Ресурстарын



Pdf көрінісі
бет118/142
Дата12.01.2022
өлшемі1,63 Mb.
#23976
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   142
 
Д ҚОСЫМША МАТЕРИАЛЫ 
 
(авторлық аударма) 
Қызметкерлер бойынша менеджер 
 
Лауазымдық міндеттері. Адам ресурстарына қатысты компания мүдделерді 
серіктестер  мен  мердігерлер  алдында  көрсетіледі.  Бейімделу,  команда  құру, 
тұлғалық  өсу  бағдарламаларын  жүргізу.  Қызметкерлерді  тиімді  пайдалану  жəне 
кəсіби  жетілдіру  үшін  ұйымның  жалпы  мақсаттары  мен  кадрлық  саясатының 
нақты  бағыттарына  сəйкес  олармен  жұмысты  ұйымдастыру.  Ұйымды  қажетті 
кəсіптігі,  мамандығы  жəне  біліктілігі  бар  қызметкерлермен  қамтамасыз  етеді. 
Қызметкерлерге  қажеттілікті  анықтайды,  қажетті  кадрлармен  қамтудың  мүмкін 
көздерін анықтау мақсатымен еңбек рыногын зерттейді. Қызметкерлермен толық 
қамту  үшін  кадрларды  тарту  жұмысын  жүргізеді,  жұмысқа  жалданатындармен, 
оның  ішінде  жоғары  оқу  орындарының  түлектерімен  əңгімелесу  өткізеді. 
Қызметкерлерді  оқытуды  ұйымдастырады,  олардың  біліктілігін  жоғарылату  мен 
іскерлік  мансабын  дамыту  бойынша  жұмысты  үйлестіреді.  Қызметкерлердің 
еңбегінің, аттестациядан өтуінің, лауазымдардың бос орнын толтыру нəтижелерін 
бағалауды  ұйымдастырады.  Бөлімшелер  басшыларымен  бірігіп  жалдау,  аудару, 
қызмет  бабымен  жылжыту,  лауазымын  төмендету,  əкімдік  жазалау,  жұмыстан 
босату  мəселелері  бойынша  шешім  қабылдауға  қатысады.  Қызметкерлердің 
іскерлік  жəне  тұлғалық  қасиеттерін  бағалайтын,  лауазымдық  өсімін  ынталан-
дыратын  жүйелерді  жасау.  Қызметкерлерді  басқаруды  ұйымдастыру  мəселесі 
бойынша  əр  деңгейдегі  басшыларға  кеңес  береді.  Ұжымның  əлеуметтік  дамуын 
жоспарлауға,  еңбек  таласы  мен  дауларын  шешуге  қатысады.  Жеке  еңбек 
келісімдерін  құрайды  жəне  жасайды,  қызметкерлердің  жеке  істерін  жəне  басқа 
кадрлық құжаттарын жүргізеді. Өзіне бағынышты адамдарды басқарады. 
Білуге  тиіс:  қызметкерлерді  басқару  бойынша  ұйымның  қызметін 
реттейтін  Қазақстан  Республикасының  заңнамалық  жəне  басқа  нормативтік 
құқықтық  актілері;  Қазақстан  Республикасының  еңбек  туралы  заңнамалары; 
нарықтық  экономика,  кəсіптік  жəне  бизнесті  жүргізу  негіздері;  жұмыс  күші 
мен  білім  беру  қызметінің  рыногының  конъюнктурасы;  стратегиялық  жос-
парлау,  салық  салу  тəртібі;  маркетинг  негіздері;  бейімделу  бағдарламаларын 
білу; HR-технологиясын,  жұмыс  күші  мен  білім  беру  қызметі  рыногының 
конъюнктурасын  өте  жақсы  білу;  қызметкерлерді  басқарудың  заманауи 


Адам ресурстарын басқару 
 
 
тұжырымдамалары;  еңбекке  ынталандыру  негіздері  жəне  қызметкерлерді 
бағалау жүйелері; кадрларды оқыту жəне біліктілігін жоғарылату түрлері мен 
əдістері;  жеке  еңбек  келісімін  жасау  тəртібі;  менеджментті  ұйымдастыру 
əдістері; өндіріс технологиясының негіздері жəне ұйымның даму келешектері, 
басқару құрылымы жəне кадр құрамы; жалпы жəне əлеуметтік психология мен 
еңбек  социологиясының  негіздері;  өндірістік  педагогика  негіздері;  іскерлік 
қатынас  этикасы;  қызметкерлерді  басқарудың  отандық  жəне  шетелдік  озық 
тəжірибесі;  іс  жүргізу  негіздері;  ақпаратты  заманауи  техникалық  құралдары, 
коммуникация  мен  байланыс,  есептеу  техникасын  қолдану  арқылы  өңдеу 
əдістері; еңбекті сақтандыру ережелері мен нормалары. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   142




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет