Республикасы Білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет51/132
Дата20.09.2023
өлшемі3,06 Mb.
#109142
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   132
Байланысты:
В1. Қазақ тілі. Асанова, Абдуова, Әділбек, Мағзұмбекова

Айтылым 
 
13-тапсырма. 
Жұптық жұмыс. «Табысты болу үшін не істеу керек?» 
тақырыбы бойынша ой бөлісіңіздер. 
 
 
4.2 АҚША ЖӘНЕ АДАМДАР
 
 
Тыңдалым. Айтылым 
 
14-тапсырма. 
Тыңдаңыз. Сөз және сөз тіркестерімен танысыңыз

Кәсіп, тіл табысу, ғайып, тірнектеп жүріп табу, тетігін табу, күллі 
адамзат, қадір, сараң, тер төгу, елес, қасақана, тұрақтамау. 
 


56 
15-тапсырма. 
Ойтүрткі сұрақтарға жауап беріңіз. 
1.
Ақша адам өмірінде қаншалықты маңызды? 
2.
Адамдар ақшаны қалай табады? 
3.
«Теңге тиыннан құралады» деген мақалдың мағынасын қалай 
түсінесіз?
4.
Ақша туралы тағы қандай мақал-мәтелдер білесіз? 
Оқылым. Айтылым 
 
16-тапсырма. 
Мәтінді оқыңыз.
 
Еңбекті жолдас еткендердің екі нәрсесі бар: кәсіп пен ақша. Бұл ақ-
шасы жоқтың бәрі еңбек етпейді деген сөз емес. Мәселе, еңбекпен кімнің, 
қалай тіл табысуында. Біреулер еңбек атаулымен алыстан араласып, 
ғайыптан бай болып кетеді. Енді біреулер тірнектеп жүріп ақша табады. 
Бірақ анау айтқандай бай емес. Бұл да ақша табудың бір жолы. Мұны жоққа 
шығара алмайсыз. Яғни кез келген адам ақша таба алады. Біреу көше 
сыпырып, тігін тігеді. Біреу қалам ұстап, ән айтады. Бәрінің мақсаты бір. 
Айырмашылығы, бәрі бірдей бай емес. 
Қазақстандық ең жас миллионер Марат Әбиев ақша табудың тетігін он 
жасында тауыпты. Сол заманда скотч жоқтың қасы. Ол сыныптастарының 
жыртылған кітабының әр бетін 5 теңгеге жабыстырып ақша табады. Мұны 
түсінбегендер, әрине, күлді. Бірақ ешкім сол 5 теңге миллионердің алғашқы 
табысы болады деп ойлаған жоқ. Еңбектің таза жеңісі деген осы болар. 
Ойыма мынандай диалог оралып отыр: 
Адам: – Ақша, сенің балаларың да, бауырларың да көп. Қаласаң, жер 
бетіндегі барша жұртқа жетесің. Елді таластырмай, неге бәріне бара 
бермейсің, а-а-а? 
Ақша: – Жо-о-оқ, адам, қателеспе. Иә, мен күллі адамзатқа жетемін. Бі-
рақ сендер менің көптігімді білсеңдер, қадірімді ұмытасыңдар. Сол үшін де 
әдейі аз болып көрінемін. Соншалықты сараң да емеспін. Бармаймын емес, 
барамын. Тек, ақылдың айтқаны болып, еңбектің тері төгілген жерге ғана. 
Адам: – Сенбеймін. Өмірінде еңкейіп көрмеген қаншама адам жүр. 
Ақшасын бұршақша жаудырып. Сол ағайындар саған қалай жетіп жүр? 
Ақша: – Олар мен емес. Менің елестерім. Оларды сынау үшін қасақана 
жіберемін. Көп адам мені елестеріммен шатастырып алады. Көре сала, құшақ 
жаяды. Жібергісі келмейді. Мен екен деп қалады. Ал менің елестерім 
ешқашан ешкімнің басына тұрақтамаған. Олар тек эксперимент үшін ғана. 
Есіңе сақта, мен де, елестерім де ешқашан мәңгілік емеспіз. Таң қаламын… 
неге мені сонша жақсы көресіңдер? 
Адам: – …соны өзім де білмеймін. 
Кімнің, қалай ақша тауып жүргені өзі мен Тәңірге ғана аян шығар. 
Ақша табудың нақты қадамдарын ұсынған экономист, миллионерлер же-


57 
терлік. Бірақ біреудің айтқан жолы екіншіге табыс әкелуі мүмкін бе?! Ойлану 
керек…
(Маржан Әбіш



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет