Капиталсыйымдылығы– капитал қайтарымдылығының кері көрсеткіші жəне оны есептеу үшін капиталдардың орташа жылдық толық бастапқы құнын өндірілген жалпы өнімдер құнына бөлгенге тең болады немесе мына формула арқылы есептеледі:
ТБ
сый. Q ,
мұнда, f
сый.
- капитал сыйымдылығы.
Бұл көрсеткіш өндірілген өнімнің 1 (10,100,1000) теңгесіне шаққандағы негізгі капитал құндарының қаншадан келетінін көрсететін көрсеткіш жəне ол неғұрлым төмен болатын болса, соғұрлым пайдаланудың тиімділігін сипаттайды.
Капиталмен жарақтану (қорлану) – мұнда кəсіпорындар мен бірлестіктердегі жұмысшылардың капиталмен қамтамасыздан- дырылғанын көрсететін көрсеткіш. Оны есептеу үшін – негізгі капиталдардың орташа жылдық бастапқы құнын жұмысшылардың орташа жылдық тізімдік санына немесе ең толық ауысымдағы
жұмысшылардың санына бөлеміз, яғни мына формула бойынша анықталады:
Sтіз. – жұмысшылардың орташа тізімдік саны, адам; Sт.а.ж.с.- ең толық ауысымдағы жұмысшылардың саны.
Пайдаланудың тиімділігін есептеу үшін 6.6-кестекөрсет- кіштеріне қосымша мына мəліметтерді келтірейік: жыл ішінде 20000 млн. теңгенің жалпы өнімі өндіріледі, жұмысшылардың орташа тізімдік саны 500 адам, ауысымдағы жұмысшылардың ең көп саны 300 адам болды.