Республики казахстан қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі


 Үлкен жарты шарлар қыртысының физиологиясы



Pdf көрінісі
бет76/140
Дата17.04.2022
өлшемі1,31 Mb.
#31240
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   140
Байланысты:
Қалыпты физиология(@kaz medical students)

8.5. Үлкен жарты шарлар қыртысының физиологиясы. 
      Орталық  жүйке  жүйесінің  ең  жоғары  бөлімі  -  үлкен  жарты  шарлар 
қыртысы  болып  саналады.  Бұл  сұр  заттан  тұратын  жалпы  аумағы  2000  см
2
 
шамасындағы  жаңа  қыртыс  (неокортекс).  Ол ми  жарты  шарлары  бетінің  92-
96%-ын  жауып  жатады.  Ми  қыртысының  құрамында  шамамен  14  млрд-тан  
астам нейрондар болады. Олар құрылымдық және әрекеттік ерекшеліктеріне 
қарай  6  қабаттан  тұрады:  молекулярлық  (І),  сыртқы  түйіршікті  (ІІ),  сыртқы 
(ұсақ)  пирамидтік  (ІІІ),  ішкі  түйіршікті  (ІV),  ішкі  (орташа  және  ірі) 
пирамидтік (V), полиморфтық  (VI) жасушалар.   
      Жаңа  қыртыстың  І  және  ІV  қабаттарында  осында  келетін  сигналдарды 
қабылдау және өңдеу жұмыстары жасалады. ІІ және ІІІ қабаттар нейрондары 
қыртыс-қыртысаралық 
ассоциативтік 
(ұластырушы) 
байланыстарды 
жасайды. V және VI қабат нейрондарының аксондары ми қыртысынан төмен 
қарай  бағытталған  эфференттік  қозғалтқыш  жолдарды  (қыртыс-таламустық, 
қыртыс-бульбарлық, қыртыс-жұлындық) құрастырады. 
      Электрофизиологиялық  зерттеудің  нәтижесінде  (В.  Маунткасл,1957)  ми 
қыртысының нейрондары әрекеттік бірлескен, құрамында саны бірнеше жүз 
болатын  цилиндр  ішінде  (диаметрі  0,5-1,0  мм)  колонка  (бағана)  түрінде 
орналасатыны және тітіркендіргіштің бір ғана түріне жауап қайтаратындығы 
(мысалы,  жарық  немесе  дыбыс)  анықталған.  Мұндай  құрылымдар  ми 
қыртысының 
қозғалтқыш 
(моторлық) 
және 
сезімдік 
(сенсорлық) 
аймақтарында табылған. 
      И.П.Павловтың  айтуынша  ми  қыртысы  организм  тірлігінің  ең  жоғары 
басқарушысы және орнын тауып ұйымдастырушысы. 
      Үлкен жарты шарлар қыртысының негізгі қызметтері: 
1) біріктіру (интеграция) – ойлау, сана-сезім, тіл-сөйлеу; 
2) организмнің сыртқы ортамен байланыстарын қамтамасыз ету және оның 
    өзгерістеріне бейімдеу; 
3) организм мен оның ішкі жүйелері арасындағы өзара әрекеттесуін 
    нақтылау; 
4)  қимыл-қозғалысты    үйлестіру  (координация)  –  ерікті  қимылдар  жасау 
мүмкіндігі, еріксіз қимылдарды дәлірек ету, негізгі қимылдарды іске асыру. 
      Бұл  қызметтердің  бәрі  түзетуші,  іске  қосушы  және  бірлестіруші 
механизмдермен жүзеге асырылады. 
      Үлкен жарты шарлар қыртысының негізгі әрекеттік аймақтары. 


      Қазіргі 
көзқарастар  бойынша,  цитоархитектониялық  белгілеріне 
(нейрондардың  түрлері  мен  орналасуына)  сәйкес  ми  қыртысы  бірнеше 
әрекеттік  аймақтарға  (сезімдік,  асоциативтік,  қозғалтқыш,  т.б.)  және  52 
алаңдарға  бөлінеді (К. Бродман бойынша). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   140




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет