Ресурстарын



Pdf көрінісі
бет87/142
Дата12.01.2022
өлшемі1,63 Mb.
#23976
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   142
күтілінетін  шартты  құнына  қызметкердің  ұйымға  əкелетін 
болашақ  табысы  кіреді  жəне  қызметкер  қалған  өмірінде  осы 
ұйымда жұмыс істейді деп ұйғарылады. Қызметкер осы ұйымда 
кейбір  уақытта  ықтималдықпен  жұмыс  істейтін  болса,  онда 
оның құндылығы күтілініп іске асырылатын құнын анықтайды 
(РС). 
Мұны  келесі  математикалық  модель  түрінде  көрсетуге 
болады: 
 
 
 
 
Т
Р
РС
РС
УС
АИТ
P
T
P
P
УC
PC








0
1
0
 
бұл жерде: 
Р(0) – қызметкердің  ұйымда  біраз  уақыт  жұмыс  істеп  қалу 
ықтималдығы; 
Р(Т) – қызметкердің  ұйымнан  кетіп  қалу  ықтималдығы 
немесе тұрақсыздық көрсеткіші; 
АИТ – тұрақсыздық көрсеткіші. 
Берілген  модельде  адам  ресурстарының  құны  ықтималды 
шама  болып  келеді.  Сол  себепті  ұйым  ең  жоғары  əлеуетті 
қызметкерді емес, ең жоғары іске асырылатын құны бар қызмет-
керді қалауы керек. 
Қызметкердің  шартты  құны  мен  іске  асырылатын  құнын 


Сейсембай Жұмамбаев  
 
177
 
 
ақшалай  түрінде  есептеу  үшін  Флэмхольц  стохастикалық 
(ықтималды) позициялық аталатын моделін пайдаланады. 
Ақшалай түрінде есептеу алгоритмі 5 қадамнан тұрады. 
Бірінші  қадамда  бірін-бірі  жоққа  шығаратын  лауазымдар 
немесе  ұйымда  қызметкерлер  жұмыс  істейтін  позициялардың 
жиынтығын айқындайды. 
Екінші  қадамда  ұйым  үшін  əр  позицияның  құнын  айқын-
дайды, ол құн ұйымның жалпы нəтижесіне қосқан қызметкердің 
жеке  үлесі  болып  келеді.  Берілген  лауазымда  қызметкердің 
əкелетін  болашақ  табысының  өлшемін  позициялық  құны  деп 
белгілейді (ПС). 
Үшінші  қадамда  аналитикалық  əдісті  немесе  эксперттік 
бағалау əдістерін қолданып, берілген ұйымда адамның күтілетін 
жұмыс істеу мерзімін анықтайды.  
Төртінші  қадамда  болашақта  белгілі  кезде  бірінші  қадамда 
белгіленген  позицияның  бірінде  қызметкер  жұмыс  істеу 
ықтималдығы есептелінеді. 
Ең  соңғы,  бесінші  қадамда  болашақта  күтілініп  отырған 
ақшалай  табысты  жұмыс  күшінің  бүгінгі  құнын  айқындау 
мақсатымен дисконттайды. 
Қызметкердің  ізделіп  отырған  іске  асырылатын  құны 
болашақ жұмысының əр жылдағы күтілінген құндылықтарының 
қосындысы болып келеді. Мұны математикалық түрде келесідей 
көрсетуге болады: 
 
 





















1
1
1
1
m
n
t
t
i
i
i
r
R
P
R
УС
 
жəне 
 




















m
n
t
t
i
i
i
r
R
P
R
РС
1
1
1
 
 
бұл жерде: 
i = 1, …, m – барлық  болашақ  позициялар; m-позициясы – 
ұйымнан кету; 
R
i
 – позиция құны,  
P(R
i
) – қызметкердің  белгілі  уақыт  мерзімінде i-позиция-
сында  жұмыс  істеп,  ұйымға Ri табысын  алып  келу  ықтимал-
дығы; 
t – уақыт мерзімі; 


Адам ресурстарын басқару 
 
178
 
 
r – дисконт өлшемі; 
n – ұйымда  қызметкердің  жұмыс  істеуінің  ықтималды 
мерзімі. 
Сонымен,  іске  асырылатын  құны  шартты  құнынан  аз  болып 
келеді,  ол  түсінікті  де,  өйткені  екінші  формулаға  кету  жағдайын 
енгізу  бірінші  формулаға  қарағанда  басқа  позицияда  болу 
ықтималдығын төмендетеді. УС мен РС ақша өлшемімен анықта-
лады, өйткені позициялық құндар ақша бірлігімен алынған. 
Күнделікті тəжірибеде жəне статистикалық мəліметі ретінде 
жұмыс  күшіне  кеткен  шығынның  құнын  (еңбек  құнын) 
есептейді.  Бұл  көрсеткіш  қызметкерлердің  жалдауына  жəне 
олардың  еңбегін  пайдалануына  байланысты  шығындарды 
талдайды.  Еңбектің  халықаралық  ұйымының  анықтамасы 
бойынша: «Жұмыс күшіне кеткен шығынның құны – ол жұмыс 
берушінің  (кəсіпорынның)  жұмыс  күшін  ұстаумен  жəне 
пайдаланумен байланысты шығындары». Жұмыс күшіне кеткен 
шығындардың халықаралық стандарттық жіктеуі бар, сол жерде 
«еңбек  құны»  статистикалық  түсінік  ретінде  өзіне  келесілерді 
енгізеді: атқарылған жұмыстың еңбекақысы, ол уақытта жұмыс 
істелінбеген,  бірақ  берілетін  төлемдер,  сыйақы  мен  ақшалай 
сыйлықтар,  тамақтануға  бөлінген  шығындар,  кəсіпкердің 
қызметкерлерді  пəтер  үймен  қамтамасыз  етуге,  əлеуметтік 
сақтандыруға,  кəсіптік  даярлауға,  мəдени-тұрмыс  пен  басқа 
мақсаттарға кететін шығындары жəне төленетін тиісті салықтар. 
Осы жолмен есептелген Қазақстандағы жұмыс күшінің құны бір 
қызметкерге  шаққанда 2009 жылы 877599 теңгеге  тең  болған, 
оның ішінде ол көрсеткіш Атырау облысында – 1694874 теңгеге, 
Маңғыстауда – 1546496 теңгеге, Алматыда – 1224290 теңгеге, ал 
Жамбыл  облысында – 547910 теңгеге, Солтүстік  Қазақстанда – 
570360 теңгеге тең болды.  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   142




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет