Республикасы



бет8/121
Дата03.12.2022
өлшемі1,42 Mb.
#54649
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   121
Байланысты:
Мусина Р. Т., Кейкин Е. К., Сарсембаева А. Ш

Температура


Температура мен ылғалдылықтың әсер етуі. Антрактиканың шөлді мұзында t0-ра -880С дейін төмендесе, Жердің сусыз шөлдерінде көлеңкеде +580С дейін көтеріледі. Орталық Европаның ормандарында оңтүстік жағында ыстық жазда 400С дейін жетсе, солтүстік жағында 200С дейін барады. Жердің барлық жерінде тіршілік таралған. Бірақ бір тіршілік иесі әлемде бүкіл жердегі t0-ра диапазонын көтеруі мүмкін емес. Сондықтан кез - келген жануарлардың таралуы мекен еткен жерімен шектеледі, сол температурамен бейімделеді.
Ішкі температураға байланысты жануарларды 2 негізгі топқа жіктейді:

  1. пойкилотермдік жануарлар- бұл ағзалардың тіршілігі мен белсенділігі сырттан келетін жылуға байланысты, дене t0 –лары- сыртқы t0-ның өзгеруіне байланысты. Бұларға микроорганизмдер, өсімдіктер, омыртқасыз жануарлар жатады. Көптеген жануарлардың дене температурасы қоршаған ортаның температурасына байланысты өзгеріп отырады.

  2. гомойотермдік жануарлар- өздерінің тұрақты оптимальды дене t0 –рын ұстауға қабілетті . Бұларға жоғарғы сатыдағы омыртқалы жануарлар – құстар мен сүтқоректілер жатады. Жануарлардың аздаған түрлері дене температураларын белсенді реттей алады.

Сыртқы температураға байланысты: өте жоғары температуралық факторға бейімделгендер – термофилдер деп, ал өте төмен температураға бейімделгендер – криофилдер деп аталады.
Қоршаған ортаның температурасының өзгеруіне өте төзімді жануарлар эвритермдік , ал тек белгілі температураның өзгеруіне ғана аз төзетін жануарлар стенотермдік деп аталады.

Ылғалдылық.


Ылғалдылықтың жеткілікті мөлшері- Жердегі барлық организмдердің өмір сүруінің негізгі шарты. Организмдегі болатын барлық тіршілік процестері су ерітіндісінде жүреді.
Әдетте жануарлар денесінің 50% астамы судан тұрады. Мысалы: үй жануарларының 59%, адам денесі 64%, ұлу 70%, балықтарда 75% және жоғары, медузаларда 99% т. б.
Көптеген жануарларда ылғалдылықың көп немесе аз болуына байланысты организімдерінде тірішілік ету орталары арасында өзара байланыстар (бейімделу механизмдері) қалыптасқан.
Құрлықтағы ылғалдылық факторына байланысты өсімдіктер мен жануарлардың экологиялық топтары келесідей:

  1. жоғары ылғалдылыққа бейімделгендер – гигрофиттер (папоротник) немесе гигрофилдер (маса);

  2. орташа ылғалдылыққа бейімделгендер – мезофиттер (қайын) немесе мезофилдер (қасқыр);

  3. төмен ылғалдылыққа бейімделгендер – ксерофиттер (кактус) немесе ксерофилдер (түйе);

Жапырақтары ксероморфты болып келетін ксерофиттер склерофиттер деп аталады. Олар сырт көзге құрғақ болып келеді. (мысалы, селеу) Суккуленттер - өз бойына су жинайтын, жапырақтары мен сабақтары етженді болып келетін өсімдіктер. (мысалы, алое)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   121




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет