8.2- кесте. Экономикалық қызмет түрлері бойынша қызметкерлердің орташа айлық атаулы жалақысы, теңге1)
жыл басына
Қызмет түрлері
|
2006
|
2007
|
2008
|
2009
|
2010
|
Қызмет түрлері бойынша- барлығы
|
34060
|
40790
|
52479
|
60805
|
67333
|
Ауыл шаруашылығы, аң аулау және орман шаруашылығы
|
14981
|
18811
|
24676
|
31407
|
34171
|
Балық аулау, балық өсіру
|
14585
|
18332
|
25304
|
28894
|
29638
|
Өнеркәсіп
|
41755
|
50223
|
61249
|
74805
|
80909
|
Құрылыс
|
47921
|
55672
|
70778
|
81573
|
89780
|
Сауда
|
33478
|
40221
|
49277
|
59330
|
64146
|
Қонақ үйлер мен мейрамха- налар
|
47433
|
48744
|
56848
|
64382
|
66763
|
Көлік және байланыс
|
49048
|
58861
|
70422
|
83012
|
88211
|
Қаржы қызметі
|
79520
|
97505
|
121568
|
138544
|
135653
|
Жылжымайтын мүлік пен операциялар
|
50464
|
60482
|
78154
|
93557
|
104568
|
Мемлекеттік басқару
|
21160
|
35614
|
45599
|
47276
|
59132
|
Білім беру
|
20326
|
23959
|
31934
|
34454
|
41954
|
Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсету
|
18043
|
21311
|
33059
|
35775
|
45426
|
Коммуналдық, әлеуметтік және дербес қызмет көрсету
|
39058
|
43082
|
52349
|
61369
|
67770
|
Статист. жылнамалық «Қазақстан 2010 жылы». - Астана, 2011. -104 -б .
1993 жылғы Біріккен Ұлттар Ұйымының ұсынысы бойын- ша халықтың табысын зерттеу жəне есепке алу кезінде, мына көрсеткіштер көрсетілді:
бастапқы табыс; қолдағы табыс; жиынтықты табыс;
Енді осы аталған табыстың түрлеріне қысқаша түсініктеме берелік:
Бастапқы табыс (БТ) – оны анықтау үшін үй шаруашылы- ғы мүшелерінің материалдық игіліктері үшін өндіріс процесіне тікелей қатысуы арқылы алған ақшалай табыстарын айтады. Оның құрамына қосымша құнды бастапқы бөлу арқылы алынған табыстар, яғни еңбекке ақы төлеу, аралас табыс, меншіктен түскен таза табыс, пайда мен халықтың тұрғын үйден алған табысы жа- тады.
Қолдағы табыс (ҚТ) – мемлекеттік бюджетті қайта бөлу арқылы салықты төлеу, тұтыну қорынан жеңілдіктерді төлеу, материалдық көмек беру, жеңілдікпен жəне ақысыз қызметтер көрсету жəне т.б. жан басына шаққандағы келетін табыс мөлшері. Қолдағы табыс бір-біріне қайшы келетін екі көрсеткіштен: біріншісі, ағымдағы салықтар мен меншіктерден, əлеуметтік сақтандыру аударымынан, айыптардан, ерікті жарналардан жəне т.б. табыстан төленетін төлемдер, екіншісі, үй шаруашылығының ағымдағы трансферттері мен басқа секторлар тасқынының кездесуінен, яғни əлеуметтік төлемдер (зейнетақы, шəкіртақы, жəрдемақы) сақтандыру сыйақысы мен өтемі, жеңілдікпен
қызметтер көрсету жəне тағы басқалардан құралады.
Үй шаруашылықтарының қолдағы табыстарын былай анық- тауға болады:
ҚТ= БТ + ∆АТ,
мұнда, БТ – бастапқы табыстар;
∆АТ – ағымдағы трансферттер қалдығы.
Ағымдағы трансферттер қалдығы деп басқа экономика секторларынан алынған жəне төленген ағымдағы трансферттер арасындағы айырмашылықты айтады.
Халықтың тұрмыс деңгейі мен еліміздің экономикалық жағ- дайына кешенді талдау жүргізілген болса, онда қолдағы ұлттық табысты макроэкономикалық көрсеткіш ретінде қолдануымыз тиіс. Оны анықтау үшін ұлттық табыс пен ағымдағы трансферт- тер қалдығының қосындысы арқылы есептеледі.
Ағымдағы трансферттер тек ақшалай ғана емес, сонымен бірге заттай түрінде де келіп түсетіндігі. Оны статистикада үй шаруашылығының жəне жан басына шаққандағы жиынтықты та- бысы деп атайды.Үй шаруашылығының жиынтықты табысының құрамына ақшалай жəне заттай нысанында төленген төлемдер, яғни үй шаруашылық мүшелерінің жалақы түрінде алған ақшалай қаражаттарының сомасы, жеке кəсіпкерліктен түскен табыстар, əлеуметтік төлемдер, меншіктен түскен дивиденттер, салым проценттері мен басқа да табыстар жатады.
Жиынтықты табысты есептеу үшін мына формуланы қол- дануға болады:
ЖТ=ҚТ + ƏТ,
мұнда, ЖТ – жиынтықты табыс; ҚТ – қолдағы табыс;
ƏТ – заттай нысандағы əлеуметтік трансферттер.
Халықтың тұрмыс деңгейін зерттеу кезінде ақпараттар алу- дың ең маңызды көзі үй шаруашылықтарын ішінара зерттеу жəне халықтың ақшалай табыстары мен шығыстарының балансы бо- лып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |