Ресурстарын


Жалақының ең аз мөлшері мен ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы



Pdf көрінісі
бет78/142
Дата12.01.2022
өлшемі1,63 Mb.
#23976
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   142
Жалақының ең аз мөлшері мен ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы 
 
 
2005 2006 2007 2008 2009 2010 
1. Жалақының ең аз 
мөлшері, теңге 
8100 9200 9752 11270 13594 14952 
2. Халықтың орташа 
айлық ең төменгі күн-
көріс деңгейінің ша-
масы, теңге 
6014 8410 9653 12364 12660 13487*
3. 2-шінің 1-шіге 
қатысы, пайызбен 
74,2 91,4 99,0 109,7 93,1 90,2 
 
*алдын ала деректер 
 
Жалақы  жұмыс  күшін  ұдайы  өндірудің  жалғыз  көзі  емес. 
Жұмыс  күшін  ұдайы  өндіру  шығындарына  ауырған  күндерін, 
кезекті демалысын, басқа мамандықты игеру, амалсыз жұмыста 
болған үзілістерді, зейнет төлемдері кіреді. Жұмыс күшін ұдайы 
өндіру əлеуметтік сипатты əртүрлі төлемдер жəне т.б. арқылы да 
жүргізіледі. 
Сонда да жалақы жұмыс күшін ұдайы өндіруінің басты көзі 
болып  қалуда.  Жалақының  тарифтік  бөлігі  оның  минималдық 
деңгейімен  реттеледі,  ал  бұдан  тыс  жалақы  құрылымына 
сыйақылар,  үстеме  жəне  қосымша  төлемдер,  еңбек  нəтижесі 
немесе  еңбек  үлесімен  тура  байланысы  жоқ  төлемдер  жəне  т.б. 
жатқызылады.  Мемлекет  тұсынан  əлеуметтік  қолдау  мүмкінші-
ліктерінің де маңызы зор. 


Адам ресурстарын басқару 
 
160
 
 
Тарифтік  жүйе  жалақы  деңгейін  реттейтін  нормативтер 
жиынтығынан  тұрады:  тариф  кестесі,  бірінші  разрядтың  тариф 
ставкасы мен тарифтік анықтамалар. 
Тариф  кестесі  тариф  кестесінің  диапазонымен,  тарифтік 
разрядтарымен,  тарифтік  коэффициенттерімен,  тарифтік  коэф-
фициенттерінің  абсолюттік  жəне  салыстырмалы  өсу  параметр-
лерімен сипатталынады. 
Кез келген разрядтың тарифтік ставкасын бірінші разрядтың 
тарифтік  ставкасын  тиісті  разрядтың  тарифтік  коэффициентіне 
көбейту арқылы табады.  
Осылай  табылатын  бірыңғай  сағаттық  тарифтік  кестені 
«Алматы  ауыр  машина  жасау  зауыты»  АҚ-ның  мысалында 
келтіруге болады: 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   142




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет