Бірінші страта – үй шаруашылықтарының саны 30 мың бірліктен артық ірі қалалардың үй шаруашылықтарын қамтиды.
Екінші страта – үй шаруашылықтарының саны 10 мың бірліктен артық, бірақ 30 мыңнан аз орта қалалардың үй шаруашылықтарын қамтиды.
Үшінші страта – үй шаруашылықтарының саны 10 мың бірліктен аспайтын шағын қалалар мен қала типтес кенттердің үй шаруашылықтарын қамтиды.
Төртінші страта – Алматы қаласының үй шаруашылықтарын қамтиды.
Бесінші страта – Астана қаласының үй шаруашылықтарын қамтиды.
Алтыншы страта – ауылдық елді мекендердің үй шаруа- шылықтарын қамтиды.
Бас жиынтыққа үй шаруашылықтарының барлық типтері кіреді, бірақ ұжымдық тұрғын үйлерде тұратындар, яғни: жатақ- ханалар, қарттар мен мүгедектердің интернат үйлері, балалар үйлері, түрмелер, қонақүйлер, көшпенділер мен баспанасыздар кірмейді.
Республикамызда үй шаруашылықтарын зерттеу бағдарла- масы мынадай құралдармен қамтамасыз етілген:
Үй шаруашылығы құрамының бақылау карточкасы.
Негізгі сұхбатқа арналған жыл сайынғы сауалдама.
Күн сайынғы шығыстарды есепке алу күнделігі.
Тоқсан сайынғы шығыстар мен табыстарды есепке алу жур- налы.
Шығыстар мен табыстар бойынша сұрақтар.
Жоғарыда аталған құралдарға қоса мақсаттарға сəйкес жеке тұтыну жіктеуішінің (классификоторы) негізінде əзірленген та- уарлар мен қызметтер тізбесі қоса беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |