Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и
средних учебных заведений на патриотическую тему,
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне
1
Маңғыстау облысы
Асылбекқызы Салтанат ............................................................................................................................... 2
Әріу Ырысбек ............................................................................................................................................... 4
Бақтығали Әсемай ....................................................................................................................................... 6
Бақытжанова Әсем ...................................................................................................................................... 9
Бақытова Әсел ........................................................................................................................................... 11
Берекетова Эльмира ................................................................................................................................. 12
Доғдырбайқызы Дилназ ........................................................................................................................... 15
Досмұхамбет Толқын ................................................................................................................................ 17
Дүйсенов Еділбек ...................................................................................................................................... 18
Жайлымысова Гүлжазира ......................................................................................................................... 20
Жексенбай Айым ....................................................................................................................................... 22
Жұмашев Айзат .......................................................................................................................................... 24
Иманғалиев Дархан ................................................................................................................................... 26
Кенжеғұл Айтқали ..................................................................................................................................... 28
Маратов Аманбек ...................................................................................................................................... 30
Мешитбаева Мадина ................................................................................................................................ 33
Молдабекова Айзада ................................................................................................................................ 35
Молдағали Жайна .................................................................................................................................... 37
Мұханбетов Бекберді ................................................................................................................................ 38
Оңдабаева Әмина...................................................................................................................................... 39
Сейілханова Назерке ................................................................................................................................. 42
Семендерова Гүлшат ................................................................................................................................. 44
Тәженова Айгерім ...................................................................................................................................... 45
Төлегенова Аружан ................................................................................................................................... 47
Түгел Оразгүл ............................................................................................................................................. 49
Юсупов Еркін .............................................................................................................................................. 49
Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и
средних учебных заведений на патриотическую тему,
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне
2
Асылбекқызы Салтанат
5 сынып, Опорный орта мектебі, Бейнеу ауданы
Маңғыстау облысы
Жетекшісі: Жолдасқали М.
Желбіре, Жеңіс жалауы!
Жер-дүниені дір сілкінткен соғыс өртінің сөнгеніне биыл 70 жыл толып
отыр. Елімізге зор ауыртпалықтар әкелген Ұлы Отан соғысының зардабы
тимеген шаңырақ жоқ десе де болады. Бұл соғыстағы жеңісте қазақ халқы
талай боздақтарынан айырылды. Әкелеріміз бен ағаларымыз қан майданда
толарсақтан саз кешіп, жанкешті қаһармандылығымен басқа ұлттар алдында
өздерінің ерлігін көрсете білді. Соғыстың алғашқы сәттерінен-ақ,
қазақстандық жауынгерлер Бөгенбай мен Қабанбайдың, Наурызбай мен
Райымбектің, Махамбет пен Исатайдың ұрпақтарына лайық ұрыс салды.
Ажалда қасқайып қарсы тұрған қаһармандарды басқалар еріксіз мойындауға
мәжбүр болды. Бауыржан мен Төлеген, Нүркен мен Талғат, Рақымжан мен
Қасым, шығыстың қос жұлдыздары Әлия мен Мәншүк сынды ерлер халқының
батыр екендігін дәлелдеді.
Соғыс зардабы туралы сөз етсек, өрімдей он сегіз бен қылшылдаған
қырықтың арасындағы азаматтардың Отан үшін арпалысқа түскені еске
түскенде, жаныңды қоярға жер таба алмайсың. Үйлі-баранды болып, бала
сүйетін шақтарында арманда кеткен боздақтар көп болғандығы өкінішті-ақ.
Жыл өткен сайын соғыс ардагерлерінің саны азайғанмен олардың жасаған
ерлігі бүгінгі ұрпақ санасында мәңгі қалмақ. Жеңіс! Уақыт өткен сайын
аталарымыз сыйлаған Жеңістің маңызы артып келеді. Олар көрсеткен
ерліктері бүгінгі ұрпаққа өнеге. Отансүйгіштік қасиет әркезде де қастерлеуге
тұратын қасиеттердің бірі. Осы ұғым біздің үлкен құндылығымыз болуы
керек деп ойлаймын. Тек майданда ғана емес, тылда жұмыс істегендердің де
еңбегін жоғары ілтипатқа лайық. Себебі олар соғыс кезінде майдан шебіндегі
солдаттармен бірдей қиыншылық көрді, бірдей азап шекті. Ашаршылық пен
ауыртпалықты бастан кешкен олар да Жеңісті жақындатуға көп үлес қосты.
Таңның атысынан күннің батысына дейін тізе бүкпей жұмыс істеген сол бір
қайратты да қайсар жандарға да бүгінгі ұрпақтың ризашылығы шексіз болса
керек.Үлкен қауіп пен қатер, қайғы мен қасірет төнген сол бір ауыр уақытта
біздің халқымыз сыннан сүрінбей өтті. Оттан да ыстық Отан үшін от кешкен
майдангерлер өшпес ерлік көрсетті. Бұл тарихқа алтын әріптермен жазылды.
Олардың қаһармандық өнегесі бүгінгі жас ұрпақтың жадында мәңгі
сақталуы тиіс.
Отаншыл болу – ең алдымен өткенді білу. Осынау қойнауы қазынаға
толы байтақ даланың әр пұшпағын бабаларымыз ақ найзаның
ұшымен, білектің күшімен қорғағанын ұмытпау – парыз. Отан сенің
Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и
средних учебных заведений на патриотическую тему,
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне
3
отбасыңнан, аядай ауылыңнан, сол жердің тасынан, суынан, топырағынан
басталады. Қазақ жері – киелі, қасиетті. Оны малмен, ақшамен, алтын-күміс,
асыл тастармен бағалауға келмейді.
Отаншыл болу – ұлтжанды болу. Ұлтсызда Отан жоқ. Болмақ емес. Ата
салттың қадіріне жетпеген, ана тілін ардақтай алмаған бозөкпе отаншыл
болып жарытпайды. Қай жерде «қарны тоқ, көйлегі көк» болса, сол жерді
жайлы мекен санайды.
Отаншыл болу – бір-біріңе бауырмал болу. «Жақыныңды жаттай сыйла,
жат жанынан түңілсін» дейді дана халқымыз. «Біріңді қазақ, бірің дос,
көрмесең, істің бәрі бос» дейді кемеңгер Абай.. Ынтымағы жарасқан елді
көргенде, жаудың құты қашады. Бірлігіміз барда тас қамалдай берікпіз.
Қай кезде де азаматтың өз Отаны алдында парызы болады. Азаматтың
қасиетті борышының бірі – Отан алдындағы парызын өтеу. Кез келген адам
бейбіт заманда да Отанын қорғай алады. Ол дегеніңіз қолға қару алу емес, өз
Отаныңның білімді, өркениетті, салауатты перзенті бола алу. «Отан үшін отқа
түс, күймейсің» деген екен батыр Бауыржан Момышұлы. Ол – Отан үшін
еткен еңбектің ешқашан зая кетпейтіндігі.
Халқымызда «Ерім дейтін ел болмаса, елім дейтін ер қайдан болады»
деген мақал бар. Жастар өз Отанының нағыз патриоты бола алу үшін үлкендер
де өз соңынан ерген ұрпақты дұрыс тәрбиелеуі керек. «Отаным маған не
бересің деп емес, Отаным, мен саған не бере аламын?» деп өсу керек. Сонда
елімізде әрқашан да бейбітшілік болады. Себебі, ертеңгі елдің тізгінін ұстар
азаматттар білімді болса, олар барлық қиыншылықтарды ақылмен шеше
алатын болады.
Соғыс кезінде қаншама жастар қыршынан қиылды. Олар Отан үшін
жанын пида етті. Ал олардың әрқайсысының анасы, баласы, сүйген қыздары,
үлкен-үлкен армандары бар еді. Бірақ олар елге қауіп төнген кезде барлығын
да құрбан етті. Жап-жас болса да Отанын қорғап жатып жан тапсырды. Бұл –
шынында да ерлік болатын.
Майдан шебінде жанын пида еткен жауынгерлер мәңгі есімізде қалады.
Отан үшін отқа түсіп, Жеңіс сыйлаған ардагерлерге тағзым етеміз. Сұрапыл
да жойқын соғыста қыршынынан қиылған жауынгерлер есімі ел есінде мәңгі
сақталады.
Осынау жалғыз ауыз сөзде қаншама терең мағына жатыр. Кез келген
істің, қандай күрестің де басты мақсаты жеңіске жету болғанымен, кешегі Ұлы
Отан соғысындағы үлкен Жеңістің орны айрықша бөлек. Оған жету үшін
қаншама халық жан алып, жан беріскен шайқастарға толы ұзақ та ауыр жолдан
өтіп келді. Зарықтырып, сағынтып жеткен ол Жеңісті жақындата түсуге
майданның алдыңғы шебінде от пен оқтың ортасында болған
майдангерлермен бірге тыл еңбеккерлері де, майдан даласынан шалғайдағы
қарттар мен әйелдер де, буыны бекіп, бұғанасы қатпаған балалар да үлес
Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и
средних учебных заведений на патриотическую тему,
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне
4
қосқан. Ол сонысымен де қастерлі, қасиетті саналады. Биыл міне, сол Жеңіс
күні елімізде жетпісінші рет атап өтілгелі отыр.
Бұл сұрапыл майданда қаншама миллион адамның өмірі қыршынынан
қиылды. Осынау қанды қырғынға Қазақстаннан 1 млн. 366 мыңға жуық адам
қатысты. Өкінішке қарай, олардың тең жартысы туған жеріне қайтадан
оралмады. Сондықтан да Ұлы Жеңіс мерекесі тек қана Қазақстан үшін ғана
емес, бейбітшілікті сүйетін барша халыққа ортақ.
Иә, оқ пен отсыз өткізген 70 жыл бізге тегін келген жоқ. Қанмен, көз
жасымен келгенін бүгінгі ұрпақ жақсы сезінеді. Құдайға тәубе жеңімпаз
ұрпақтың өкілдері қазір де арамызда жетерлік. Осыдан жетпіс жылдай уақыт
бұрын олар өмірлерін тәуекелге тігіп соғысқа аттанса, бүгін қуанышты
тойлауға, мерекелік шеруге асығуда. Жеңіс бізге ерен ерлік пен еңбектің
арқасында келді. Бір-ақ арманы болды. Ол – Жеңіс болатын. Олар бір-ақ күнді
асыға күтті. Ол – Жеңіс күні еді.
Әріу Ырысбек
9
сынып, №4 орта мектебі
Мұнайлы ауданы Маңғыстау облысы
Ерлер – жердің қорғаны, елдің тұтқасы
Атадан жақсы ұл туса,
Елінің туы болады.
Атадан жаман ұл туса,
Көшінің соңы болады.
Қазыбек би
Қазақ халқы – тағдырдың бұралаңы көп жолдары мен ғасырларға
созылған қиыншылықтарын басынан өткерген, тауқыметін тартқан ел. Ал,
бүгінгі күні тәуелсіздікке қол жеткізген егеменді ел. Бұл бізге оңайлықпен
келген жоқ. Бұл – Құдайдың бізге берген сыйы да, бағы да емес. Бұл – ата-
бабаларымыздың «ұрпағым, елім, жерім»- деп, төккен тер мен қанды
қырғында мың өліп, мың тірілген айқасының жемісі.
Егеулі найза қолға алып, еңку-еңку жер шалып, ел қорғаған батыр
бабаларымыз бен аналарымыздың бізге қалдырған аманатындай туған елімізді
қорғау, нығайту – әрбірімізге парыз.
«Елің үшін отқа түс – күймейсің» дегендей, туған елінің бостандығы,
жерінің азаттығы үшін күрескен әр замандағы ардақты ерлерін туған елі
ешқашан ұмытқан емес, ұмытпақ та емес.
Қазақ халқына тыным бермеген жоңғар басқыншыларына қарсы елін
бастап, ерлікпен соғысқан Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай,
Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и
средних учебных заведений на патриотическую тему,
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне
5
Шапырашты Наурызбай бастаған батырлардың, Әз Тәуке, хан Абылай,
Кенесары сынды хандардың туған елі үшін бастарын бәйгеге тіккен ерліктерін
бүгінгі ұрпақтары, біздер мақтаныш етеміз, бабалар рухынан қуат аламыз.
Ата-бабаларымыз ел тұтастығын ойлап, туған елінің қай шетіне жау
тисе, сол жерге алыстан ат арытып көмекке барғаны тарихтан белгілі. Мысалы,
Арғын Ағынтай батыр Алатаудағы Үйсін Қарасай батырға көмекке барса,
Кіші жүз батырлары Қабанбай батырмен бірге Алтай тауларында жаумен
соғысқан. Ағынтай мен Қарасайдың қасиетті Айыртау жерінде қатар
жерленуі, Қаракерей Қабанбайдың Астана маңында мәңгілік дамылдауы –
түптің-түбінде ел бірлігін ойлағандықтан болса керек.
Қазақ халқы шұрайлы жерінен айырылып, көкірегін шер, көзін шел
басқан, мал-жаны талан-таражға түскен кезде халқы үшін басын бәйгеге тіккен
ерлеріміздің бірі - Абылай ханның ұрпағы, ұлт-азаттық көтерілісінің қаһарман
қолбасшысы Кенесары болды. Ол бірден көтеріліске шығып, халық мазасын
алған жоқ, ойланды, толғанды. Патша үкіметіне бірнеше рет хат жолдады,
халықтың «босқындарға» айналмауын талап етті.
Бірақ, қаншама тыныштыққа, «достыққа» шақырса да патша үкіметі
қанауды тоқтатпады. Халық жырларында Қобыланды, Ерсайын, Тарғын,
Қамбар, Баяндардың өз халқының елдігін қорғап жорыққа шыққаны
жырланады ғой, сол сияқты Кенесары да көтеріліске шықты. Дегенмен халқы
үшін жасаған көтерілісін тарих талай саққа салғанын тарихтан да, халық
жырларынан да оқыдық. Кенесарыны хандықты көкседі дегенді де, хан Кене
туралы көркем туындылар жазғандарды жер-жерге қудалағанды да оқыдық.
Қазақ елін талан-таражға салып, қыз-келіншектерін қорлаған,
ауылдарын өртеген, ежелгі атамекен жайлауын, өрісін қылыш сілтеп тартып
алған патша үкіметінің озбырлығына қарсы Кенесарыдай беделді, білікті,
намысты, табанды адамдар қол жинап шықпағанда, кісі есігінде жүрген қандай
адам атқа ер салар еді?!
Қазақ халқы елін қорғаған, жерін жауға бермеген батырларын әрқашан
ардақ тұтады. Ұлы Отан соғысы кезінде жауынгер ұлдарына сол кездегі
Қазақстанды басқарып отырған Ж.Шаяхметов атамыздың: «Сіздерді, қазақ
жауынгерлері, Сырым Датовтың, Кенесары Қасымовтың әруағы желеп-
жебесін» деп батагөйлік жасағанын жасы үлкен ағаларымыздан естіген едім.
Халқымыздың біртуар ұлы, ержүрек қолбасшы, жазушы, Қазақстанның
Халық Қаһарманы Бауыржан Момышұлы атамыз – өз өмірімен кейінгі
ұрпаққа үлгі болар ірі тұлға. Жиырма жылдық өмірін әскер қатарында өткізген
Бауыржан атамыз екінші дүниежүзілік соғыс кезінде атақты генерал
И.В.Панфиловтың сегізінші гвардиялық дивизиясында рота, батальон, полк,
кейін дивизия командирі қызметін атқарып, неміс – фашист басқыншыларына
соққы беріп, батальонды бірнеше мәрте жау қоршауынан алып шықты.
Атамекен жер үшін,
Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и
средних учебных заведений на патриотическую тему,
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне
6
Қасиетті ел үшін,
Әзиз ана, қарт ата,
Ботакөз сұлу қарындас
Күң, құл болмасын,
- деген жыр жолдары арқылы жауынгерлерге рух беріп, ерлік істерге
шақырды. Кейіннен атақты орыс жазушысы Александр Бек батыр атамыздың
ерліктері жайлы «Волокаламск тас жолы» атты романын жазып, көркем
туындыдан ескерткіш орнатты.
Ел үшін шайқаста ерліктерімен ел есінде қалған Талғат Бигелдинов,
Төлеген Тоқтаров, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Исатай Сүйеубаев
сынды аға-апаларымыздың жолын ХХ ғасырдың 80-90–жылдары Қайраттай
қайсар ұлдарымыз бен Ләззаттай жігерлі қыздарымыз жалғастырып,
«тәуелсіздік жақын» деген алғашқы қоңырауды соғып өтті.
Бабаларымыздың, аталарымыздың, отарлау саясатының салдарынан
талай аға-апаларымыздың ел бірлігі, тәуелсіздігі жолында қиындықтарды
басынан өткізіп, жазықсыз жазаланғандарын естігенде, оқығанда ақын
Мұқағали Мақатаевтың мына бір шумақтары еске түседі:
Ой-хой, қазақ даласы, не көрмедің!?
Қанша қурап, қаншама көгермедің!?
Қорқыт Ата қобызымен боздаттың ғой,
Асанның шерге толы өлеңдерін.
Ой-хой, қазақ даласы, не көрмедің!?
Енді ғана есін жинаған елімнің ертеңі жарқын, несібесі мол болады,
бабаларымыз аңсаған, қаны мен жанын беріп қорғаған, армандаған атамекенін
ұрпағы ешкімге бермейді деп сеніммен айта аламын.
Бақтығали Әсемай
11 сынып, №1 Т. Әлиев атындағы орта мектебі
Жаңаөзен қаласы Маңғыстау облысы
Жетекшісі: Уразалиева Г. М.
Ұлы Жеңіске – 70 жыл
Мен-қазақпын, биікпін, байтақ елмін,
Қайта тудым, өмірге қайта келдім
Мен мыңда бір тірілдім мәңгі өлмеске,
Айта бергім келеді, айта бергім!
Ж. Молдағалиев
Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и
средних учебных заведений на патриотическую тему,
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне
7
Ғасырлар шеңберінде адамзат баласының сан қилы тағдыры, сан қилы
тарихы жатыр. Сол тарих пен тағдырдың тамырлас тұсы да адам баласының
өмірін сан тарапқа таратты. Расында, тарих- ол оқиға, ал, адам – сол оқиғаның
кейіпкерлері. Тарих бетінің әрбірінде адам бейнесінің сан қырлылығы
байқалады. Тағдыр.... оны өзгерту әсте адам баласының құзіретіне кірмейді...
тек оны көре білу, сезе білу ғана адам жанына тән. Кейде тағдырдың
тоғысында қалған қаншама өмір бейнесін көруге болады. Сонда ғана тарихтың
аяусыз тағдыр мен қуанышқа толы өмірге куә болатындығын түсінеміз.
Аяусыз өмір! Сұм өмір! Тарихтың беттерінде адамның қаны мен ызаға
толы көз жасымен жазылған. Оны естен шығару немесе елемеу мүмкін емес.
Себебі, онда қаншама адам жанының шырылдаған ащы зары естіледі. Тарих
осының бәріне де куә. Бәлкім, содан да болар тарих адам – тамыры, өсу де,
өшу де соның құдіреті.
Қазақ үшін, қазақ даласы үшін – тарих мәңгілік асыл мұра. Ұлт үшін
кеудедегі намыс пен жігерді жасытпай, ұлы дала үшін бойындағы қасық қанын
судай ағызған боздақтардың іздері жатыр бұл далада.
Қаншама қазақ пен «Отан» деген киелі ұғымды жүрек түкпірінде жалау
еткен ерлердің де сол ерен еңбегіне тарих өз есебін берді. Тұп-тура жетпіс!
Жетпіс жыл, қазақ үшін зор нәубет жылдарының қараңғы түнегін азаттық пен
жеңістің арайлы ақ таңы алмастырғанына. Сол жетпіс жыл ішінде қазақ
даласында ат дүбірі аяңдап, тыныштық тұрақтағалы. Ол – қазақ үшін ұлы той.
Қан сасыған майданның сұрықсыз кейпі жайлаған сол жылдарды қазақ әлі
естен шығара қойған жоқ. «Атамекен жері үшін, қасиетті елі үшін, болмай
қалар кім батыр?!» Бауыржан атамның айбарлы осы сөзі соның дәлелі болар.
Сол бір қатігез соғыстың шырмауында ұлықтап өсірген намысты ер де,
қылықты ғып өсірген ерке қыздарымыз да, ауыр жұмыс теперішіне іліккен ару
аналарымыз да, тіпті сол даланы ащы зарымен өгейсіткен заман көрінісін
сезген сәби де қалды. Сол бір сұрапыл жылдардың естеліктері қазақ даласында
қаншама батыр ұл-қыздың ерлік істерін өн бойында нәріндей сақтап тұр. Қазақ
даласының қай бұрышына, қай түкпіріне үңілсем де, сол боздақтардың
бейнесін көргендей әсер қалады. Асқар таулардың құзар шыңдарына көз
жүгіртсем, бейне бір сол шыңдардай биік, асқақ, көкке тіреліп аспан мен жер
арасының тірегіндей көрінетін сол бір көрініс Бауыржан атамды, оның қазақ
үшін сол таудай тірек болғанын көргендеймін. Ал, дала көркін бұралып
билеген ерке қылығымен нұрландырып тұрған қызғалдақ гүлдеріне қарасам,
шіркін....Әлия мен Мәншүк...осы гүлдердей бейқам, сұлу бейне елестейді. Кең
даланы жарыса шауып, ойнақтап жүрген асау тұлпар да соғыс үшін аттанған
бабаларымның бейнелерін мәңгі ұмытпастай етті.
Мен істедім дегенше,
Мың істеді дегенше,
Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и
средних учебных заведений на патриотическую тему,
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне
8
Ер істеді десеңші.
Ер істеді дегенше,
Ел істеді десеңші.
Иә, бұл бір ғана ердің намысын кернеп, Отанына деген адал да
сүйіспеншілік сезімі арқасында оянып, бүкіл қазақ жұртын аяқтан тұрғызып
Жеңіске жетелеген сын. Соғыс – халықтың күш қуаты, ерлік жігерін сынайтын
ұлы емтихан. Ел дегенде езіліп, жұрт дегенде жұмыла қызмет еткен бауырлас
халықтардың ортақ қайғысы, ортақ жеңісі. «Ұлы Отан соғысы»... бұл сөздің
ұлылығы да сонда, онымен мәндес, онымен тамырлас бір ғана сөз бар, ол –
«бірлік». Қазақ үшін бәлкім, оның құдіреті асқан байлықпен пара пар болуы
да содан болар, ол – мүддесі, мақсаты бір халықтардың Отан жолындағы ұлы
парызы.
Қазақ атам «Ел қадірін білмеген, ер қадірін білмейді» дейді. Осынша
дүрбелең замана көшінде қалып, елдік те, ерлік те сынға түсер тұста
бабаларымның кіндік қаны тамған атамекенді бойындағы жаны кеудені жарып
шыққанша жан қиярлықпен қорғағаны қазіргі ұрпақтары үшін шексіз бақыт
сыйлап кетті. Төгілген қан, аяусыз жазаға ұшыраған солдат, бір мүшеден
айырылып, мүгедек болған жан, елге сүйегі де жете алмай қызыл қанға
боялған жат жұртта арманда кеткен жауынгер.... Отан жолында ерлікпен өлген
ерлерде арман бар ма екен?! Олардың есімі ел есінде, тарих жадында. Қазірде
сол боздақтар қатары сиреп бара жатқан сайын, сұрапыл соғыс естеліктері де
өшіп бара жатқандай.
«Қадірін білмеппіз ғой тірі кезде»-
Деп жылар сорлы қазақ мен өлгенде.
Ұрпақ атар сексен мен жүздігімді,
Тарихтың түкпірінен сөз келгенде,
- деп қазақтың маңдайына біткен жарық жұлдызы Бауыржан
Момышұлы күңіренгендей, ерлердің қадірін олар тірісінде ұлықтап өту де
ұрпақ үшін олар жасаған ерлікпен тең дүние. Батыр бабалары- мызды шаң
басқан архив түптерінен емес, қара жазумен айшықталған кітап беттерінен де
емес, жүрек түкпірінен тани білуіміз керек. Бүгінгі шырайлы тұрмысыңа көз
салсаң болды, олардың осы жолда қандай құрбандыққа барғанын ешбір
дерексіз тануға болады. Бойдағы қан, жүректегі намыс та олардың бізге аманат
еткен сарқылмас қазынасы. Ұрпағы жолында толарсақтан саз кешіп, етегінен
су кешіп жүріп тапқан ұлы байлығы– Жеңіс туы, Жеңіс күні, Жеңіс рухы . Әлі
де болсын ащы дауыс, соғыс зары даланы көмкеріп тұрса да, бүгінгі ұрпақ оны
естімейді, себебі, бабаларының қайсар рухы мен жігерлі қадамдары оны Жеңіс
әнімен алмастырды.
Достарыңызбен бөлісу: |