62
15-тапсырма.
Мәтінді оқыңыз.
Ақша жұмсай білесіз бе?
Жақында достарымның бірі
шетелдегі оқуын аяқтап келіп, отбасын
құрды. Той жасады, шағын үй салды. Өткенде көлік алды. Бұл қалай? Жас
отбасы, жұмысқа тұрғаны жаңа. Сырттай бұл қалай дегенді ойлап жүруші
едім, бір күні сұрап тындым. Досым магистратураны
Германияда оқып
келген.
Сол жақта оқып жүргенде зейнеттегі неміс қарияның үйін жалдап
тұрыпты. Ақсақал ұзақ жыл қаржы саласында кеңесші болып жұмыс істесе
керек. Сондықтан «екеуара әңгімеде қаржыны үнемдеу,
табыс табу,
қаражатты көбейту туралы жиі айтатын кеңестерін жадыма сақтап алуға
тырысатынмын, қазір пайдасы тиіп жатыр» дейді. Соның арқасында оқып
жүріп табыс таптым. Ақсақалдың үйін
көгалдандыру, тазалауы мойнымда
болды. Демалыс күндері фермасына барып көмектесетінмін. Нәтижесінде
пәтерақыма,
оқу шығындарыма төледім, қалған қаражатты үнемдеп, келген
соң той жасап, көлік алып, үй салдым дейді. Ал үнем жолдарын ақсақалдың
кеңестерінен алдым дейді. Досым ұстанатын қағиданың бірі – 4 конверт
ережесі екен. Менің ойымша, кез келген отбасыға бюджетті тиімді жүргізіп,
артық шығынға ұшырамауға мүмкіндік беретін тиімді тәсіл. «Қаржы
мәдениеті» айдарының оқырмандары үшін
толығырақ баяндап беруді
сұрадым.
1) Ай сайынғы жалпы кірісім: 200 000 теңге.
2) Кірістің 10%-ын болашақтағы қаржылық мақсаттарым үшін сақтап
қоямын. 200 000 теңгенің 10% алып тастаймыз = 20 000 теңге.
3) Айлық міндетті шығындарға (интернет, жарық, жылу, телефон т.б)
25 000 теңге. Осы мөлшерден асырмауға тырысамын.
4) 45000 теңге автонесие төлеймін.
5) Шығындарды төлеген соң қолында 110 000 теңге қалды. Бұл соманы
теңдей қылып 4 конвертке 27500 теңгеден бөлемін. Әрқайсысы 1 апталық
бюджет. Енді 1 апталық шығындарды 27500 теңгеден асырмауға тырысуым
қажет. Әрине, біз үшін бұл тым аз қаражат. Туған-туыстың қуаныш, қайғысы,
той, өлім шығынсыз болмайды. Осындай
тосын жағдайларға арналған
қаражатты қосымша жұмыстар арқылы табуға тырысамын. Ал апталық
шығынды барынша үнемдеймін.
(Ербол АЗАНБЕК)
zhasorken.kz/?p=10839
Достарыңызбен бөлісу: