«етек»
сөзі ұқсастық белгісіне қарай:
1) Киімнің төменгі
жақ бөлігі. 2) Тау, өзен сияқты әр түрлі табиғат құбылыстарының
төменгі жагы, төменгі жері.
Ал бұл мағыналар орыс тілінде басқа-
басқа сөздер арқылы беріледі:
подол платья
–
көйлектің етегі;
подолье – жазық етегі;
подгорье
–
таудың етегі.
32
Сондай-ақ
«орта қап бидай»
немесе
«орта шелек сүт»
дегендегі
орта
сөзі орыс тіліндегі
среда
деп аударылатын орта
(қоршаған орта) деген мағынада да жұмсалады. Яғни бұл сөз өзінің
бастапқы мағынасын сақтай отырып, кең мағынада
«среда
–
орта»
мағынасында қолданылады. Керісінше, орыс тіліндегі
«мир»
сөзі омоним сөз
1) вселенная 2) спокойствие,
ал қазақ
тілінде бұл сөз омонимдік мағына бермейді. Себебі ол сөздің
білдіретін мағынасы екі түрлі сөз арқылы беріледі:
1)
вселенная
а) дүние; ә) әлем; 2)
спокойствие
сөзі де басқа-басқа сөздермен
беріледі:
а) тыныштық; ә) бейбіттік, жайшылық.
Сонымен, өзіміз байқап отырғандай, бір тілде көп
мағыналы болып келетін сөз екінші бір тілде бір мағынаны ғана
беруі мүмкін.
Жалпы, тілдің дамуы барысында сөздің мағынасында әр түрлі
өзгерістер болып жатады. Сөз мағынасының өзгеруінің екі түрлі
себебі бар: бірі – сыртқы факторлар, яғни тілден тыс; екіншісі –
ішкі себептер, яғни таза лингвистикалық үрдістерге байланысты
себептер. Сонымен, сөз мағынасының өзгеруінің тілден тыс
қоғамдық жағдайларға байланысты және тілдік процестерге,
тілдік жүйеге байланысты жағы болады. Алдымен, тілден тыс,
сыртқы факторлардың негізгілерін атайтын болсақ:
1)
Қоғамның дамуы барысында,
қоғам өміріндегі
жаңалықтардың негізінде, экономикалық, саяси және мәдени
жетістіктердің нәтижесінде біздің өмірімізде күнбе-күн біртіндеп бір
заттар мен құбылыстар пайда болып отырады. Және олар жөнінде
белгілі бір ұғым туады. Сол заттар туралы ұғым адам санасында
түпкілікті қалыптасып, өмір сүруі үшін нақты бір сөзбен атауымыз
керек. Ал қоғамдағы кездесетін барлық заттар мен құбылыстарды,
іс-әрекеттерді жеке-жеке сөздермен атау тілді оралымсыздыққа,
шамадан тыс күрделілікке әкелер еді. Өйткені нақты бір тілдегі
сөздердің бәрін бірдей меңгеріп алудың өзі сол тілде сөйлеуші
халыққа қиындық келтірері сөзсіз. О.Карцевский айтқанындай:
«Если знаки были бы неподвижны и каждый из них выполнял бы
только одну функцию, язык стал бы простым собранием этикеток» [27,
85]. Сондықтан жаңа бір ұғымды сөзбен атаудың екі түрлі жолы
бар. Бірі, ол ұғымдарды жаңа бір сөзбен атау, сөйтіп сөздік құрамды
байыту, яғни оған жаңа сөз ретінде ену. Екіншісі, тілімізде
бұрыннан бар сөздермен аталуы. Бізге таныс емес жаңа бір заттарды
немесе құбылыстарды көргенде қоғам өмірінде бұрыннан бар затты
33
немесе құбылысты есімізге салатын оның жеке бір белгілерін
байқаймыз. Соның негізінде заттардың түр-түс, процестер т.б.
бірлігіне, байланыстарына, ұқсастықтарына қарай бір заттың атауы
екінші бір затқа да атау болып ауыса береді. Яки адам санасында
жаңадан көрген зат туралы түсінігі басқа бір заттармен де ұқсасып,
байланысып тұрады. Соның нәтижесінде екінші заттың не
сапасында, не болмаса атқаратын қызметінде жалпы ортақ
ұқсастық пайда болады. Сол ұқсастықтардың негізіне сүйене
отырып ұқсас келген екі немесе бірнеше затты бір атаумен атап
отырамыз. Мәселен,
құлақ
сөзінің о бастағы негізгі мағынасы адам я
жануардың есіту мүшесінің атауы болса, кейін келе музыкалық
аспаптың шекті тартып тұратын тетігі де осы атаумен аталды. Сол
сияқты
құлақ
сөзінің тұлға және орны жағынан ұқсастығына қарай
төмендегідей бірнеше мағыналары да бар:
1) малақайдың (тымақтың)
құлағы; 2) мылтықтың құлағы; 3) телефонның құлағы; 4) қазанның
құлағы.
Осы сияқты мысалдық деректемелерді көптеп келтіре беруге
болады.
Сөйтіп, сөздердің мағыналарының дамуы адам баласының өзін
қоршаған дүниені бұрынғыдан гөрі тереңірек біле түсінуіне,
олардың арасындағы қарым-қатынасты, байланысты неғұрлым
айқынырақ білуіне, тәжірибесінің молаюына байланысты. Яғни
сөздің көп мағыналы болып келуінің адам баласы үшін танымдық
маңызы зор. Сонымен болмыста бұрыннан бар заттар мен
құбылыстар және жаңадан пайда болған заттар мен
құбылыстардың арасындағы түрлі ұқсастықтар мен түрлі ортақ
қасиеттерді байқап, топшылап түсіну арқылы сол жаңадан пайда
болған затты да өзіне ұқсас бұрыннан бар заттың атымен атаймыз,
яғни ол атау кейінгі затқа да атау болып ауысуы мүмкін. Соның
нәтижесінде бір сөз әр түрлі ұғымның атауы болып жұмсалады. Ол
сөз өзінің бастапқы мағынасының үстіне жаңадан туынды
мағыналар қосып алады. Және ұқсас белгілері бар зат немесе
құбылыстың көптігіне байланысты туынды мағыналар біреу ғана
емес бірнешеу болуы да мүмкін. Негізінен, сөз негізгі мағынасынан
басқа туынды мағынаға ие болып, әртүрлі мағыналарда
қолданылуға икем келеді. Сөздің түрлі -түрлі мағыналарда
қолданылуға икемділігі оның жалпылауыш қасиетімен тығыз
байланысты. Сөздің жалпылауыш қасиеті оның бұрынғы негізгі
мағынасының үстіне қосымша жаңа мағынаның үстелуіне
мүмкіндік береді. Әр түрлі мағынада қолданылуға икемділік
34
сөздің өз табиғатында да бар қасиет екені байқалады. Мұндай
бір белгілеушіге (сөзге) бірнеше белгіленушінің (мағынаның)
сәйкес келуін көп мағыналық немесе полисемия деп атаймыз.
2)
Қазақ тіліндегі көп мағыналы сөздерді зерттеген
Р.Садықбеков бірқатар жағдайларда ұқсас ұғымдар көршілес
басқа тілдерден де ауысып келуі мүмкін екендігін айта отырып,
мынандай мысалдар келтіреді: қазақ тіліндегі
шешен
деген сөз
бұрын тек қана «
сөзшең, тілмар»
деген мағынада ғана
қолданылып келсе, қазір оның «
мінбеге шығып сөйлеуші адам»
деген екінші мағынасы жаңа бір ұғым ретінде орыс тіліндегі
оратор
сөзі арқылы еніп, сіңісіп кеткен. Және
шешен
сөзінің
мағыналық аясын кеңейте түскен [28].
3)
Сөз ұғымды білдірудің материалдық формасы бола
отырып, сананың дамуымен байланысты болатын ұғымның өрісін
де бейнелейді.
Ойлаудың дамуына тән ауысу үрдістері сөз мағынасының
дамуына әсер етпей қала алмайды. Мәселен, нақтылықтан
абстрактылыққа ауысу:
«жол»
деген сөз нақтылы мағынаны
білдірумен қатар «
идея, бағыт, тәсіл»
сияқты абстрактылы
мағыналарға да ие болады.
4)
Сөз мағынасы функционалды семантика заңы бойынша
да өзгереді. Функционалды семантика заттың қызмет бірлігіне
негізделген. Бір зат немесе құрал басқа бір зат немесе құралмен
ығыстырылып алмасады да, соңғысы қызмет бірлігіне қарай
алғашқы заттың атымен аталады.
5)
Ұғымның
дәлденіп,
дифференциалдануы
да
сөз
мағынасының дамуына әсерін тигізіп отырады.
Енді сөз мағынасының өзгеруінің (баюының) ішкі таза
лингвистикалық процестерін санамалайтын болсақ: 1. Сөздің
жалқылықтан жалпылыққа ауысуы және қолданылу өрісінің
өзгеруі (мысалы, бір саладан басқа бір салаға ауысуы) оның
мағынасының өзгеруіне әкеледі. Егер сөз кең саладан арнаулы бір
салаға, мәселен, халықтық лексикадан арнаулы лексикаға ауысса, оның
мағынасы дәлдене түседі. Кейде белгілі бір ұғымды білдіретін
терминдік мағынаға ие болады. Мысалы,
Достарыңызбен бөлісу: |