Бекітілу коэффициенті. Бұл айналымдылық коэффициен- тінің кері түрі. Оны есептеу үшін сол кезеңдегі материалдық айналым қаржысының орташа қалдығын өнімді сатудан (өткізу- ден) түскен қаржының мөлшеріне бөлеміз немесе мына формула- мен анықталады:
Кбек. = МАҚ : Қ,
мұнда, Кбек.- бекітілу коэффициенті.
Бекітілу коэффициенті арқылы материалдық айналым қаржы-
сының 1, 10, 100, 1000 теңгеге шаққандағы өнімді сатудан түскен
түсімге келетін мөлшерін көрсететін көрсеткіш жəне өзінің эко- номикалық ұғымы жағынан капитал сыйымдылығына ұқсас бо- лады.
Бір айналымның орташа ұзақтығы. Бұл көрсеткіш күнмен беріледі, яғни материалдық айналым қаржысының толықтай бір айналымына қанша күннің кеткендігін анықтайды. Оны есептеу екі түрлі тəсілмен жүргізіледі:
егер айналымдылық коэффициенті есептелінген болса, он- да бір айналымның орташа ұзақтығын анықтау үшін, сол кезең- дегі күннің санын айналымдылық коэффициентінің санына бөле- міз немесе мына формула бойынша есептейміз:
Ұ=К : Кайн.,
мұнда, Ұ- бір айналымның орташа ұзақтығы;
К- сол кезеңдегі күннің саны(ай-30,тоқсан-90,жыл-360 күнге тең болады);
егер айналымдылық коэффициенті белгісіз, ал бекітілу коэффициенті есептелінген болса, онда бір айналымның орташа ұзақтығын анықтау үшін, сол кезеңдегі күннің санын көбейте- міз бекітілу коэффициентіне көбейтеміз, яғни мына формула арқылы шешеміз:
Ұ= К * Кбек.
Осы аталған көрсеткіштердің есептелуін нақты көрсету үшін, төменде шартты мысалды 6.3.1- кестеде келтіреміз:
Достарыңызбен бөлісу: |