Басқакредиторлық/дебиторлыққарыздар – бұл сау- да несиесі, аванс түріндегі қаржы активтері. Қаржы шотында баланстық бап болмайды.
Тауарлар мен қызметтершоты
Тауарларменқызметтершоты жеке жиынтықты кесте болып саналады жəне ол да басқа шоттар сияқты екі бөліктен тұрады: «ресурстар» бөлігінде тауарлар мен қызметтердің шы- ғарылымы жəне оның импорты, өнімдерге жəне импортқа салынған салықтар, өнімдерге арналған субсидиялар, ал «пай- далану» бөлігінде – тұтынуға (аралық жəне түпкілікті) арналған шығындар, яғни тауарлар мен қызметтерді пайдалану көлемі, негізгі жəне айналым капиталының қорлануы, тауарлар мен қызметтер экспорты көрсетіледі. Бұл шоттың ресурстары мен пайдалану бөлігіндегі көрсетілген көрсеткіштердің барлығы жо- ғарыда аталған басқа шоттарда кездеседі, бірақ оның өзіне тəн жеке үлгісі қолданылады жəне ол 9.9-кестедеберілген: