Байланысты: Мусина Р. Т., Кейкин Е. К., Сарсембаева А. Ш
«Озондық тесік» туралы құбылыс, озон тесігінің пайда болуының негізгі себептері және атмосфераны қорғау бойынша іс- шаралары.
Атмосферадағы озон проблемасының адам іс-әрекетімен байланысты екі аспектісі бар: 1.Озонның жоғарғы қабаттағы бұзылуы ( «озон экраны»).
2. Жерге жақын кеңістіктегі концентрациясының көбеюі.
Егер озон экранының шекарасындағы озон(О3) екі атом оттегіне ультракүлгін сәулелердің әсерінен оттек молекуласы ыдырау нәтижесінде жасады. О3 тұрақсыз болғандықтан қайтадан О2 түзіліп отырады.
Соңғы жылдары атмосфераның жоғарғы қабаттарында озонның азаюы 3% құрайды. Мынадай мәліметтер бар, егер озонның азаюы 1% болса, онда тері рак ауруы 5-7% көтеріледі. Ең көп озондық жойылуы Антарктидада тіркелген. Бұл жерден соңғы 30жылда озон қабатының 40-50% азайған.
Озон концентрациясының азаюын тркелген кеңістік шегін «озон тесігі» деп атаймыз.
«Озон тесігінің» пайда болу себептері осы күнге дейін анық емес . Ең бірінші рет олар XX ғасырда 80-жылдардың басында байқалған.
Озон бұзатын негізгі антропогендік факторге фреондар( хладондар) жатады деп есептейді.
Пропилент- фреондар өте тұрақты газдар, олар атмосферада 100 жыл өмір сүріп, озон қабатына жетіп , күшті хлорда бөледі. Әрбір хлор атомы 100мың озон атомын бұзады.
Монреальдық отырыста 1980ж. -2000ж. көптеген мемлекеттерде фреондарды өндіруді 50% қысқарту және пропилленттерді басқалармен алмастыру.
Бірқатар елдерде(АҚШ, Ұлыбритания, Франция) фреондар (ХФС)–> (ГХФС) гидрохлорфторкөміртекпен, (ГФС) алмастырылып жатыр, олардың өмір сүру 2-25 жылға қысқа, О3 ыдырату потенциялы ХФС-ға қарағанда 10 есе аз. Озон қабатының тұрақтылығын жоғарлатудың басқа жолдары іздестірілуде. Озон қабатына этан мен пропан беру атомдық хлорды әлсіздендіріп хлорсутекке айналдырады. Тағы да озонның түзілуімен жинақталуына электормагниттік сәулелендіру, лазер сәулелері, электр зарядтары ықпал етеді. Олар оттектің фотодиссоциясын жақсартады және озонның жинақталуымен түзілуіне ықпал етеді