Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Ұ.О. Асанова, Б.С. Абдуова, А.М. Әділбек, Ә.Қ. Мағзұмбекова
ҚАЗАҚ ТІЛІ
(В1 деңгейіне арналған оқу құралы)
НҰР-СҰЛТАН - 2021
2
ӘОЖ 811.512.122 (075.8)
КБЖ 81.2 Қаз - 923
Қ 17
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің
Ғылыми-әдістемелік кеңесі ұсынған
Пікір жазғандар:
Қазақ технология және бизнес университетінің доценті, ф.ғ.к. С.М. Сапина
Еуразия гуманитарлық
институтының доценті, п.ғ.к. Н.Шадиева
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің доценті, ф.ғ.к. А.Т. Ашенова
Асанова Ұ.О., Абдуова Б.С., Әділбек А.М., Мағзұмбекова Ә.Қ.
ҚАЗАҚ ТІЛІ (В1 деңгейіне арналған оқу құралы) – Нұр-Сұлтан, 2021. –
Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 2021. –
150 бет.
ISBN 978-601-337-536-6
В1 деңгейіне арналған оқу құралы білім алушылардың күнделікті,
тұрмыстық, мәдени-әлеуметтік, кәсіби-ресми салалар бойынша қатысым
жағдаяттарында тілді оқып-үйренудің, жүйелі меңгерудің құзыреттілігін
қалыптастыруға бағытталған. Оқу құралындағы
жаттығулар мен мәтіндер
сөйлеу әрекетінің тыңдалым, айтылым, оқылым және жазылым түрлеріне,
сондай-ақ пікір айтудың тілдік құралдарын меңгертудің түрлі тәсілдеріне сай
құрастырылған. Ұсынылып отырған кітап қазақ тілінің В1 деңгейіне
арналған
тілдік
сұраныстарына
қажетті
лексика-грамматикалық
тақырыптарды қамтуымен ерекшеленеді .
ӘОЖ 811.512.122 (075.8)
КБЖ 81.2 Қаз - 923
© Асанова Ұ.О., Абдуова Б.С.,
Әділбек А.М., Мағзұмбекова Ә.Қ., 2021
© Л.Н. Гумилев атындагы EҰУ, 2021
3
Алғысөз
«Өнердің ең асылы – сөз өнері» деп бағалаған қазақ халқының тілін
еркін
меңгеріп, сауатты да жатық сөйлеп, пікір алмасу үшін тіл
үйренушілердің қазақ тілінен орта мектеп деңгейіндегі лексикалық минимум
мен грамматикалық құрылысы жөніндегі білімі болуы қажет. Мектеп
қабырғасында қазақ тілін меңгерту мақсатымен берілетін білім мен тіл
ұстартудың әдіс-тәсілдері аз емес. Дегенмен
жоғары оқу орындарында
оқитын орыс тілді топ студенттерінің басым бөлігі орта, ортадан жоғары
деңгей құзыреттіліктерін толық меңгере бермейді. Осындай жағдайларға
байланысты ұсынылып отырған оқу құралында білім алушы В1
деңгейі
бойынша күнделікті өмірде жиі қолданылатын қазақ тілінің сөйлесу
үлгілеріне дағдылана отырып, өз білімін ары қарай жеткілікті дамыта алуын
көздейді.
Оқу құралында ауызша сөйлесу тәсілдері, мәтіндермен жұмыс, көркем
әдебиеттерден үзінділер, мемлекеттік тілде еркін және сауатты жазуға
төселдіру, аударма жұмыстарына дағдыландыру талаптары басшылыққа
алынған.
Қазақ
тілінің өзіндік ерекшеліктерін, қажетті сөздік қорын еркін
меңгеру, күрделі ойды жеткізетін сөйлемдердің мазмұнын түсіну, өз
беттерімен тұтас мәтіндерді оқып, баяндай алуына қол жеткізу мақсатында
мына міндеттер көзделді:
- жоғары оқу орындарында бакалавр
мамандықтары бойынша білім
алып жүрген студенттерге қазақ тілінің тілдік жүйесін және оның амалдарын
мәдени-танымдық, тәрбиелік және қатысымдық әрекеттер арқылы меңгерту;
- тұрмыстық, әлеуметтік тақырыптардағы мәтіндер негізінде тіл
үйренушілердің сөйлеу біліктілігін жетілдіру;
- іскерлік байланыс саласында қазақша әңгімелесуге, пікірін білдіруге,
өз ойын жеткізе білуге дағдыландыру.
Оқу құралы өзге тілді дәрісханаларда
қазақ тілін оқытудың соңғы
лингвистикалық және әдістемелік жетістіктеріне сүйене отырып, қазақ
халқының өнер, білім, ғылым, салт-дәстүрлері мен әдеби стильдерді
танытатын танымдық бағыттағы мәтіндері мен соларға негізделген
тапсырмалар, тест, жаттығулар жинағының түрлерін қамтиды.
Тіл меңгеру
талаптарына орай деңгейлік, коммуникативті-бағдарлы әдістер қолданылған.
Қатысымның
әлеуметтік-тұрмыстық,
әлеуметтік-мәдени,
оқу-кәсіби
саласындағы лексикалық тақырыптар топтастырылып берілген.