түбір, жұрнақ
деген
сөздер жалпы халықтық лексикадан
«түбір»
сөзі – «
өсімдіктің тамыры»,
ал «
жұрнақ»
сөзі «
бір заттың қалдығы»
деген жалпылама мағына
білдірсе, ол арнаулы бір салада (лингвистикада):
түбір
–
«сөздердің әрі
қарай бөлшектеуге келмейтін мағыналы түпкі бөлшегі»
дегенді, ал
35
жұрнақ
–
«түбір сөзге жалғанатын қосымша»
дегенді білдіріп,
терминдік мағына алады. 2. Сөз тіркесінің құрамында қолданылу
ыңғайына байланысты. Тұрақты сөз тіркесіндегі сыңарлардың
тіркесу мүмкіндігі шектеулі болғандықтан, қосымша мағынада
жұмсалатын сөздермен тіркесу аясы тым тар болып келеді. 3. Сөз,
әдетте, басқа сөздермен байланыста тұрып, сөйлем ішінде
қолданылады. Соған орай олардың әр мағынасын әр басқа
контекст қана ашып көрсете алады. 4. Ішкі себеп көбінесе сөз
мағынасының кеңею немесе тарылу процестерінен байқалады.
Мәселен,
Отан
сөзі бұрын
«үй»
деген мағынада жұмсалып, әркім өз
үйін – өз отаны деп атайтын болса, бұл сөз қазір жаңа мағынада
қолданылып:
«ел, мемлекет»
дәрежесіндегі кең мағыналы сөзге
айналып, бұрынғы мағынасы ұмыт бола бастаған. Сондай-ақ,
қарындас
сөзі бастапқыда
«бірге туған, бір қарыннан шыққан»
деген
мағынада қолданылған болса, кейін келе ол бірге туғандардың ішінде
тек әйел жыныстысына және оның жасы кішісіне қолданылатындай
болып тарылған еді, ал қазіргі кезде мағынасы сәл кеңейіп бірге
тумаған болса да жасы өзінен кіші әйел адамдарды қарындас дейтін
болды. 5. Сөз номинативтік қызметінде қандай да бір сөз табына ене
отырып, белгілі бір мағынада жұмсалады. Кейде олар қолданыла-
қолданыла келе басқа бір сөз табының қарамағында жұмсалуы да
мүмкін. Ал ол сөз мағынасының өзгеруіне әкеледі. Мысалы, бұл
қазақ тілінде екі сөз табына бірдей сын есім мен зат есімге, сондай-ақ
етістік пен зат есімге қатысты болатын сөздерден айқын көрінеді.
Мәселен,
жамау
деген сөз етістік сөз табына еніп
«тозығы жеткен,
жыртылған затты (киімді) жөндеп тігу, бүтіндеу»
немесе «
қираған,
сынған заттарды бүтіндеп жөндеу, түзетіп ұқсату»
дегенді
білдірсе, зат есім мағынасында
«киімді бүтіндеу үшін салынатын өзі
түстес материал»
дегенді білдіреді. Сондай-ақ
тамаша
сөзі сын есім
тобына еніп
«өте жақсы, керемет»
дегенді білдірсе, заттық мағынада
«ойын-сауық, той-думан»
дегенді білдіреді.
Лексикалық жүйе единицаларының арасында жүйелік
қатынастың түрлерінің табиғи байланыстағы қатынастарының тағы бір
түрі бар. Ол – варианттылық қатынас. Лексика-семантикалық вариант
терминін алғаш рет А.И. Смирницкий қолданған. Ол сөздің лексикалық
мағынасын ажыратып, бірнеше мағыналардың бір ғана сөзбен берілуін
лексика-семантикалық вариант деп атаймыз дейді [29, 36].
Варианттылық қатынас тіл білімінде көп мағыналылық
(полисемия) және синонимия (полилексия) арқылы көрінеді. Яғни 1)
36
бір ғана сөздің өз тұлғасын өзгертпей (бір ғана лексема арқылы)
бірнеше мағыналарды беруі – бір сөздің мағыналық варианттары деген
атау алады. 2) бір ғана мағынаның (семема) бірнеше басқа сөздермен
берілуі мүмкін, оны сөз (түлға) варианттылығы дейміз. Сонда
бұлардың арасындағы қатынас – варианттылық қатынас деп
аталады.
Бір ғана сөз номинативті единица ретінде сөйлемде сөйлемнің
компоненті қызметін атқаруда қашан да өзінің грамматикалық
немесе лексикалық варианттарының бірінде келеді. Варианттардың
сипаты, біріншіден, сөздің атқару қызметіне, екіншіден, өзі келетін
контекске байланысты.
Көп мағыналы сөздің барлық мағыналары немесе лексика-
семантикалық варианттар, алдымен, өзара лексема ортақтығымен
байланысты. Сөз мағынасы мен оның табиғатын барлай зерттеген
орыс тіл білімінің лексикологы Э.В. Кузнецова: «...полисемия
құбылысы тілімізде бір тұлғаның (лексеманың) бірнеше
мағыналарын (семаларын) көрсетеді. Мұндай қатынасты
полисемант сызбасы түрінде былай беруге болады. Онда бір
лексема ЛСВ (лексика-семантикалық вариант) түріндегі бірқатар
мағыналы таңба-ономотемаға сәйкес келеді. Сондықтан да
лексеманың өзі морфонологиялық тұрғыдан түрлене алатынын
есептемесек және оны ономотема-сөздің бейнесі деп
қабылдасақ, біз көп мағыналы сөзді мынадай сызба бойынша
көрсете аламыз», - дейді:
семема
1
— ЛСВ
1
-------------------- контекст
1
ЛЕКСЕМА
семема
2
— ЛСВ
2
-------------------- контекст
2
семема
3
— ЛСВ
3
-------------------- контекст
3
Бұдан түсінетініміз, көп мағыналы сөздің мағыналары бір
лексемамен берілген бірнеше семантикалық варианттың шоғыры.
Бұл ЛСВ-тар (яғни жеке-жеке мағыналар) «сөздің ішкі
семантикалық парадигмасын құрай отырып, мағыналық жағынан бір-
бірімен байланысты әр түрлі контексте беріледі» [13, 100]. Бұлай болу
37
себебі сөз мағынасының өзгеруіне сөйлем ішінде оны қоршауына
алып, тіркесіп тұрған сөздердің әр тобы әр басқа әсер етеді. Сөздің
көп мағыналық реңкін тек контексте, басқа сөздермен тіркесіп,
байланысқа түскенде ғана аңғара аламыз. Бұл жөнінде Галкина-
Федорук былай деп өте жақсы айтқан: «Разные значения в слове
возникают в зависимости от того, в какой круг других слов и понятий
мы его включаем. Следовательно, значение слова определяется
контекстом, если оно многозначно» [30, 15].
Көп мағыналы сөздің барлық мағыналары белгілі бір құрылым
бойынша жиналып келіп сөздің ішкі сөздік семантикалық
парадигмасын құрайды. Көп мағыналы сөздің мағыналарының
арасында семантикалық байланыс болатыны белгілі. Яғни
полисемиялы сөздің әрбір жеке мағынасы басқа мағыналармен
қандай да бір ортақ сема арқылы байланысады. Міне, осылай
ортақ сема көп мағыналы сөздің әрбір жеке мағынасын бір-бірімен
байланыстыра келіп бір сөздің мағыналық варианттары болуын
қамтамасыз етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |