Бала туудың арнайы жиынтық коэффициенті деп 15-49 жас аралығында бала тууға қабілетті əрбір əйелдің орта есеппен қанша бала туатындығын сипаттайтын көрсеткіш. Оны анықтау үшін əрбір жастық топтағы (15-19, 20-24 , т.с.) əйелдердің туу коэффициенттерін 5-ке көбейтіп, шыққан сандық мəндерінің қосындысын 1000 бөлеміз немесе мына формула арқылы есеп- тейміз:
⎛49 ⎞
KT . Ж ⎜⎝KTx y 5 ⎟:1000 ,
15 ⎠
-кесте. Туудың жас коэффициенттері1)
Аналардың жас топтары
|
1000 әйелге шаққандағы туғандар саны,%0
|
2005
|
2006
|
2007
|
2008
|
2009
|
2010
|
15-49 жастағылар
|
64,7
|
64,1
|
73,2
|
80,7
|
80,4
|
79,9
|
15-19
|
26,7
|
26,0
|
29,3
|
31,3
|
31,0
|
28,2
|
20-24
|
139,4
|
140,2
|
146,5
|
158,2
|
156,1
|
146,6
|
25-29
|
132,8
|
133,2
|
147,6
|
160,5
|
157,0
|
155,6
|
30-34
|
87,1
|
87,2
|
101,8
|
112,0
|
110,0
|
111,5
|
35-39
|
45,9
|
46,1
|
55,9
|
60,7
|
60,5
|
62,5
|
40-44
|
10,2
|
10,6
|
12,8
|
14,9
|
15,2
|
16,1
|
45-49
|
0,5
|
0,5
|
0,6
|
0,7
|
0,7
|
0,8
|
Арнайы жиынтық коэффициенті
|
2,2
|
2,4
|
2,5
|
2,7
|
2,6
|
2,6
|
Брутто коэффициенті
|
1,074
|
1,171
|
1,220
|
1,318
|
1,269
|
1,269
|
Нетто
коэффициенті
|
1,037
|
1,141
|
1,184
|
1,283
|
1,232
|
1,232
|
1). Стат.анықтама «Қазақстан 2010 жылы». - Астана, 2011. - 23- б.
мұнда,
KTx y
əр жастық топтағы туу коэффициенті;
5-топтық деңгей аралығының айырмасы.
Республика бойынша 2009 жылы бұл көрсеткіш орта есеппен бір анаға шаққанда 2,6 баладан келді, соның ішінде қалада-2,1, ауылда-2,9 демек, бала тууға қабілетті 15-49 жас аралығындағы əрбір əйел өмірге орта есеппен үш баладан алып келген деген ұғым.
Осы есептелінген туудың жиынтық коэффициентін (2,6) туғандар арасындағы қыздардың үлесіне (48,8%) көбейтетін болсақ, онда қазіргі кездегі туу деңгейі сақталғанда бала тууға қабілетті 15-49 жас аралығындағы əрбір əйелдің ғұмыр бойы- на туатын қыз балаларының орташа саны шығады немесе оны халықтың ұдайы өсіп-өнуінің брутто-коэффициенті деп атайды жəне оны мына формула бойынша есептейді:
мұнда,
KT .
туудың брутто коэффициенті;
KT . Ж туудың жиынтық коэффициенті;
туған балалар арасындағы қыздардың үлесі (48,8%). Халықтың ұдайы өсіп-өнуінің нетто-коэффициенті деп жа-
сына қарай туу мен өлімнің осы кездегі деңгейінде анасының оларды туғандағы жасына дейін өмір сүрген бір əйелдің ғұмыр бойына туған қыз балаларының орташа санын айтады жəне оны есептеу үшін мына формуланы қолданады:
49
KТ .Н КТх у Lx
15
немесе KТ .Н КТ .б Lx ,
мұнда,
KТ .Н
туудың нетто-коэффициенті;
туған балалар арасындағы қыздардың үлесі;
KTx y əр жастық топтағы туу коэффициенті;
Lx өлім кестесі бойынша өмір сүруші əйелдердің саны;
KT .
туудың брутто-коэффициенті.
Зерттеуге алынған уақыт кезеңі ішінде,яғни 2005-2009 жылдар аралығында республика бойынша 1616,7 мың бала дүниеге келсе, 768,2 мың адам қайтыс болған. Өлім-жітімнің негізгі себептерін жеке қарастыратын болсақ, онда орта есеппен əр жылдары 46- 52%-қан айналымы жүйесінің ауруларынан, 12-14%-жазатайым оқиғалардан, уланудан жəне жарақаттанудан, 11-13%-қатерлі ісіктерден қайтыс болады.
Халық статистикасы туғандар мен өлгендердің арасындағы қатынасты да қарастырады. Демек, мұнда бір өлген адамға шын мəнінде, қанша тірі туылғандардан келетіндігін сипаттайтын көрсеткіш. Оны статистикада орыс ғалымы Покровскийдің өмір сүргіштік индексі немесе коэффициенті деп атайды жəне есептеу үшін туғандарды өлгендердің санына бөлу керек, яғни мына фор- мула бойынша есептейді:
Т 1000
K
n
немесе туу коэффициентін өлу коэффициентіне бөлеміз:
КТ 1000 .
K n
К
Халық статистикасында өлімді зерттеу кезінде негізгі бір көрсеткішке жататыны нəрестелік өлім-жітім, яғни тірі туыл-
ғандардың ішінде бір жасқа дейінгі шетінеген балалардың дең- гейін анықтау болып табылады жəне оны берілген деректеріне байланысты бірнеше тəсілдермен есептейді.
Егер жыл ішінде тірі туылғандар мен соның ішінде 1 жасқа дейінгі шетінеген сəбилердің саны берілген болса, онда нəрес- телік өлім-жітім коэффициентін есептеу үшін 1 жасқа дейінгі шетінеген сəбилердің санын туылғандардың санына бөлу керек:
c 1000 ,
K c Т
мұнда, Кс-сəбилердің өлім-жітім коэффициенті;
Өс-бір жасқа дейінгі шетінеген сəбилердің саны; Т-жыл ішінде тірі туылғандар саны.
Бұл формула арқылы есептелген көрсеткіш жуық шаманы сипаттайды. Сондықтан шындықты көрсету үшін көп жағдайда мына формуланы пайдаланады:
⎛0
1 ⎞
⎜c
c
K c
⎟1000
,
⎝T0 T1 ⎠
мұнда, Ө 0-өткен жылы туылғандар ішінде 1 жасқа дейінгі шетінеген сəбилердің саны;
с
Ө 1- осы жылы туылғандар ішінде 1 жасқа дейінгі шетінеген сəбилердің саны;
с
Т о жəне Т 1- өткен жəне осы жылдарда тірі туылған балалардың саны.
Егер өткен жəне осы жылдарда тірі туылған балалардың ішінде 1 жасқа дейінгі шетінеген сəбилердің саны белгісіз бол- са, онда нəрестелік өлім-жітім коэффициентін есептеу үшін мына формуланы қолданады:
Kc 1
1000 .
2
3 TO 3 T1
Соңғы 2005-2009 жылдар аралығында 1 жасқа дейінгі шеті- неген сəбилердің нақты саны мен оның коэффициенті біршамаға өскен. Мысалы, 2005 жылы 1 жасқа дейінгі шетінеген балалар
саны 4213 немесе туылған 1000 нəрестеге шаққанда 15,1%0 бол- са, 2009 жылы бұл көрсеткіш 6516 балаға немесе 18,2%0 -ге дейін артқан. Осы көрсетілген көрсеткіштің негізгі өсуіне мына себеп- тер үлкен əсерін тигізуде, яғни перинаталды кезеңде (жүктіліктің 28 аптасынан бастап бала өмірінің алғашқы жеті күніне дейін) пайда болатын жағдайлар (61,1%), туа біткен ауытқулар (16,3%). Бұл дегеніміз жасқа толмаған жас нəрестелердің 77,4% осы екі аурудың салдарынан қайтыс болатындығы. Демек, кейінгі жылдары бала мен анаға берілетін дəрігерлік көмектің тым төмендегендігі деген ұғымды білдіреді. Халықтың өлімін қарастырғанда өлу себептерінің негізгі жіктеліміне үлкен көңіл бөлінуде жəне оны нақты, қатысты шама ретінде сипаттайды.
Адамдардың өлім-жітім коэффициенттерін себептері бой- ынша есептеу үшін себептері көрсетілген өлгендер санын (Өх)
халықтың орташа жылдық санына S
бөлеміз, бірақ мұның
жалпы өлім коэффициентінен өзгешілігі-1000 адамға шаққанда емес, 100000 адамның есебімен есептеледі.
-кесте. Өлім кестесінің үлгісі
Жа- сы, х жас
|
x жасқа дейін өмір сүре- тін- дер саны
|
x жастан х+1 жасқа ауыса- тын- дар ішінде өлетін- дер
|
Алдағы бір жыл ішіндегі х жаста өлу ықтимал- дығы
|
x жастан х+1 жасқа дейін өмір сүру ықтимал- дығы
|
x жастағы өмір сүрушілер саны
|
Алдағы уақытта өмір сүретін адам-жас саны
|
Орташа өмір сүру ұзақ- тығы
|
х
|
Jx
|
dx
|
q dx
x J
x
|
px
|
dx1
|
L J x J x1
x 2
|
w
Tx Lx
x
мұнда w-жас шегі
|
ex
|
Tx
|
J x
|
J x
|
Халықтың ішінде өлім көрсеткіштерін зерттеу кезінде, олар- дың өлу себептерінің негізгі жіктелімін көрсетіп қана қоймай, сонымен бірге жас бойынша өлу көрсеткішін жеке көрсетеді. Демек, жастық құрамы бойынша өлу коэффициентін анықтайды
немесе оны статистикада өлім кестесі деп атайды. Осыған орай, төменде авторлармен жасалынған өлім кестесінің үлгісі 2.4-кес- теде берілген:
Осы өлім кестесі арқылы республика жəне облыстар бойын- ша барлық халық, соның ішінде қалалық жəне ауылдық, еркек- тер мен əйелдер үшін көрсеткіштер бөлек есептеледі. Демек, бұл кестенің халық өліміне талдау жасауға маңызы өте жоғары болып табылады жəне алдағы уақытта халықтың туғандағы өмірінің орташа күтілетін ұзақтығын анықтауға қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |