Республики казахстан национальный центр тестирования экзаменационный тест



Pdf көрінісі
бет3/4
Дата03.11.2022
өлшемі0,57 Mb.
#47125
1   2   3   4
Байланысты:
2 5332275298975091685

Чтение 
Инструкция: Внимательно прочитайте текст и выполните тестовые 
задания с выбором одного правильного ответа.
Журналист Қайнар Олжайдың «Жер мен Аспан арасындағы дастан» 
атты кітабы. 
«Аспаннан пакет жауған күн» туындысы 
1. Қазақта бұрын мұндай күн болмаған еді. Енді жерінің кӛркі ықылым 
заманнан саяхатшыларды таң қалдырған Жуалыда Шерхан Мұртазаның 80 
жылдығы тойланғанда дүйім жұрттың алдынан пакет бұрқырады. Тұрар 
тамсанған, Бауыржан сағынған, Шерхан шаттана жазған табиғаттың неге 
айналғанын айғақтау үшін сырғақ жауатын аспаннан пакет жауғызған
қайран ағайын! 
2. Иә, күн желкем еді. Ӛз кӛзімізбен кӛріп отырдық. Кӛпшіліктің 
қошеметімен мемлекеттік хатшы Мұхтар Құл-Мұхаммед, Қазақстанның 
Еңбек Ері, Халық жазушысы Әбіш Кекілбай, бұрынғы Сенат тӛрағасы, енді 
ел ағасы Ӛмірбек Байгелді кезегімен мінберге беттегенде солармен жарысып 
пакеттер де кӛп алдынан ӛтіп жатты. 
3. Жермен домалап ӛтті, ауамен қалықтап ӛтті. Бірі мінбер қойылған 
сахнаның босағасына, бірі әріректе тулар ілінген сырыққа, енді бірі одан әрі 
қаз-қатар теректерге тіреліп жатты. 
4. Біздің жаман қасиетіміз бар. Санаймыз. Австрия мен Италия 
арасында тескен тауларды, Лондоннан Нью-Йоркке ұшқанда Атлант 
мұхитында иненің жасуындай болып кӛрінетін кемелерді, бӛлімше орталығы 
болған Үштӛбеден фермер ағамыздың қыстауы Молдажарға дейін 
Тарбағатай тӛскейіндегі суырларды санағанбыз. 
5. Енді алдымыздан кӛктей ұшқан пакеттерді санадық. Мемлекеттік 
хатшы мінберге шығып түскенше алуан түрлі, алуан пішінді тӛрт пакет 
желмен ұшып ӛтті. Жүрісі де, сӛйлеу мәнері де інісінен баяулау Әбекеңді 
алты пакет «алқалады». Берідегі Шерхан Мұртазаның «Айынан» арыдағы Ли 
Баоның «Айына» дейінгі аралықты адақтаған Байгелдінің ұзақ сӛзіне тоғыз 
пакет тап келді. 
6. Аспаннан пакет жауып жатса да, еліміз осы экологиялық кеселмен 
күресті бастаған жоқ. Мына әлем елдерінде, олардың жекелеген қалалары 
мен аймақтарында пластик ыдыс пен пакеттерге тыйым салынғанын айтсақ, 
енді оны жинап кәдеге жарату тәжірибесіне тоқталайық. 



7. Іргелес Ӛзбекстанда бірнеше жылдан бері пластик құтыларды жинау 
жолға қойылған. Янигул қаласында бүкіл Ташкент облысынан шыққан 
полиэтилен қалдықтарды ӛңдейтін зауыт бар. Қайта балқытып, кӛкӛніс пен 
жеміс салатын жәшіктер шығарады. Бұрынғы ағаш пен темір жәшіктерден 
қолайлы болған соң диқандар жаппай алу үстінде. Айтпақшы, осылай 
полиэтилен қалдықтарды басқа қоқыстан айырып, жинап беруге 
машықтанған бір топ ӛзбек азаматы Қазақстанның солтүстігіндегі Петропавл 
қаласындағы күлтӛкпеден нәпақа тауып жүрген. Олар ай сайын екі тонна 
полиэтилен жинап береді екен. Әр келісін он теңгеден ӛткізеді. Осы тӛрт 
жігітті ӛзгеге үлгі ету орнына біздің қырағы полиция үш тәулік абақтыға 
жауып, одан соң атамекендеріне аттандырыпты. 
321 сӛз 
11. Mәтіннің үшінші азатжолындағы асты сызылған сӛздің байланысу түрі 
A) меңгеру 
B) қиысу 
C) қабысу 
D) матасу 
E) жанасу 
12. Kӛршілес елдің пластик құтылардан қайта ӛңдеп жасайтын заты 
A) құты 
B) ыдыс-аяқ 
C) пакет 
D) жәшік 
E) сӛмке 
13. Mәтінде кездесетін сан есімдердің мағыналық түрі 
A) жинақтық сан есім 
B) реттік сан есім 
C) есептік сан есім 
D) бӛлшектік сан есім 
E) топтау сан есім 
14. Қазақстандағы ӛзбек азаматтарының ай сайын жинап ӛткізген 
полиэтилені
A) 2 т 
B) 100 кг 
C) 1 т 
D) 150 кг
E) 3 т 
15. Aспаннан пакет жауған күні болып жатқан іс-шара 
A) Ӛмірбек Байгелдінің телеарнаға сұхбат беруі 
B) Мұхтар Құл-Мұхаммедпен кездесу кеші 
C) Экология мәселелеріне байланысты жиналыс 
D) Әбіш Кекілбаймен кездесу кеші 
E) Ш.Мұртазаның мерейтойы





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет