Республикасы



бет16/121
Дата03.12.2022
өлшемі1,42 Mb.
#54649
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   121

Популяцияның құрылымы:


  1. Кеңістік құрылымы;

  2. Жастық құрылымы;

  3. Жыныстық құрылымы;

  4. Этологиялық құрылымы;

Популяцияның кеңістіктік құрылымы.


Популяция немесе түр өз тіршілік ету әрекеті бойы кездесетін кеңістік -ареал

  • таралуы облысы деп аталады.

Популяция ареалының көлемі көбінесе даралардың қозғалу қабіліттілігімен немесе жеке белсенділіктің радиусымен анықталады.
Космополиттер – жер шарының тір жандар тіршілік ететін облыстарының көбісінде кездесетін жануарлар мен өсімдіктер түрлері.
Убиквисттер – ортаның әртүрлі жағдайларында тіршілік ете алатын, ареалдары үлкен болып келетін кең экологиялық валенттілікпен жануарлар мен өсімдіктер түрлері.
Эндемиктер – ареалдары кішкентай шектеулі болып келетін жануарлар мен өсімдіктер түрлері.
Популяциялар көлемі бойынша 3 түрге бөлінеді: жергілікті, экологиялық, географиялық.
Жергілікті (элементарлы) популяция, немесе микропопуляция, - бұл біркелкі территорияның кішкентай бір бөлігін алып жатқан бір түрге жататын даралар жиынтығы. Генетикалық ақпаратпен алмасуы жиі болып тұрады.
Экологиялық популяция жергілікті популяциялардың жиынтығы ретінде қалыптасады. Осы популяция биогеоценоздың территориясын алып тұрады. Генетикалық ақпаратпен алмасуы сирек болады.
Географиялық популяция географиялық біртекті жағдайлармен территорияда мекен ететін даралар тобын қамтиды. Бірнеші экологиялық популяциялардан тұрады.
Популяцияда даралардың таралуы 3 түрлі болады: біркелкі (А), кездейсоқ(Б) және топтық(В).
Біркелкі таралуы – даралардың арасындағы арақашықтығы бірдей болып келеді. Табиғатта өте сирек , тек қана біркелкі ортада кездеседі.

Популяцияның жыныстық құрылымы:


Жыныстық құрылымы популяциядағы даралар жыныстарынын қатынастарын көрсетеді. Табиғатта көбінесе 2.3 немесе одан көп жынысты даралар кездеседі: аталық, аналық, гермафродиттер (қосжынысты) және т.б.
Жыныстардың қатынастары репродукция қарқындылғына тікелей әсер етеді.
Жыныстардың бірінші қатынасы тек қана хромосомдардың әртүрлі болуында негізделген генетикалық механизмдермен анықталады (ХУ – адам, керісінше – тауықтарда, шегірткеде ХО – аталықтарда, араларда – аталықтар шағылыспаған жұмырқалардан пайда болады.)
Жыныстардың екінші қатынасы – жаңа туған аталықтар мен аналықтар сандарының қатынасы.
Жыныстардың үшінші қатынасы – ересек жануарлардың арасында аталықтар мен аналықтар сандарының қатынасы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   121




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет