Республикасы


Экологиялық факторлардың организмдердің жауап беруіндегі кейбір заңдылықтар



бет9/121
Дата03.12.2022
өлшемі1,42 Mb.
#54649
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   121
Байланысты:
Мусина Р. Т., Кейкин Е. К., Сарсембаева А. Ш

Экологиялық факторлардың организмдердің жауап беруіндегі кейбір заңдылықтар.


Экологиялық факторлардың организмге әсер етуі мен оған организмнің реакциясы бірдей болмайды.
Өзара әрекеттесу факторлар ережесі. Оның мәні келесіде: яғни бір факторлардың әсер ету күшін басқа факторлар күшейту немесе азайтуы мүмкін . Мысалы, жылудың көп мөлшері ауаның ылғалдылығын төмендетеді.
Ю.Либихтың (1840 ж.) «Минимум» заңы немесе шектеуші факторлар ережесі. Бұл ереженің мәні келесіде: шектен тыс аз немесе шектен тыс көп фактор (қауіпті нүктенің қасындағы) организмнің күйіне ықпал етеді, сонымен бірге , басқа факторлардың әсерлерін шектейді. Бұл заңның өмірде практикалық маңызы зор. Организмдердің ең қажетті шектеуші факторларын біле отырып, мол өнім алуға немесе табиғат ресурстарын тиімді пайдалануға жол ашады.
Шектеуші факторлармен қатар организмнің факторлар жиынтығына деген ең жоғарғы төзімділік қасиеті болады. Ол В.Шелфордтың (1913 ж.) толеранттық (төзімділік) заңына байланысты. Белгілі бір факторға қатысты организмнің өмір сүре алатын төзімділік нүктелерінің арасын организмдердің экологиялық валенттілігі (толерантылығы) деп атайды. Организмдердің бір ортада оналасуы немесе тіршілік етуі, организмнің белгілі бір шыдамдылық шектері (диапозон) бар кешенді экологиялық факторларына байланысты. Организм тек осы минималды (ең төмен) және максималды (ең жоғарғы) мәндердің аралығында ғана өмір сүре алады. Біреулері экологиялық факторлардың кең диапозонында тіршілік ете алады, мұндай ағзалар эврибионттар тобына жатады (грекше эури- кең, биос- тіршілік). Аз диапазонда бейімделетін ағзалар стенобионттар деп аталады(грекше стенос- тар). Эврибионтты түрлер қолайсыз экологиялық орталарда қалыпты тіршілігін жалғастыра береді. Мысалы, бұл организмдер тобына Қазақстанға жерсіндірілген ондатраны, көгілдір түлкіні, колорадо қоңызын, ақ қанатты американдық көбелекті жатқызуға болады. Стенобионтты түрлердің таралу аймағы шектеулі болады. Қоршаған ортаның температурасының өзгеруіне өте
төзімді жануарлар эвритермдік, ал тек белгілі температураның өзгеруіне ғана аз төзетін жануарлар стенотермдік деп аталады.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   121




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет