Республикасы білім жəне ғылым министрлігі ы. Ə. Əміреев, Ж. Ы



бет96/184
Дата06.01.2022
өлшемі1,16 Mb.
#11524
түріОқулық
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   184
Байланысты:
Әлеуметтік-экономикалық статистика. Оқулық. Оқулық. Оқулық

Бекітілу коэффициенті. Бұл айналымдылық коэффициен- тінің кері түрі. Оны есептеу үшін сол кезеңдегі материалдық айналым қаржысының орташа қалдығын өнімді сатудан (өткізу- ден) түскен қаржының мөлшеріне бөлеміз немесе мына формула- мен анықталады:


Кбек. = МАҚ : Қ,

мұнда, Кбек.- бекітілу коэффициенті.

Бекітілу коэффициенті арқылы материалдық айналым қаржы-

сының 1, 10, 100, 1000 теңгеге шаққандағы өнімді сатудан түскен



түсімге келетін мөлшерін көрсететін көрсеткіш жəне өзінің эко- номикалық ұғымы жағынан капитал сыйымдылығына ұқсас бо- лады.

Бір айналымның орташа ұзақтығы. Бұл көрсеткіш күнмен беріледі, яғни материалдық айналым қаржысының толықтай бір айналымына қанша күннің кеткендігін анықтайды. Оны есептеу екі түрлі тəсілмен жүргізіледі:

  1. егер айналымдылық коэффициенті есептелінген болса, он- да бір айналымның орташа ұзақтығын анықтау үшін, сол кезең- дегі күннің санын айналымдылық коэффициентінің санына бөле- міз немесе мына формула бойынша есептейміз:

Ұ=К : Кайн.,

мұнда, Ұ- бір айналымның орташа ұзақтығы;

К- сол кезеңдегі күннің саны(ай-30,тоқсан-90,жыл-360 күнге тең болады);


  1. егер айналымдылық коэффициенті белгісіз, ал бекітілу коэффициенті есептелінген болса, онда бір айналымның орташа ұзақтығын анықтау үшін, сол кезеңдегі күннің санын көбейте- міз бекітілу коэффициентіне көбейтеміз, яғни мына формула арқылы шешеміз:

Ұ= К * Кбек.

Осы аталған көрсеткіштердің есептелуін нақты көрсету үшін, төменде шартты мысалды 6.3.1- кестеде келтіреміз:




      1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   184




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет