Республики казахстан қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі



Pdf көрінісі
бет74/140
Дата17.04.2022
өлшемі1,31 Mb.
#31240
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   140
8.3. Аралық ми физиологиясы. 
      Аралық  мидың  құрамына  үлкен  ми  қыртысымен  ми  бағанасын 
байланыстыратын таламус пен гипоталамус кіреді. 
      Таламус — аралық мидың сұр заттарының ең ірі жинағы, жұп құрылым. 
Оның  құрамында  алдыңғы,  ортаңғы,  артқы,  медиалды  және  латералды 
ядролар топтары бар.  
      Қызметі бойынша олар ажыратылады: 
      1) арнамалы (телімді, спецификалы) ядролар:  
а)  қайта  қосушы  немесе  реле  тәрізді.  Олар  бастапқы  ақпаратты    әртүрлі 
қабылдағыштардан  алады.  Жүйкелік  серпін  таламоқыртыстық  тракты 
бойымен  ми  қыртысының  қатал  шектелген  аймағына  барады  (біріншілік 
проекциялық  аймақ),  соның  есебінен    спецификалы  сезіну  пайда  болады. 
Вентрабазальдық 
кешеннің 
ядролары 
тері 
қабылдағыштары 
мен 
проприорецеторлардан серпіндер қабылдайды. Ол серпіндер ми қыртысының 
сезімтал-қозғалтқыш  (сенсомоторлық)  аймағына  жетеді  де,  дененің 
кеңістіктегі  бағдарлау  жағдайын  реттеуге  қатысады.  Латералды  (қапталдас) 
ядролар көру қабылдағыштарының серпіндерін  ми қыртысындағы шүйделік 
көру  аймағына  жеткізеді.  Медиалды  ядролар  (ішкерленіс)  қатал  бір  ғана 
дыбыс  толқындарын  қабылдайды  да,  ол  серпіндерді  ми  қыртысының  самай 
аймағындағы есту орталығына жеткізеді. 
б)  ассоциативтік  (ұластырушы)  ядроларға  түрлі  серпіністер  таламустың 
арнамалы  жолдарынан  келіп  түседі.  Бұл  ядролар  қызметі  ми  қыртысындағы 
осындай  аймақтар  қызметімен  тығыз  байланысты.  Сондықтан  бұлар  жоғары 
анализдік, 
синтездік 
үдерістеріне, 
ми 
қыртысының 
бірлестіруші 
(интегративтік)  қызметіне  қатысады.    Олардың  белсенділігі  әсіресе 
ауыртатын тітіркендіру әсерінен жоғарылайды; 
      2) бейарнамалы  (телімсіз, бейспецификалы) ядролар. Бұл ми қыртысына  
серпіністерді  жеткізетін  бейспецификалы  жолдар,  мүнда  биопотенциалдар 
жиілігі өзгереді (моделдеуші қызметі); 
      3)  қозғалтқыш  ядролар.  Оларға  мишықтан  және  кыртысасты  базальды 
ядролардан  серпіністер  келіп  түседі  және  ми  қыртысының  қозғалтқыш 
зонасына проекциялық серпіністер жеткізеді. Дененің кеңістіктегі қалпының 
сақталуын, қимылдардың жүйелі, өзара келісімді болуын қамтамасыз етеді. 


Сондықтан бұл ядролар қимылды реттейтін жүйе қатарына кіреді.  
      Сөйтіп  таламус,  иіс  сезу  қабылдағыштарынан  басқа,  барлық  афференттік 
ақпараттарды үйлестіруші орталық (коллектор) болып саналады. 
      Гипоталамус  көру  төмпешігі  астында,  ІІІ  ми  қарыншасының  түбінде 
және  жақтауларында  орналасқан  көп  ядролы  (32  жұп)  құрылым.  Оның 
құрамына  сұр  төмпешік,  құйғы  (воронка)  және  емізікше  дене  кіреді. 
Ядроларының  жатқан  орнына  қарай  преоптикалық,  алдыңғы,  ортаңғы 
(медиалды), бүйірдегі (латералды) және артқы болып 5 топқа бөлінеді. 
      Гипоталамус – қыртыс астындағы  вегетативтік жүйке жүйесінің жоғарғы 
біріктіруші  (интеграциялық)  орталығы  болып  есептеледі.  Оның  артқы 
ядроларында  симпатикалық  жүйке  жүйесінің    жоғарғы  бөлімі,  ал  алдыңғы  
ядроларында    парасимпатикалық  жүйке  жүйесінің  орталығы,ал  ортаңғы 
ядроларда  зат  алмасуын  реттейтін  орталығы  орналасқан.  Ол  мына 
қызметтерді реттеуге қатысады: 
1)  жылу  алмасуды.  Алдыңғы  ядролары  –  жылу  шығындау  орталығы,  мұнда 
қоршаған  ортаның  температурасы  жоғарылағанға  жауап  ретінде    тердің 
шығуы,  тыныс  жиілігі  және  тамырлар  тонусы  өзгеріп  реттеледі.  Артқы 
ядролары – жылу өндіру орталығы және темперутура  төмендегенде жылуды 
сақтауды қамтамасыз етеді; 
2)  гипофизді.  Гипоталамустың  супраоптикалық  және  паравентрикулярлық 
ядроларында (алдыңғы)  нейросекрециялық жасушалар бар. Олар гипофиздің 
алдыңғы  бөлігінің  бағыттаушы  (троптық)  гормондарының  сөлінісін 
күшейтелі  (либериндер)  не  төмендетеді  (статиндер).  Гипофиздің  артқы 
бөлігінің гормондары гипоталамустың супраоптикалық ядроларында түзіледі 
де,  олардың  аксондарының  бойымен  ағып  гипофиздің  артқы  бөлігінде 
жиналып  қанға  өтеді.  Гипоталамус  гипофиз  арқылы  шеткі  ішкі  сөлініс 
бездерінің  гормон  шығаруын  бірде  күшейтіп,  бірде  азайтып  организмнің 
көптеген  әрекеттерін  реттейді.  Сөйтіп  гипоталамус  гипофизбен  біріккен 
әрекеттік гипоталамустық-гипофиздік жүйе құрады. 
3)  май  алмасуды.  Латералды    және    вентромедиалді  («тойыну»  орталығы) 
ядроларды  тітіркендіргенде  жануар  алдындағы  асқа  қарамай,  тіпті  ішпей, 
жүдей  бастайды.  Осы  орталықты  кесіп  тастаса,  жануар  тамақты  қанша  ішсе 
де  тоймайтын  болады.  Тамақты  көп  жеу  (гиперфагия)  салдарынан  адам 
(жануар)  денесін  май  басады,  дене  салмағы  үлкейеді.  Бүйірдегі  ядроларда 
«аштық»  орталығы  орналасқан.  Оны  тітіркендірсе  жануар  алдындағы 
тамақты  қанша  болса  да  жей  береді  (тоймайды).  Ал  бұл  орталықты  алып 
тастаса, аш болса да ол тамаққа қарамайды (гипофагия) және қатты жүдейді 
(кахексия).  Осы  ядролар  аймағында  тағы  «шөлдеу»  орталығы  орналасақан. 
Бұл  орталықты  тітіркендірсе  адам  (жануар)  шөлдейді,  қайта-қайта  су  іше 
береді (полидипсия), шөлі қанбайды. 
4) 
көмірсулар  алмасуына.    Гипоталамустың  алдыңғы  ядроларын 
тітіркендіргенде  гипогликемия  (қандағы  глюкозаның  азаюы),  ал  артқы 
ядроларын - гипергликемия (қандағы глюкозаның көбеюі) байқалады. 
5)  жүрек-тамырлар жүйесіне. Алдыңғы ядроларын тітіркендіргенде тежеу, ал 
артқы ядроларын – белсендіру (қозу) әсерлеріне келтіреді. 


6)  асқорыту  жүйесінің  сөлініс  және  қимыл  қызметіне.  Алдыңғы  ядроларды 
тітіркендіргенде    асқорыту  жүйесінің  сөл  бөлу  және  қимыл  әрекеттері 
күшейеді, ал артқы ядроларын – тежеледі. 
7)  мінез-құлық  әрекеттеріне.  Алдыңғы  ядроларды  (эмоциогендік  аймақ) 
тітіркендіргенде  қуану,  қанағаттану,  эротикалық  сезімдер  пайда  болады, 
артқы  ядроларды  (стопорлық  аймақ)  тітіркендіргенде  үрейлену,  ызалану, 
айбат шегу сияқты әрекеттер байқалады және жыныстық әрекет тежеледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   140




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет