Республикасы білім жəне ғылым министрлігі ы. Ə. Əміреев, Ж. Ы



бет83/184
Дата06.01.2022
өлшемі1,16 Mb.
#11524
түріОқулық
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   184
Байланысты:
Әлеуметтік-экономикалық статистика. Оқулық. Оқулық. Оқулық

Амортизация латынның «amortisatin» сөзінен шыққан, қазақшаға аударғанда «өтеу» деген ұғымды білдіреді. Демек, капиталдардың (құрылыс объектілері, үйлер, машиналар, станок- тар жəне тағы басқалар) біртіндеп тозуы жəне олардың құнын өндірілген дайын өнімге немесе көрсетілген қызметке бөлшектеп көшіруі. Мұны көшіргенде негізгі капитал орта есеппен өзінің тұтыну құнын қандай мөлшерде жоғалтса, нақ сондай мөлшерде көшіреді. Бұл экономикалық процестің бір түрі.

Негізгі капиталдардың тозғанын қалпына келтіру жəне олар- ды күрделі жөндеуден өткізуге жұмсалған шығындарды өтеу үшін жинақталған ақшалай қаржыны амортизация қоры деп атай- ды. Бұл амортизациялық жарна түрінде өнімнің өзіндік құнына жатқызу арқылы жүзеге асырылады жəне белгіленген норма бой- ынша ай сайын төленіп отырады. Амортизациялық жарнаның жылдық сомасын есептеу үшін мына формуланы қолданады:



А = ТБҚ- ЖҚ ,

Т

мұнда, А - амортизациялық жарнаның жылдық сомасы;



ТБҚ - негізгі капиталдардың толық бастапқы құны; ЖҚ – негізгі капиталдардың жойылу құны;

Т – қызмет еткен уақыт мерзімі.



Амортизация жарнасы жарамсызданған немесе одан əрі пайдалануға болмайтын негізгі капиталдардың орнын толықтыру болып табылады. Оның бір бөлігі ескірген құралдардың орнына жаңаларын сатып алуға, екіншісі – күрделі жөндеуге жұмсалады. Қазіргі кезде амортизациялық қорды пайдалануда елеулі түзетулер енгізілді, яғни кəсіпорындарда өндірісті дамытуға ар- налған қор жасалынатын болды. Оны құрудың негізгі бір көзі

– амортизациялық жарналардың негізгі капиталдарды толық қалпына келтіруге бөлінетін бөлігі. Бұл кəсіпорынның өзін- де қолданылатын өндіріс техникасын жетілдіруге жəне еңбек

өнімділігін арттыруға, өнімнің өзіндік құнын төмендетуге то- лықтай мүмкіндік беретін көрсеткіш болып табылады.

Негізгі капиталдардың амортизациялық аударым жарна- сы арнайы мөлшерде жүргізіледі. Амортизация мөлшері бірдей болмайды жəне қызмет ету мерзімі мен пайдалану жағдайына қарай бөлшектеніп кетеді жəне оның жылдық мөлшері па- йыз түрінде белгіленеді. Демек, толық бастапқы құнның ішінде амортизациялық жарнаның жылдық сомасының үлес салмағы қанша екендігін көрсетеді. Оны анықтау үшін мына формуланы пайдаланады:



NA

A

ТБҚ

* 100 немесе



ТБҚ – ЖҚ *100, Т*ТБҚ

мұнда,

NA амортизациялық жарнаның мөлшері.

Мысалы, машинаның толық бастапқы құны 300 мың теңге

болды жəне ол 12 жыл пайдаланылды. Ал, оның жойылу құны 27 мың теңге болды. Осы мəліметтерді қолдану арқылы жылдық амортизация жарнасының сомасы мен оның мөлшерін анықтайық:

Жылдық амортизация жарна сомасын есептейік:



А ТБҚ ЖҚ 300000 27000 22750теңге; Т 12

Амортизация жарна мөлшері:

NA

A

ТБҚ

*100 

22750 *100 7,6немесеN 300000 A

ТБҚЖҚ*100 



Т*ТБ

300000 27000 *100 7,6%.

12*300000



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   184




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет