Республикасы


№4 Дәріс Синэкология – бірлестіктер экологиясы. Дәріс жоспары



бет20/121
Дата03.12.2022
өлшемі1,42 Mb.
#54649
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   121
Байланысты:
Мусина Р. Т., Кейкин Е. К., Сарсембаева А. Ш

№4 Дәріс Синэкология – бірлестіктер экологиясы. Дәріс жоспары:


  1. Синэкологияның зерттеу обьектілеріне жалпы сипаттама:

  1. биоценоз

  2. биогеоценоз

  3. экожүйе

  1. Экожүйедегі энергия және заттар айналымы.

  2. Экологиялық пирамида және оның типтері.

  3. Экожүйенің тұрақтылығы мен динамикасы. 5.Экологиялық сукцессиялар.

Дәріс ұзақтығы: 1 сағат




1. Синэкологияның зерттеу обьектілеріне жалпы сипаттама:


Синэкология организмдердің тіршілік жағдайларын , өзара және қоршаған ортамен өзара қарым-қатынасын зерттейді. Синэкология экожүйелердің шекараларын салумен айналысады, сондықтан оны биогеноценологиялық экология деп те атайды.
Табиғатта әртүрлі популяциялар бірігіп ірі бірлестіктерді немесе қауымдастықтарды құрайды. Синэкологиядағы «син» деген сөздің өзі «бірге», яғни бірлесіп, қауымдасып тіршілік ету деген мағынаны білдіреді. Қауымдастық дегеніміз белгілі ареалда мекендейтін , әртүрлі түрлерден құралған, тірі организмдер жиынтығы.
Биоценоз (bios-өмір, koinos-жалпы) – табиғи жағдайлары бірегей жерлерде тіршілік ететін өсімдіктер, жануарлар және микроорганизмдер жиынтығынан тұрады. Биоценоз ұғымын алғаш рет ұсынған неміс зоологы К.Мебиус (1877). Кез келген биоценоз өзімен-өзі жеке дамымайды. Ол әрқашанда өлі табиғатпен бірлестікте ғана өмір сүреді.



Биогеоценоз - тірі ағзалар мен ортаның кездейсоқ жиынтығы емес, ерекше келісілген , динамикалық , өзарабайланысы, тұрақты, теңестірілген жүйе. Ол ұзақ уақыттың адаптация нәтижесі. Биогеоценозды анықтаушы- фитоценоздар.


Экожүйеге мағынасы жақын терминге «биогеоценоз» жатады. Бұл терминді 1942ж. академик В.Н.Сукачев енгізген.
Биогеоценоз екі блоктан тұрады:

  1. «биоценоз» - организмдердің әртүрлі түрлерінің өзара байланысы(популяция);

  2. «биотоп» немесе «экотоп»- мекен ету ортасы.

Экологияда жиі «бірлестік» терминін пайдаланады.


Сонымен, биогеоценоз- тірі ағзалар мен олардың мекен ететін физикалық ортасымен бірге қауымдасқан жүйе. «био»-тірі ағзалар, «гео»- өлі табиғат (арнайы географиялық орта)
Табиғатта бейорганикалық химиялық элементтер айналымынан басқа да, биогендік химиялық элементтер миграциясы немесе биогеохимиялық айналым жүзеге асырылады.
Биоценоздағы әртүрлі түрлердің биотикалық қарым-қатынасқа түсуі олардың бірлестіктегі негізгі тіршілік жағдайларын, қорек табуын және жаңа кеңістікті меңгерулерін анықтайды. Тікелей немес жанама түраралық қарым-қатынастардың мәні бойынша түрлер биоценозда белгілі орынға ие болады. В.Н.Беклемишовтың (1970) классификациясы бойынша биоценоздағы түраралық биотикалық қарым- қатынастар 4 түрге бөлінеді:

  1. трофикалық байланыстар - бір түр басқа түрмен қоректенгенде қалыптасады.

  2. топикалық байланыстар – бір түрдің мекен теу ортасының физикалық немесе химиялық жағдайларының басқа түрдің тіршілік әрекеті нәтижесімен өзгеруі. Бұл байланыс әрқилы. Бір түрмен басқа түр үшін ортаның жасалуы.

  3. форикалық байланыстар – бір түрдің басқа түрдің таралуына қатысуы. Тасымалдаушы ролін жануарлар орындайды. Жануарлармен өсімдіктердің тұқымдарын, спораларын, тозаңдарын тасымалдауы зоохория деп аталады. Жануарлармен басқа ұсақ жануарларды тасымалдауы форезия деп аталады.

  4. фабрикалық байланыстар – бір түрдің баспана құру үшін басқа түрдің шығару өнімдерін, өлі қалдықтарын немесе тірі особьтарын пайдалануы.

Әрбір нақты түр таралуында барлық түраралық байланыстарды жасап үлгермейтін болғандықтан, физикалық ортаның өзіне жайлы жеріне орналасады. Соған байланысты түрдің таралуында екі түрлі оптимум болады:

  1. физиологиялық оптимум - түр үшін барлық абиотикалық факторлардың жағымды үйлесімділігі жағдайында өсу мен көбею темпінің жылдам болу мүмкіндігі.

  2. синэкологиялық оптимум - түр үшін барлық биотикалық факторлардың жағымды үйлесімділігі жағдайында көбеюдің табысты болу мүмкіндігі.

Екі түр бірге тұрып, бір-біріне нейтралды, жағымды немесе жағымсыз әсер етеді. Соған байланысты Ю.Одум қарым-қатынастар келесі түрлерге бөлген:

  1. Жыртқыш-жемтік - биологиялық қарым-қатынас. Жыртқыш пен жемтік үшін әрқайсысына тән әртүрлі экологиялық адаптациялары бар.

  2. Мутуализм- ұзақ, өзара тиімді байланыстар. Мутуализмның екі түрі болады: симбиоз (екуі міндетті түрде бірге болу керек) және протокооперация (бір бірінен жеке тіршілік ете алады).

Симбиоздың мысалдары: бұршақ тұқымдастарының тамырындағы түйнек бактериялар, саңырауқұлақтар микоризасы, теңіз жануарларының жарық беретін фотобактериялары, т.б. Протокооперацияның мысалы ретінде құмырсқа мен өсімдік биттің арасындағы қарым-қатынасты қарастыруға болады.

  1. Комменсализм- біреуі басқасына мекен-жаймен, тамақ береді, бірақ өзіне осы қарым-қатынас бейтарап. Коменсализмнің екі түрі бар: арамтамақтық және пәтерлеу. Мысалы, арыстанның қалдықтармен гиенаның қоректенуі (арамтамақтық), ағаштың үстіндегі эпифит (пәтерлеу)

  2. Бәсекелестік – бір немесе бірнеше түрге жататын организмдердің өзара қорек, мекені, т.б. ресурстардың жетіспеушілік жағдайындағы қарым- қатынастардың көрінісі. Мысалы, екіә ағаштың арасындағы жарық үшін бәсекелестік.

  3. Паразитизм – бір түр өкілінің екінші бір түр өкілін қорек немесе тіршілік ортасы ретінде пайдалану арқылы тірішілік ету.

  4. Амменсализм- бір түр үшін зиянды, басқа түр үшін бейтарап қатынастар. Аллелопатия – бір өсімдік түрімен басқа өсімдікке улы заттарды бөлу.

  5. Нейтрализм – екі түр тәуелсіз және бір-біріне ешқандай әсері жоқ. Мысалы, бір орманда тіршілік ететін тиын мен бұғының арасындағы қарым-қатынас.

Экологиялық қуыс дегеніміз биоценоздің жалпы жүйесінде түрдің алатын орны, оның биоценоздық байланыстарының және абиотикалық факторларға талаптарының жиынтығы. Ч.Элтонның (1934) анықтамасы бойынша, экологиялық қуыс дегеніміз – «бұл түрдің тірі ортадағы алатын орны, қорекке және жауына қатынасы». Экологиялық қуыс концепциясының дамуына Ч.Элтоннан басқа Г.Хатчинсон, Ю.Одум деген ғалымдар үлес қосқан.
Бірлестіктегі түрдің тіршілік етуінде көптеген факторлар үйлесімді болғанымен алатын қуыстардағы қоректену сипаты олардың қоректі қалай тауып жеуімен анықталады. Сонымен, жасыл өсімдік биоценоздың құрылуына қатыса отырып, бірнеше экологиялық қуыстың өмір сүруін жүзеге асырады. Бұл қуыстар әрбір түрдің жапырағымен, гүлімен, тамырымен және басқа мүшелерімен қоректенуіне байланысты қалыптасады.
Қоректік ресурстардың қатынасында түрлердің мамандануы бәсекелестікті азайтып, бірлестік құрылымының тұрақтылығын жоғарлатады.
Г.Ф.Гаузе ережесі бойынша екі түр бір экологиялық қуыста бірге тіршілік ете алмайды. Түрдің мамандануында қоректену, кеңістікті пайдалану және уақыт белсенділігі бойынша жағдайлары жағымды немесе жағымсыз болғанда, экологиялық қуысы кеңею немесе тарылуы мүмкін.
Экологияның негізгі ұғымына «экожүйе» жатады. Бұл терминді енгізген 1935 ж. А.Тенсли. Экожүйе дегеніміз тірі тіршілік иелері мен олардың мекен ету орталарынан тұратын, біртұтас функционалды біріккен табиғи жүйе.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   121




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет