144
Томас Эдисон отбасында жетінші және аурушаң бала болып дүниеге
келеді. Бала кезінен оны ойыншықтар мен ойындар қызықтырмады, ол
жайлы әкесі былай дейді: «Томас
ойын ойнауды білмейтін, оны бу
машиналары мен механикалық бұйымдар қызықтырды». Негізінен, болашақ
жетістіктеріне ол өздігінен білім алу жолымен қол жеткізген. Барлық
заманның ұлы өнертапқышы Томас Эдисонның жоғары білімі болған жоқ.
Дегенмен, ол өзін қызықтырғанның барлығы
туралы кітаптарды беріліп
оқитын. Жиырма жасқа қарағанда ол химия бойынша барлық негізгі
еңбектерді оқып шыққан, жүздеген тәжірибе жүргізген. Оны ғылыми
мазмұндағы
кітаптар ғана қызықтырған жоқ, әдеби шығармалар оған күшті
әсер қалдырды. Осы ерте шақта оқығандары оның жадында қалғаны
соншалықты, ол белгілі факт немесе оқиғаның қай бетте баяндалғанын есінде
сақтап қалатын. Бұл қасиеті оған көптеген алуан ғылыми шығармалар мен
брошюралар арасынан қажетті шағын фактіні
немесе мақаланы іздеуде көп
көмектесті.
Он екі жасында Эдисон оның отбасы тұратын Порт-Гурон мен Детройт
арасын қосатын пойыздарда бір бума газеттер мен журналдар сатумен
шұғылданды. Томастың әкесі ұлының дамуын қатты бақылады, бірақ ол
уақытта оны қолдауға жеткілікті қаражаты болмады.
Сол себепті бұрынғы
американдық салт бойынша, жоғары мектептің орнына дарынды баласын
өзіне жол табу үшін өмір мектебіне жіберді. Сонымен ол оны жақын маңдағы
теміржолға пойыздағы бала қызметіне тұрғызды. Онда жас Эдисон
пойыздарда жүріп, жолаушыларға газеттер, тәтті тағамдар және әртүрлі ұсақ-
түйектер сатты. Тапқырлығының арқасында Томас кішкентай кәсіпорынның
табысқа жету мәнін түсінді. Аз уақытта сауданы кеңейтіп, өзіне төрт көмекші
алды. Осы іспен айналысқан төрт жылдың ішінде онда жыл сайын бес жүз
доллар қалып отырды, оны ол ата-анасына беріп отырды.
Бұл уақытта американдық өзара соғыс қызған еді.
Жас Эдисон
газеттерді көбірек өткізуді ойлады. Соғыс алаңынан хабарлардың атауларын
жақын станцияларға бұрын жеткізу үшін оларды телеграфпен жіберуді ойлап
тапты. Телеграфтар көшелерге ілініп, халық арасында зор қызығушылық
тудырды. Халық пойыз келгенде газеттерді таласып сатып алатын болды. Ол
мұнымен қанағаттанбай, әлемде жалғыз пойызда
теріліп басылатын өз
газетін басып шығаруды ойлап тапты. Пойыздың құрамында ескі тауар
вагоны болды. Онда бұрын шылым шегетін орын болған. Бұл орынға
желдеткіштің нашарлығынан және қараусыз қалғандықтан,
пойыз
жолаушылары кірмейтін. Осы жерде Т.Эдисон өзінің баспаханасын
ұйымдастырды. Ол газет редакторы, терушісі және бастырып шығарушысы
болды.
(Томас Эдисон – ұлы өнертапқыш. baribar.kz)
Достарыңызбен бөлісу: