Қазақстанның дәстүрлі жел энергиясы қондырғыларын пайдалану кезіндегі жел энергетикалық әлеуетін пайдаланудың техникалық мүмкіндігі 3 млрд. кВт/сағ. бағалануда.
Жоңғар қақпасындағы жел энергетикалық ресурстары барынша маңызды болып табылады (17000 кВт сағ/ш.м.). келешегі бар басқа аудандардан Ерейментау (Акмола обл.), Форт-Шевченко (Каспий теңізінің жағалауы), Қордай (Жамбыл обл.) және басқаларын атап кетуге болады.
Статистикалық деректер бойынша, Қазақстандағы жаңғыртылатын ресурстар мен энергия көздерінің теоретиялық потенциалы жылына шамамен 1820 млрд. кВт/сағ құрайды, бұл республиканың барлық отын-энергетикалық ресурстарын пайдалану көлемінен 25 есе асып түседі, ал экономикалық әлеует 110 млрд. кВт/сағ. деп бағаланып отыр, бұл ҚР энергоресурстарды жылдық ішкі тұтынудан 1,5 есе көп.
Және жел потенциалының бірқатар жерлердегі тығыздығы 1 ш.км. – 10 МВт құрайды. Солтүстік, Орталық, Батыс және Оңтүстік-Шығыс Қазақстанның аудандарының ресурстары жоғары, әсіресе Жоңғар қақпасы мен Шелек дәлізінде, сондай-ақ Астана, Форт-Шевченко және Арқалық, бұл жерлерде желдің орташа жылдық жылдамдығы сәйкесінше 7-9 м/с және 5-9 м/с құрайды.
Қазақстан аумағындағы жел энергиясының ресурсы
|
Аймақ
|
Қамтитын аумақ, мың.км2
|
Әлеуметті к ресурстар, млрд.кВт сағ
|
КПД ЖЭҚ
әлеуметтік есеппен,
млрд.кВт сағ
|
|
Шығыс Қазақстан
|
277,1
|
3000
|
30
|
|
Оңтүстік-Шығыс
|
223,2
|
3100
|
31
|
|
Оңтүстік Қазақстан
|
499,9
|
5600
|
56
|
|
Солтүстік Қазақстан
|
237
|
2700
|
27
|
|
Орталық Қазақстан
|
762,2
|
9100
|
91
|
|
Батыс Қазақстан
|
7292
|
8800
|
87
|
|
Барлығы
|
2718,1
|
32200
|
322
|
Жел электростансалардың бірнеше жобалары дайындықтың қандай да бір сатысында тұр. Жаһандық экологиялық қордың ақпаратына сәйкес, 2015 жылға дейін жел стансаларының бірлескен қуаттылығы 250 МВт жетуі мүмкін, ал олардың электр энергиясын шығаруы – жылына 750-900 млн. кВт сағ жетуі мүмкін ( ҚР Электр энергиясы өндірісінің жылдық көлемінің 0,6%).
2030 жылға қарай бұл көрсеткіштер сәйкесінше жылына 2000 МВт және 5 млрд. кВт сағатқа. жетуі мүмкін (ҚР электр энергиясы өндірісінің жылдық көлемінің 2,7%).
Жылу базаларынан және электрмен жабдықтаудың орталықтандырылған электрлік желілерінен біршама қашықтықта жатқан жерлердегі жел
қондырғыларын пайдаланудың да әлеуеті жоғары, өйткені отынды жеткізу немесе электр берілісінің желілерін төсеу үлкен қаржылық шығынды қажет етеді.
ЖЭС салу құрылысына зерттелген аумақтар
|
Аумақтың атауы
|
Жел
жылдамдығы,м/с (80 м жоғары)
|
ЖЭС
Қуаты, мВт
|
|
Жоңғар қақпасы
|
10,1
|
50-250
|
|
Шелек қақпасы
|
8,01
|
50-300
|
|
Кордай
|
6,06
|
20
|
|
Жүзімдік-Шаян
|
7,61
|
50-350
|
|
Астана
|
7,25
|
20
|
|
Ерейментау
|
8,09
|
50-500
|
|
Қарқаралы
|
5,91
|
10
|
|
Арқалық
|
7,52
|
10-50
|
|
Атырау
|
7,88
|
50-100
|
0
|
Форт-Шевченко
|
8,43
|
50
|
2.1-сурет. Жел электр стансаларын орналастыру сұлбасының картасы Еліміздің көпшілік бөлігі үшін (аумақтың 80-85%) жел жылдамдығының
өнімді жұмысы 2,5-3,0 м/с болғанда, ал желдің жұмыстық жылдамдығы 7-9 м/с аспайтын ЖЭҚ пайдалану тиімді болмақ.
Қазақстанда қашықта орналасқан елді мекендер көптеп саналатын жағдайда, солардың көпшілігінде электр берілісі желісінің жоқтығы, орталықтан жеткізушіге экономикалық тұрғыдан алыстағы шаруашылықтарды, қыстақтарды және теміржол разъездерін, жолы қиын жерлерде орналасқан елді мекендерді, шағын фермаларды, шопандар тұрағын, кэмпингтерді және т.б. электр энергиясымен жабдықтау тиімді емес.
Бұл мәселені шешудің тиімді тәсілі нарыққа электр энергиясының конструкциясы желдің 45 м/с және одан асатын жылдамдығына төтеп беретін жергілікті көздерін қолжетімді бағамен жеткізу болып табылады.
Геотермалды энергетика
Қазақстанның геотермалды әлеуеті өте үлкен. Үңгіме сағасындағы көптеген арынды көздердегі судың температурасы 40-100°С. Олардың республика аумағындағы сұйытылған қоры шартты отынның 100 млрд. тоннасын құрайды, бұл елдің мұнай мен газының жинақты қорынан асып түседі.
Геотермалды көздердің көпшілігі негізінен Батыс Қазақстанда (75,9%), Оңтүстік Қазақстанда (15,6%) және Орталық Қазақстанда (5,3%) орналасқан.
Орналасқан жері бойынша геотермалды сулар Іле ойпатында, Сырдария, Ертіс, Маңғышлақ-Үстірт, Шу-Сарысу, Келес және Зайсан артезиан бассейндерінде ашылған. Іле ойпаты аясында өнеркәсіптік болашағы бар, сонымен қатар Алматы және Жаркенттік артезиан бассейндерін атауға болады. Сол бассейндердің арынды, минералдануы төмен суларының температурасы 40-
100 °С, бұл электр энергиясын өндіру мен жылумен жабдықтаудағы өзінің артықшылығын тағы бір рет көрсетеді. Бассейндердің қоры сәйкесінше 106,5 және 216 млрд. текше м, бұл шартты отынның, шамамен 1,8 млрд. тоннасына эквивалентті.
Сырдария артезиан бассейнінің энергетикалық потенциалы ауқымды, қоры 470,3 млрд. текше м. және арынды сулардың температурасы 30-75°С және одан жоғары.
Қазақстанның оңтүстік өңірін жылу және энергиямен жабдықтау мәселелерін шешуде Келес артезиан бассейнінің болашағы зор, оның қоры 120,5 млрд. текше. м. және арынды сулардың температурасы 40-85 °С [1,44]. Әртүрлі экономикалық себептерге байланысты еліміздің геотермалды ресурстары энергия көздері ретінде әзірше жұмылдырыла қойған жоқ. Шағын көлемде олар бальнеологияда және бақшалық дақылдарды суаруда қолданылады. Алайда өздерінің потенциалды мүмкіндіктеріне қарай олардың болашағы керемет, өйткені олар міндетті түрде Батыс және Оңтүстік Қазақстан энергиясының негізгі көздері болатыны анық.
Электр энергиясын және жылуды геотермалды көздерден алу мүмкіндігі әлі күнге әлемде кең жариялана қоймаған, таулы ортада жасанды баламасын алу бойынша жаңа идеясын өмірге келтірді. Егер шикізаттың энергия көзіне айналу сатысын ескерсек, онда мұнайды, газды және көмірді өндіру мен өңдеу, уранды ыдырату тек қана жылу және атом электр станцияларының турбиналарын айналдырып, электр энергиясын шығаратын аса қызған бу түріндегі соңғы өнімді алу үшін ғана өндіріледі. Бірақ оларды өндірмесе де болады, ал аса қызған буды дайын күйінде жер асты жасанды геотермалды көздерден алуға болады.
Жердің жылуы
Қазақстанның көптеген аймақтарында термалды жылу көздері көп кездеседі оны сол аймақтағы тұрғын үй нысанасын жылыту үшін және жылу сорғыларын пайдалану өте тиімді.
Биоэнергетика
Биомассаның энергиясы – бұл энергетикалық мақсатта биогаз және органикалық таза тыңайтқыштарды алумен, ауылшаруашылық қалдықтарын пайдаға асыру болып табылады. Қазақстанның ауыл шаруашылығында органикалық қалдықтардың жылдық шығымы шамамен 40 миллион тоннаны құрайды. Осы қалдықтарды биогазды технологиялар бойынша өңдеу шамамен 18 миллиард текше метр биогаз алуға мүмкіндік береді, бұл шартты отынның 14-15 млн. тоннасына эквивалентті. Осы ресурстарды жартылай пайдаға асыру ауылға және қашықтағы тұтынушыларға алыстан әкелінетін отынды орталықтан жеткізуге деген сұранысты азайтып, сондай-ақ жылу мақсатындағы электр энергиясының шығынын айтарлықтай азайтар еді [11,17,20,28].
Егер биогазды электр энергиясының өндірісі үшін пайдаланса, оның өзіндік құны кВт/сағ үшін бар болғаны 0,025-0,075 доллар, ал дәстүрлі көздерден алынатын электр энергиясы кВт/сағ үшін 0,1-0,15 доллар құрайды. Сөйтіп биогаз 2- 4 есе үнемдірек.
Биогазды технологиялар – бұл өңдеудің барынша тиімді, экологиялық таза, қалдықсыз тәсілі, тазарту, әртүрлі өсiмдiк және жануартекті органикалық қалдықтарды жою және зиянсыз ету.
Қазіргі кезде әлемнің барлық дамыған және даму жолындағы елдері биомасса ерекшелігінің барын ескере отырып, биоэтанол өндірісінің өзіндік бағдарламаларын жасауда, соның ішінде Қазақстанның жақын көршілері Ресей мен Қытай да бар.
Қазақстан бұл бағытта да алдыңғы қатардан көріне алады: Қазақстан өсімдік шаруашылығының өнімдерін ең алдымен, «қатты» бидайды көптеп шығарады. Бірақ бізде жыл сайын ауыл шаруашылығы қалдықтары – сабандар, күнбағыс қауыздары көп мөлшерде еш мәнсіз өртеледі, бұларды биоэтанол өндірісі үшін пайдалануға болатын еді.
Солтүстік Қазақстан облысында «Баско» компаниясы биоэтанол өндірісі бойынша зауытты салды – бұл «Биохим» өндірістік кешені. Сондай-ақ, энергетикадағы әлемдік үдерістерді ескеріп, Степногорскіде бар қуатты өндірістік базаны және биоэтанол өндірісіне арналған инфрақұрылымды пайдалануға да болады.
Биоотын
Қазақстанда ауыл шаруашылығы өндірісінің қалдықтары энергия өндірісіне арналған биомассаның тұрақты көзі болып табылады.
Оларды өңдеудің арқасында шамамен 2 млн. т.ш.о./жыл биоотын алуға болады.
Орман өнеркәсібінің қалдықтары да энергияның жаңғыртылатын көздері тұрғысынан қызығушылық тудырады. Қазақстан Республикасының орман қорының жалпы өрісі 23,4 млн. га құрайды, солардың ішінде орман алып жатқан алқап шамамен 12 млн. га, құрайды, бұл республика аумағының 4,5% Ресей және Түркиядан кейінгі Орталық және Шығыс Еуропа елдерінің ішінде үшінші орында. Қазақстанның орманы үшін олардың біртекті таралмауы тән. Ағаш қорының шамамен 80%-ы елдің солтүстік және солтүстік-шығыс бөлігіне келеді және бұл қордың жартысы Шығыс Қазақстан облысының қылқан жапырақты ормандары
(Шығыс Қазақстан – 47%, Солтүстік Қазақстан – 18,6%, Ақмола – 11%).
Негізгі әдебиеттер :
Оспанова Г., Бозшатаева. Экология. Оқу құралы. Алматы, 2000. 2.Сағымбаев Ғ.Қ. Экология негіздері. Оқу құралы. Алматы, 1995.-292 бет. 3.С.Ж. Колумбаева, Р.М. Бильдебаева. Общая экология: Учебное пособие.
Под. ред. А.Б. Бигалиева.-Алматы: Қазақ университеті; 2005.-126 с.
Экология и устойчивое развитие /журнал/ Астана, 2004, № 1-12.
Акимова Т.А., Хаскин В.В. Экология. Человек-Экономика-Биота-Среда: Учебник для вузов.-2-е изд., перераб. И доп.-М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2001. – 566 с.
А.М. Никаноров, Т.А. Хоружая. Экология.-М.: 2001.-304 с.
Бродский А.К. Жалпы экологияның қысқаша курсы. Оқу құралы.
Алматы,«Ғылым», 1997, қаз.ауд. Көшкімбаев Қ.С.
Байтулин И.О. Экология Казахстана. Алматы, 2003.
Қосымша әдебиеттер:
Бондаренко Л.Г., Крячина О.В. Книга для чтения по экологии.
Петропавловск, 2003.
Б.М. Маркин, Л.Г. Наумова. Популярный экологический словарь. Под. ред.
А.М. Гилярова.-м.: Устойчивый мир, 1999. 304 с.
Коробкин В.И., Передельский А.В. Экология. Конспект лекций (зачет и экзамен) Ростов-на-Дону, 2004.
Казахско-русский, русско-казахский терминологический словарь. Экология Алматы, 2000 г.
Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Экология және табиғат қорғау Алматы, 2002 ж.
Мамедов Н.М., Суравечина И.Т. Экология: Уч. пособие для 9-11 классов.- М.: «Школа-Гресс», 1996-464 с.
Экологиялық энциклопедия А.Ж. Ақбасов, Е.Ү. Жамалбеков, Т. Қалыбеков және т.б. Алматы 2007 ж.-303 бет.
Достарыңызбен бөлісу: |