БАИШЕВ УНИВЕРСИТЕТІ
Сағынова А.М.
ТЕСТІЛЕУ ЖӘНЕ БІЛІМДІ КОМПЬЮТЕРМЕН БАҒАЛАУ
ПӘНІН ОҚЫТУДА ДӘСТҮРЛІ ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУ БОЙЫНША
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Ақтөбе, 2019 ж.
БАИШЕВ УНИВЕРСИТЕТІ
БЕКІТЕМІН
ОӘЖ жөніндегі проректор м.а.
________ Г.Н.Актайлакова
|
«__»___________ 20__ ж.
|
Сағынова А.М.
ТЕСТІЛЕУ ЖӘНЕ БІЛІМДІ КОМПЬЮТЕРМЕН БАҒАЛАУ
ПӘНІН ОҚЫТУДА ДӘСТҮРЛІ ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУ БОЙЫНША
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Ақтөбе, 2019 ж.
Баишев Университетінің оқу-әдістемелік кеңесінде мақұлданды. Хаттама №_____ «____» _________ 20____ж.
5В060200 Информатика мамандығының білім алушыларына арналған оқытудың дәстүрлі және инновациялық оқыту технологиясын қолдану бойынша әдістемелік нұсқау
Құрастырушы: Сағынова А.М.
Рецензенттер:
Бигалиева М.Ж. – т.ғ.к., Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті «Информатика және ақпараттық технология» кафедрасының доценті.
Казбекова Г.Н.–т.ғ.к., - Баишев университеті «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» кафедрасының доценті
© Баишев университетінің оқу-әдістемелік қамтамасыз ету және білім беру бағдарламаларын дамыту бөлімі 2019 ж.
МАЗМҰНЫ
-
Алғы сөз
|
6
|
Оқыту технологиясының мәні, мақсаты, ерекшеліктері
|
7
|
Оқыту технологиясын қолдану жолдары
|
9
|
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
|
15
|
Алғы сөз
«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет».
Н.Ә.Назарбаев
Білім беру жүйесінде педагогикалық технологияны қолдану келешек ұрпақтың еркін дамуына, жан-жақты білім алуына, белсенді, шығармашыл болуына жағдай жасау әрбір педагогтың міндеті болып табылады.
Жаңа педагогикалық технологияларды күнделікті сабақ үрдісінде пайдалану үшін, әр оқытушы алдында отырған студенттердің пән бойынша білімдерін ескере отырып, педагогтік мақсатына, мүддесіне сай, өзінің шеберлігіне орай таңдап алады. Бұл жаңа технологиялар-студенттердің шығармашылық қабілеттерін, терең ойлай білуін, теориялық негіздерін, эстетикалық көзқарастарын пайымдауын, баға беруін қалыптастырады. Бұл жаңа инновациялық технологияларды енгізудің мақсаты – студенттердің алатын білімдерін сапалы ету, оның толыққанды жеке тұлға болып қалыптасуына негіз болу. Осыған орай қазірде инновациялық технологиялар көптеп саналады және олар білімнің жаңа мазмұнын жүзеге асыру үшін қажет-ақ.
Оқыту технологиясының мәні, мақсаты, ерекшеліктері
Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз - сабақта студенттердің қызығушылығын арттыра отырып, өз ойыңды еркін және зерттей талпындырып, тұжырым жасау. Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз — ой қозғай отырып, студенттің өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап, естіген, білгенін талдап, салыстырып, реттеп, сұрыптап, жүйелеп, білмегенін өзі зерттеп, дәлелдеп, тұжырым жасауға бағыттау өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасау. Сын тұрғысынан ойлау – оқу мен жазуды дамыту бағдарламасы. Студентті оқытушымен, топтағы өзге студенттермен еркін сөйлесуге, пікір таластыруға, бір-бірінің ойын тыңдауға, құрметтеуге, өзекті мәселені шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты жеңуге баулитын бағдарлама. Студент — ізденуші, ойланушы, өз ойын дәлелдеуші. Оқытушы — әрекетке бағыттаушы, ұйымдастырушы.
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы – әлемнің түкпір-түкпірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Тәжірибені жүйеге келтірген Джинни Л.Стил, Куртис С.Мередит, Чарльз Тэмпл. Жобаның негізі Ж.Пиаже, Л.С.Выготский теорияларын басшылыққа алады. Мақсаты студенттерге кез келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету.
«Сын тұрғысынан ойлау» ұғымы белгілі бір идеяларды қабылдай отырып, оның неге қатысты екенін зерттеу, оларды жеңіл септикалық ойларға қарсы қоя білу, салыстыра алу, сол идеяларға қарсы көзқарастармен тепе-теңдікте ұстап зерттеу, оларға сеніммен қарау деп түсіндіреді авторлар.
Сыни ойлау – белгілі бір мәселе туралы бар идеяларды жинақтап оларды қайта ой елегінен өткізу және шешім қабылдаумен аяқталатын күрделі психологиялық үрдіс» екенін атап көрсеткен. Сыни ойлау – адам өмірінің бір саласы. Себебі, бұл философия адамдарға көптеген жолдар мен шешімдер ішінен маңызды әрі пайдалы екенін, тек қажетті ақпараттарды ғана жинақтап, жаңа білімді бұрынғыдан ажырата алуға көмектеседі. Сыни ойлауды дамыту технологиясының дәстүрлі оқытудан басты айырмашылығы – білімнің дайын күйінде берілмеуі.
Аталмыш бағдарламаның ішкі құрылымында ерекшелік бар. Бұл құрылым үш деңгейден тұратын оқыту мен үйретудің үлгісі. Көп ақпаратты талдай, жинақтай отырып ішінен қажеттісін алуға үйретеді.
Технология бойынша әр сабақ үш кезеңнен тұрады:
қызығушылықты ояту;
мағынаны ашу;
ой толғаныс.
Бірінші кезең «Қызығушылықты ояту»
Кезеңнің мақсаттары:
оқушы өзінде қалыптасқан білімі мен түсініктерін өзектендіру;
оқылатын тақырыпқа танымдық қызығушылықты ояту;
оқушының белсенділігін ояту;
Екінші кезең «Мағынаны ашу»
Кезеңнің мақсаты:
жаңа ақпаратпен танысу;
жаңа ақпараттармен өз білімімен ара — қатынас белгілеу
Қолдануға болатын әдістер мен тәсілдер:
мұғалім ұсынған белсенді оқыту әдістерін қолданып, жаңа тақырып материалдарын тыңдайды, оқиды;
жаңа ақпараттардың мәнін түсіну барысында мәтін шетіне белгі қояды немесе жазып алады;
қарастырылған материалдармен жұмыс істеу барысында өз түсінгенін қадағалайды, алдына қойған мақсаттарына жету үшін белсенді әрекет етеді.
Белсенді оқу әдістерін қолдану:
инсерт;
екі жақты күнделік;
қосымша журнал;
сабақтың бірінші кезеңінде қойылған сұрақтарға белсенді түрде жауап іздеу және т. б.
Бұл кезеңде жаңа ақпараттармен, ойлармен танысады, тиісті тақырыпқа байланысты кино көру, дәріс, әңгіме, тыңдау немесе тәжірибе — эксперимент жасау, мультимедиялық құралдарды пайдаланады. Сабақта жұмыс дара және жұп түрінде жүргізіледі.
Үшінші кезең «Ой толғау»
Кезеңнің мақсаты:
қабылданған жаңа және ескі түсініктердің ара қатынасын ашу.
оқылған материалды талдау және қорытындылау.
тақырыпты мұнан әрі меңгеру бағытын анықтау.
Мағынаны тану кезеңінде білімге сүйене отырып, бұрын және сабақ барысында не үйренгенін салыстырады.
Қарастырған тақырыптың мәнін толық түсіну және өзіне қойылған мақсатты іске асыру үшін жаңа тақырыпты талдайды, қажеттісін іріктеп алады.
өзіне қойған сұрақтарға мағыналы жауап алғандарын бағалайды.
Алған білімдерін өмірмен байланыстырады, қорытынды нәтиже шығарады, өз бетімен жаңа идеяларды ойластырады. — кластер құру
әртүрлі кезеңдегі ақпараттардың өзара қатынасын сипаттайтын кестелер толтырады.
түйін сөздерге қайта оралу
дұрыс және дұрыс емесін мақұлдауға қайта оралу
рефлексивті сұрақтар
пікір алмасу
шығармашылық жұмыстар
Оқылған ақпаратты талдау, түсіндіру, шығарманы өңдеу жұмысы топ бойынша жүргізіледі.
«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау» бағдарламасының стратегияларын ұтымды пайдалану студенттердің шығармашылық қасиетін анықтауда, күшейтуде, оқытудың тиімділігін, сапасын арттыруда ерекше маңызды. Жаңа білімді қабылдау, бекіту, іскерлік пен дағдыны тәрбиелеу барысында жұмыс жүйесін, студенттердің дербес белсенді әрекетін дамытуда, өздік жұмысының тиімділігін арттыруда «Сын тұрғысынан ойлау» барысындағы стратегияларды білімді меңгертудің әр түрлі кезеңінде қолдануға болатынын тәжірибе көрсетті.
Оқыту технологиясын қолдану жолдары
Тақырып: «Тапсырманың альтернативті жауапты әдістері»
Сабақтың мақсаты: Электр тізбегін есептеу тәсілдерімен таныстыру, сызықты электр схемаларын түрлендіру.
Сабақтың түрі: дәріс
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі-иллюстративтік
Қолданылатын технология: оқу мен жазуды сын тұрғысынан ойлау.
Пәнаралық байланыс: математика
Құрал жабдықтар: проектор, электрлік схемалар
Сабақ барысы:
- Ұйымдастыру кезеңі - 2 минут:
а) Студенттерді түгелдеу
ә) Сабақтың мақсатымен және жоспарымен таныстыру.
Өткен тақырыппен байланыс (қысқаша сұрақтар бойынша шолу жүргізу) – 5 минут:
1. Электр тізбегі дегеніміз не, оны сипаттайтын негізгі шамалар, негізгі элементтері.
2. Ом заңдары қалай өрнектеледі?
4. Потенциалдар диаграммасын қалай құрамыз?
5. Кирхгоф заңдарын тұжырымдаңыз.
Жаңа тақырыпты баяндау – 35 минут.
1 слайд:
Қандай да бір жүйені бақылаудың(тестілеу) екі амалын ерекшелеп айтуға болады:
1) «ақ жәшік» әдісі - білімнің сараптау моделін тестілеу принципі;
2) «қара жәшік» әдісі – кіріс және шығыс деректерін бақылау принципі бойынша (компьютерлік тестілеу үшін ең қолайлы) қандай да бір күрделі жүйелерді тестілеу.
Тестілеу – оқушының жеке басының білім моделінің эксперттік сарапатамалық білім моделіне сәйкестігін бағалау процесі. Тестілеудің басты мақсаты - осы модельдердің сәйкес еместігін анықтау (білім деңгейін өлшеу емес), олардың сәйкес еместігінің деңгейін бағалау болып табылады.
Тестілеу берілген тест жиынтығынан тұратын, арнайы тест арқылы жүзеге асырылады.
Тестік тапсырмалар - бұл пән саласы бойынша нақты жауапты талап ететін немесе белгілі бір іс-әрекеттің алгоритмін орындайтын анық және айқын тапсырма.
Тест – оқушы білімін, біліктілігі мен дағдысын бақылаудың немесе оқушы білімінің бір сапалық қасиеті бар-жоғын тексерудің ерекше түрі болып табылады .
2слайд. Тест –білім алушының пән саласындағы сараптау моделіне сәйкестігін бағалауға жол беретін өзара байланысқан тестік тапсырмалар жиынтығы.
Тестік кеңістік – барлық модульдер бойынша көптеген тестік тапсырмалар білімнің сараптау моделі.
Эквиваленттік класы – оқушының бір тапсырманы орындауы басқа тапсырмалардың орындалуына кепіл болатын көптеген тестік тапсырмалар.
Толық тест – көптеген кіші тестік кеңістік, білімнің жеке бас моделі мен сараптау моделі арасындағы сәйкестікті объектівті бағалау.
Бақылау бойынша сараптаудың ең күрделі міндеті - оқушының жеке бас моделімен сараптау моделінің сәйкестігі немесе сәйкес еместігінің деңгейін барынша объективті бағалауға мүмкіндік беретін тест құрастыру болып табылады.
3 слайд Тест тапсырмаларының таңдауын «ақ жәшік» әдістемесі арқылы сарапшы-педагогтар жүзеге асырады, ал оның жарамдылығын «қара жәшік» арқылы бағалайды.
4 слайд Тест тапсырмаларын құрастырудың ең қарапайым жолы – таңдап алған ұғым қасиеттері туралы білімін талап ететін жаттығуларды орындау, семантикалық баған түйіндерінің құрамы түсініктеріне сұрақтар құрастыру. Ұғымдардың арасындағы қарым-қатыстарды анықтайтын тест тапсырмаларын әзірлеу - ең күрделі саты болып табылады. Тапсырмалардың одан да тереңірек деңгейі жеке модульдар арасындағы ұғымдардың байланысын анықтайтын тесттерді таңдаумен байланысты.
Көптеген тест тапсырмалары (тест алаңы), атап айтқанда, тест тапсырмаларының толық тестілеу принципіне сәйкес, шексіз болуы мүмкін. Алайда, әрбір нақты жағдайда пайдалануы оқушы білімінің сараптамалық білім моделі (толық тест) бойынша берілген критерийлерге сәйкестігін үлкен дәлдікпен бағалауға мүмкіндік беретін соңғы көптеген кіші тестік тапсырмалар болады.
5 слайд Толық тестен тиімді тесті (берілген критерилер арқылы оқушының жеке бас моделін бағалауға кепіл болтын көлемі бойынша оңтайлы тест тапсырмаларының жиынтығы) таңдап алуға болады. Тиімді тесті таңдап алу тест кеңістігін эквиваленттік сыныптың, шекаралық жағдайдың, жолдарды жабудың және тұжырымдамалар мен модульдер арасындағы логикалық байланыстарға тестер құрастырудың сәтті бөлінуіне байланысты.
Алдағы уақытта тестік тәжірибе түзету жүргізуге және тесті пайдалану түріне дейін жеткізуге мүмкіндік беретін топ оқушыларына қажет.
6 слайд Осылайша, компьютерлік тест құрылысын бірізділікпен жүзеге асыруға болады:
·мақсатты сараптамалық білім моделін формализаиялау;
·төмен (немесе төменнен - жоғарыға дейін) сынақ кеңістігін жобалау;
·тест тапсырмаларын қалыптастыру және толықтыру;
·толық компьютерлік тест қалыптастыру;
·тесттік эксперимент;
·тиімді тест таңдау;
·тесті сараптау, түзету және пайдалану түріне дейін жеткізу.
7 слайд Компьютерлік оқыту әлемнің алдыңғы қатарлы ғалымдарын, педагогтарын және әдіскерлерін жұмылдыратын өте қызықты және болашағы бар зерттеу саласы болып қала береді. Компьютерлік оқытуды енгізумен бірге оқытудың дәстүрлі жолдары және стилі өзгере бастады. Осы өзгерістердің адам тағдырына, жалпы өркениетке тигізер әсері мен маңызына баға жетпейді.
Әрі қарай топ студенттері бірнеше шағын топтарға бөлінеді. Әр топқа үлестірме қағаз арқылы тізбек беріледі, топ студенттері бір-бірімен ақылдасып отырып, берілген әдіс бойынша тізбек токтарын есептеп табады. Оқытушы үнемі олардың жұмысын қадағалап отырады.
Жаңа сабақты бекіту – 5 минут.
INSERT кестесін толтыру
Достарыңызбен бөлісу: |