Мен Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлына ризамын. Қазақ елінің
тыныштығын тілеп тәуелсіздігін алып берді. Қазақ деген елдің атын
танытты. Майданда елі үшін жан берген адамдардың тілегі бір еді.
Елін, жерін қорғап қанын төккен аға-апаларымызға мың алғыс!
Жеңістің 70 жылдығына орай барша халқымды құттықтаймын. Осы күнге
жеткізген Соғыс Ардагерлеріне рахмет. Жеңіс күні жыл сайын тойлансын.
Ешкім де, еш нәрсе де ұмытылмақ емес.
Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и
средних учебных заведений на патриотическую тему,
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне
49
Түгел Оразгүл
8 сынып, Қызылтөбе лицейі
Мұңайлы ауданы Маңғыстау облысы
Ер есімі – ел есінде
Отан өз батырларымен бай. Ұлы Отан соғысына мыңдаған ер
азаматтарымыз қатысты. Көбісі майданда қаза тапты. Сол қанды кезеңді еске
түсіріп, елестететін газет-журнал материалдары немесе радиотелехабарлар,
кинолар аталар ерлігін мақтаныш тұта бізге жеткізеді. Ер азаматтарымыз
соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқасып, ерліктің сан үлгісін
көрсетті. Біз оларды ешқашан ұмытпаймыз. Солардың жанымен, қанымен,
көз жасымен, күшімен, ерлігімен келген жеңістің таңбасын басқан күн – Жеңіс
күні біз үшін аса қымбат. Жауынгерлеріміз Ұлы Отан соғысындағы Ұлы
Жеңіске ештеңеге тең келмейтін ғажап күшпен жетті. Ол күш – әрине,
«бірлік». Қаншама халық бір тудың астына бірігіп, күштерін бір арнаға
тоғыстырды.
Ұлы Жеңіс күні – одақтас болған он бес мемлекеттің ортақ мерейтойы.
Сол топта біздің қазақ жауынгерлері де бар.
Қазақ халқы – ел басына күн туғанда жанын берген жауынгер халық.
Ұлы Отан соғысы туралы деректерге сүйенсек, қазақ ерлерінің әрқашан алғы
шепте болып, қан майданның қақ ортасында қаймықпай соғысқанына ашық
көзіміз жетеді. Оған мысал, шайқас алаңдарында өшпес ерлік жасаған, бес
жүз қазақтың Кеңес Одағының батыры атағын алуының өзі-ақ жеткілікті. Бұл,
әрине, тек еленгені ғана. Басқаны кемсітер ойымыз жоқ, бірақ бір Бауыржан
Момышұлын айтсақ та жетеді. Ол – Ұлы Отан соғысында Москва түбіндегі
шайқаста ерен ерлігімен көзге түскен әскери қолбасшы. Бауыржан
Момышұлының есімі, ерлігі жадымызда мәңгі қалып, өнегесі болашаққа күш,
қайрат, рух береді. «Ер есімі – ел есінде» демекші, бізге жарқын болашақ,
бақытты ғұмыр сыйлаған батырларымыздың ерлігі ешқашан
ұмытылмайды. Ер-азаматтар – отбасының тірегі, елінің қорғаны. Осы ерлердің
арқасында еліміз тыныш, бейбіт өмір сүріп жатыр. Халқымыз: «Ер жігіт елі
үшін туады, елі үшін өледі», «Ер барда ел қор болмас»-деп, тегін айтпаса
керек. Ұлы жеңіс құтты болсын!
Юсупов Еркін
6 сынып, А.М. Горький атындағы мектеп-лицейі
Форт-Шевченко қаласы Түпқараған ауданы Маңғыстау облысы
Жетекшісі: Шопанова А. И.
Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и
средних учебных заведений на патриотическую тему,
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне
50
Тарихта қалаған Ұлы күн
Ұлы Отан соғысы... Бұл сол кездегі қазақхалқының ержүректілігі мен
төзімділігін паш ететін, тарихта қалатын күн. Осы күнді соғыста ерлік
көрсеткен ардагерлер тойлайды. Қазіргі кезде уақыт өткен сайын осы
ардагерлеріміз дүниеден өтіп жатыр. Яғни азайып барады. Ұлы Отан
соғысының еске түсіретін оның таңбасы – 9 мамыр Жеңіс күні. Бұл күннің
толғағы ащы болғанымен, туғаны бір қазақ халқы үшін қуаныш болған күн.
Сондықтан да бұл Ұлы мереке.
Халқымыздың ең ауыр және қайғылы кезеңі, ол-Ұлы Отан соғысы. 1941-
1945 жылдары еліміздің барлық ер азаматтары соғысқа аттанды. Тек
жарамсыздары ғана елде, туған жерде қалды. 4 жыл дегенде сұрапыл соғыс
бітіп, батыр бабаларымыз қайта оралды. Бірақ, түгел емес... Оралғандардың
кейбіреулері мүгедек немесе сал болып оралды. Қанды да қайғылы, сұрапыл
соғыс біткеннен кейін, жеріміз жайнап, ажарлана түсті. Бүгінде осы Ұла Отан
соғысына 70 жыл толып отыр. Отаны, елі, туған жері үшін кеудесін оққа
тосқан Әлия мен Мәншүк секілді апаларымыз, Бауыржандай ағамызды әлем
қаһарманы деп атасақ та артық болмас еді.
Біз Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңіске ештеңе теңеспейтін ғажап
күшпен жеттік. Ол күш – «бірлік». Осы бір күштің арқасында ата-
бабаларымыз бізге кең байтақ жер қалдырды. Бізге осы қазақ даласын қорғап,
еліміздің көркеюіне үлес қосуымыз керек. Ата-бабаларымыз ойлаған
арманына елімізді жеткізуіміз қажет. Қазақстанның көркейіп, жайнауына үлек
қосып, салт-санамыз бен әдет-ғұрпымызды сақтап, еліміздің абыройлы
патриоты болайық!
Достарыңызбен бөлісу: |