-кесте. Тауарлар мен қызметтер шоты
Ұлтық шоттар жүйесінде көрсетілген кейбір шоттар ба- ланстық əдіспен теңестірілсе, яғни ресурстар мен пайдалану бө- лігіндегі жазулар жиынтығының арасындағы айырмашылығы ретінде есептелінсе, тауарлар мен қызметтер шоты анықтаулары бойынша теңестіріледі. Бұл дегеніміз ресурстар мен пайдала- ну бөлігіндегі жазулар арасында тепе-теңдіктің бар екендігін білдіретін ұғым деп білуіміз тиіс немесе оны мына теңдестік опе- рациясы арқылы да көрсетуге болады:
ЖШ + И = АТ+ ТТ+ НКЖҚ+ МАҚӨ + Э,
мұнда, ЖШ - тауарлар мен қызметтердің жалпы шығарылымы;
18–932
273
И – импорт;
АТ - аралық тұтыну; ТТ - түпкілікті тұтыну;
НКЖҚ - негізгі капиталдың жалпы қорлануы;
МАҚӨ - материалдық айналым қорларының өзгерістері; Э - экспорт.
Жалпы алғанда, осы шот арқылы ЖІӨ өндірістік жəне түп- кілікті тұтыну əдісі бойынша анықтауға болатындығы. Демек, мұнда ЖІӨ түпкілікті тұтынудың, негізгі капиталдың жалпы қорлануының, материалдық айналым қорларының өзгерістерінің жəне таза экспорттың қосындыларына тең болады.
Мұнда таза экспорт деп экспорт пен импорт арасындағы айыр- ма ретінде есептеп шығарылуды айтады жəне оған Қазақстанның шетелдермен, ТМД елдерін қоса есептегендегі сауда айналымы жатқызылады.
Достарыңызбен бөлісу: |