Байланысты: Мусина Р. Т., Кейкин Е. К., Сарсембаева А. Ш
Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы екі жақты теориялармен сипатталады:
абиогенездік теориясы (өліден тірінің пайда болуы)
биогенездік теориясы (тіріден тірінің пайда болуы)
А.И.Опарин 1924ж. абиогенездік теория негізінде «Биохимиялық эволюция» немесе «коацерваттық» теориясын жасаған. Коацерваттық теориясы бойынша сыртқы қоршаған ортаның жағдайлары әсерінен химиялық эволюция биологиялық эволюцияға ауысуы нәтижесінде қоршаған сыртқы ортамен өзара әрекеттесуге қабілетті ерекше жүйе пайда болуы –> одан протобионттар эволюциясы дамиды.
Тіршілік - зат алмасу және көбею сияқты ерекше қасиеттермен сипатталады.
Жер жасы-5-6 млрд. жыл, күн жүйесінің жасы 10 млрд. жыл. Жердегі тіршілік дегеніміз негізінен нуклеин қышқылдары мен ақуыздың өзара әрекеттесу функциясы болып табылады.
Джон Берналдың теориясына сәйкес, тіршіліктің пайда болу тарихы 3 негізгі сатыға бөлінеді:, молекуладан полимерге дейін, полимерден организмге дейін.
сатысында атомнан молекулаға дейін: өмір үшін сипатты метан, аммиак және басқа газдардан аралық молекула қалыптасқан. Олар, негізінен көміртектік азотты қосылысты, жай күрделілігі бар қосылыстар- аминқышқылдар және органикалық негізді-аденин. Олар Опарин мен Холдейн гипотезаларына сәйкес
«алғашқы сорпа» ұғымының құрамды бөлігі болып саналады.
сатыдағы процесс-бұл молекулалардың полимеризациялануы, шешуші жағдайға алып келетін динамикалық ұйымдасу процесінде аминқышқылдардан ақуыздың пайда болуы, оны біз тіршілік деп атаймыз.
сатысында организмдердің дамуы және олардың ішкі ұйымдастыруларының қалыптасуы жүреді, ол жәй метаболизмдік ортадан организмдік деңгейге ауысу, яғни қоршаған өлі табиғаттан даралану. Осы сатыда эобионттар пайда болды, осыдан кейін тірі табиғатта күрделі компоненттері дами бастады. Осының нәтижесіне жоғары ұйымдасқан тірі тіршілік иелеріне тән-«эукариоттық» жасуша дамыды. Дәл осындай жасушаның пайда болуы нағыз тіршілік бастамасын берді.Тіршілік дамуының көп түрлілігі және күрделілігі осыдан басталады.