Резюме бұл ғылыми мақалада, жоғарғы мектептің оқу-тәрбие үрдісінде



Pdf көрінісі
Дата18.03.2017
өлшемі236,33 Kb.
#10047

 

ИНТЕРАКТИВТІ ӘДІСТЕР МЕН ОҚЫТУДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ 

ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН УНИВЕРСИТЕТТЕ ҚОЛДАНУ. 

РЕЗЮМЕ 

Бұл  ғылыми  мақалада,  жоғарғы  мектептің  оқу-тәрбие  үрдісінде 

қолданылатын  интербелсенді  әдістер  топтамасы  көрсетілген.  Студенттердің 

шығармашылық  потенциалын  ашатын,  танымдық  мүмкіншіліктерін 

белсендіретін ақпараттық технологиялардың ролі ашылған.  

 

Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»  Заңында:  «Білім  жүйесінің  басты 

міндеті  -  ұлттық  және  жалпы  адамдық  құндылықтар,  ғылым  мен  практиканың 

жетістіктері  негізінде  тұлғаның  жан-жақты  қалыптасуы  мен  дамуына  бағытталған 

білімді  алу  үшін  қолайлы  жағдайлар  жасау»  -  делінген.  [1].  Қойылған  міндетті 

шешудің жолдарын іздеу педагогикалық зерттеулердің әр түрлі бағыттарында жүріп 

жатыр. 

Жаңа  педагогикалық  технологиялар  өріс  алуына  орай  оқыту  үрдісіне 



«интерактивті оқыту», «интерактивті оқыту әдістері»  ұғымдары жиі қолданылатың 

болды.  Бұл  ұғымдардың  ортақ  түбірі  «интер»  ағылшын  тілінің  «бірлескен  әрекет» 

деген  сөздерінен  енген.    «Интерактивті    оқыту»  өзара  әрекеттесуге  негізделіп 

құрылған  белсенді  оқыту  деп  анықтауға  болады,  ал  «интерактивті  оқыту 

әдістерінің»  ұғымының  мәні  студенттердің  өзара  белсенді  байланыста  болып, 

мұғалімдермен  бірлесіп  отырып  жұмыс  жасау,  оқу-танымдық  нәтижелерге  жету. 

Интерактивті  оқыту  әдістерінің  дәстүрлі  әдістерден  артықшылығы,  студенттерді 

енжар тыңдаушы емес, белсенді, өз бетімен білім ізденуші, табиғат, қоғам заңдарын 

өздігімен ұғынуға мүмкіндік тудыруда. 

Л.С.Выготский,  А.Н.Леонтьев,  Л.В.Занков  және  т.б.  ғалымдардың  зерттеулері 

оқытудағы  қарама-қайшылықтарды  тек  дамыта  оқытудың  көмегімен  ғана  жоюға 

болатының дәлелдеді [2, 3, 4]. 

Интерактивті  оқыту  осындай  дидактикалық  әрекеттің  бір  түрі  бола  отырып, 

педагогикалық  процестің  субьектері  ортасындағы  белсенді  өзара  әрекетін 

болжайды.  Педагогикалық  процесс  субъектілеріне  студенттердің  ортасы  келесі 

әрекеттестік сипаттарымен ерекшеленді: 

 

топтың  және  индивидтің  табысына  ықпал  етуші  педагогикалық  процеске 



студенттердің қолайлы қарым- қатынасы; 

 



оқу барысындағы психологиялық қолайлы жағдайлар; 

 



білімді  өздігімен  ізденуді,  мониторинг  пен  өзіндік  рефлексияны  қамтамасыз 

ететін жағдайлар; 

 

студенттердің  белсенді  өзара  әрекет  арқылы  талданатын,  тексерілетін, 



дәлелденетін,  практикада  қолдануға  дайындалатың  жеткілікті  деңгейдегі  толық  және 

дұрыс ақпаратты алуы. 

Қазіргі  таңда  жоғарғы  мектеп  алдына  қойылатың  талаптар  студенттердің 

кұзыреттілік  деңгейі  жоғары,  адамгершілігі  мол  тұлға  ретінде  қалыптастыруға 

бағытталады.  Ендеше,  жоғарғы  мектептегі  педагогикалық  процесс  жаңа  оқыту 

технологияларына  ие  болып,  оқытушыларды  сол  технологиялардағы  тиімді  әдіс-

тәсілдерді  қолдана  отырып  оқыту  қажет.  Ол  үшін  әр  түрлі  оқыту 

технологияларының  мәнін  ашып,  теориялық  және  практикалық  маңыздылығын 



анықтап, қолданудың шарттарын айқындау қажет.  

 «Қазақстан  2030»  стратегиялық  бағдарламасы  приоритетінің  бірі  ұлттық  білім 

моделін  қалыптастыру  тенденциясымен  және  Қазақстан  білім  беру  жүйесін  бүкіл 

әлемдік  білім  кеңістігіне  кіріктірілуімен  сипататалатың  білім  беру  саласы  болып 

табылады. Қазір бұл әлемде индустриялық қоғамнан интерактивті қатынас жасауға, 

оны  жүзеге  асыратың  техникалық  мүмкіндіктерді  дамыта  алатың  ақпараттық 

қоғамға,  яғни,  ақпаратты  алу,  өңдеу,  сақтау,  тасымалдау,  тарату  және  пайдалану 

істерді атқаратын жаңа қоғамға көшу процесі жүріп жатыр. 

Бүгінгі 

күні 


интерактивті 

әдістермен 

оқытушының 

ақпараттық 

технологияларын  қолдану  студенттің  ойлау  қабілетін  арттырып,  ақпараттық 

технологиялар  негізінде  ізденушілігін  дамытып,  құзыреттілігін  қалыптастыру  -ең 

негізгі мақсат болып айқындалады. 

Ақпараттық  технологияларды  пайдалану  жоғарғы  мектептегі  сабақтарды 

ұйымдастыру,  оқыту  қызметінің  артуына  жағдай  жасау,  теориялық,  ғылыми 

педагогикалық  және  психологиялық  зерттеулерге  сүйене  отырып,  студенттердің 

құзыреттілігін  қалыптастыру,  ақпараттық  технологиялар  мен  интерактивті  оқыту 

әдістері  арқылы  студенттерді    ізгілікке,  жауапкершілікке,  саналылыққа, 

адамгершілікке, имандылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу көзделеді. 

Теориялық  білімді  игерту  мен  жаңғырту  және  жаңа  жағдайға  іс  -  жүзінде 

лайықтап,  қолдануға  үйреткенде  ғана  студенттің  алған  білімі  мен  біліктілігінің 

танымдық маңызы зор болады. 

«Интерактивті оқыту әдісінің» (ағыл. - өзара әрекеттесу, бір-біріне әсер ету) — ең 

негізгі  қағидасы  -  педагогикалық  қарым-қатынас  пен  қарым-  қатынас  диалогы 

арқылы жеке тұлғаны қалыптастырып дамыту. 

Оқыту  әдістерін  жетілдіру  тікелей  білім  беру  жүйесіне  де,  тұтастай  ақпараттық 

технологиясын  дамытуға  ықпалын  тигізеді.  Жалпы  педагогика,  жеке  әдістемелер 

және  компьютердің  түйісуінде  жаңа  бағыт:  оқытудың  ақпараттық  технологиялары 

дүниеге  келді.  Оқыту  процесінде  компьютерді  қолдану  білім  берудің  сапасын 

арттыруға әсер етті. 



Ақпараттық технологияларды пайдаланудың тиімді жақтары: 

1.

 



 Студенттердің  тақырып  шеңберінде  немесе  белгілі  бір  уакыт  аралығында 

айтылуға тиіс мәліметтер көлемін ұлғайтады, 

2.

 

 «Интерактивті  тақта»  -  ақпараттық  технологияларының  бір  түрі  болып 



табылады. Оның диалогы, пікірталас құруға мүмкіндіктері мол. 

Компьютердің  көмегімен  студент  өздігімен  сондай-ақ  өзге  студенттермен 

топтасып бірге жұмыс істеуге мүмкіндік алады. 

Қазіргі  электронды  оқулықтарды  пайдаланып,  электронды  оқулықтағы 

көрнекіліктерге,  деректерге  сүйене  отырып,  студенттер  өздерінің  ой  -  өрісін 

кеңөйтіп  шынайы  дерек  көздерінен  мәліметтерді  жинауға  дағдыланды.  Сонымен 

бірге  студенттер  интернет  желісінен  қосымша  материалдар  іздеу,  алынған 

материалды  саралау,  талдау  жасау  арқылы  материалды  игеруге,  өздігімен  ізденуге 

дағдыланады.  «Соңғы  сөзді  мен  айтайыншы»,  «Инсерт  әдісі»,  «Кубизм  әдісі», 

электронды  оқулықпен  жұмыс  жүргізу,  терминологиялық  ізденіс  тағы  басқа 

инновациялық  ақпараттық  технологияларды  шеберлікпен  қолдану  негізінде  білім 

сапасы арта береді. 

Ақпараттық  және  педагогикалық  технологиялар  негізінде  педагогтің  рөлін 


түбегейлі  өзгертуге  мүмкіндік  туды,  оқытушы  тек  қана  білімді  алып  жүруші  ғана 

емес, сонымен қатар студенттің өзіндік шығармашылық жұмысының жетекшісі және 

бағыт берушісі болып анықталды. Осыған орай сабақ беру процесінде интерактивті 

оқытудың мына түрлерін ұсынуға болады: 

1.

 

Презентациялар 



2.

 

Пікір - таластар 



3.

 

Кейс - стадийлер 



4.

 

Топпен жұмыс 



5.

 

Ой қозғау әдісі 



6.

 

Шағын зерттеулер 



7.

 

Іскерлік ойындар 



8.

 

Рольдік ойындар 



10.Инсерт әдісі 

11.Сұрақ қою, қайтадан сұрақ қою 

12.Проблемалық жағдаят туғызу 

Ақпаратты  беру  оқытушы  мен  студенттің  қарым-қатынастық  ұстанымдарына 

негізделген.  Жоғарыда  көрсетілген  әдістер  студенттердің  белсенділігін  арттырып, 

алынған мәліметтерді шығармашылық тұрғыдан қайта өңдеу болып табылады. 

Республикамызда білім беруді реформалаудың мақсаты жұық арада оқу-әдістемелік 

кешендерді толық жаңартуды, сапаны бағалауды, бүкіл білім беру жүйесін бұдан әрі 

ізгілендіру, ақпараттандыруды, демократияландыруды талап етеді. 

Білім  беру  жүйесін  ақпараттандыру  дегеніміз  -  берілетін  білім  сапасын 

арттыруды  жүзеге  асыруға  бағытталған  процесс,  яғни  еліміздің  ұлттық  білім 

жүйесінің  барлық  түрлеріне  кәдімгі  дәстүрлі  технологияларды  тиімді  жаңа 

компьютерлік  ақпараттандыру  технологияларына  алмастыру,  оларды 

сүйемелдеу және дамыту, нақты жүзеге асыру шаралары болып табылады. 

Оқытуды  ақпараттандыру  ісі  жаңа  оқыту  технологияларын  дайындауды 

талап  етеді.  Бірінші  кезекте  оларға  электрондық  оқулықтар,  мультимедиялық 

оқу құралдары мен электрондық жазбалар жатады. 

Ғалымдар дәстүрлі оқытудың мынадай кемшіліктерін анықтады: 

1. Студент тек мұғалімнің басшылығында болады. 

2. Студент сабақ барысында тек орындаушы ретінде танылады. 

3. Жан - жақты дамытуға көңіл бөлінбейді. 

4. Тапсырма жалпыға бірдей беріледі. 

5. Өзара шынайы сұхбат жоқ, тек мәлімет алмасу жүреді. 

Сол  себепті  қазіргі  оқыту  процесінде  студенттің  белсенділік  қағидасының  - 

практикада маңызы зор. Ол білім мен білікті саналы түрде қажет ету, нәтижеге жету 

сияқты іс-әрекет сапасының түсінігін береді. 

Іс-әрекет  сапасы,  бұл  -  педагогикалық  технологияларды  шеберлікпен  жүйелі 

пайдаланудың жемісі. 

«Технология»  сөзі  грек  тілінен  аударғанда  «өнер,  шеберлік  -  ілім»  деген 

мағынаны  білдіреді.  Бұл  термин  әдетте  өндірісті  сипаттауда  кеңінен  қолданылып 

келді.  Ал  педагогика  ғылымы  тұрғысынан  қарастырғанда  «шеберлік  пен  ілім 

қосындысын»  білдіреді.  Технология  -  қандай  да  бір  әрекетте,  шеберлікте,  өнерде 

қолданылатың  тәсілдер  жиынтығы.  Олай  болса,  кәсіби  әрекетте,  ұстаздық 

шеберлікте, педагогикалық өнерде технологияның маңызы ерекше. 



Ғалым-педагог  В.П.Беспалько  педагогикалық  технологияға  мынадай 

анықтама  береді:  «Практиқада  іске  асатың  нақты  педагогикалық  жүйе,  жоба» 

[5].  Мұнда  ғалым  педагогикалық  жүйені  тұлғаны  қалыптастыруға  ықпал  ететін 

арнайы  ұйымдастырылған,  мақсатты,  бір-бірімен  өзара  байланысты  әдіс-тәсілдер 

жиынтығы ретінде қарастырады. 

-  Оқыту 

технологияларының 

қағидасы 

оқытуды 


ізгілендіру 

мен 


демократияландыру  жағдайында,  өздігімен  даму  бағдарын  анықтап,  дамитын  және 

өздігімен  дұрыс  шешім  қабылдай  алатын,  өзін-өзі  жетілдіріп  өсіруші,  өзін-өзі 

тәрбиелеуші тұлға қалыптастыру болады; 

- өздігімен  оқытудың  осындай  мақсаттарын  жүзеге  асыру  үшін,  білім  беру 

жүйесінің  алдында  тұрған  басты  мақсат  -  жаңа  технология  талаптарына  сай  жаңа 

оқулықтар мен дидактикалық кұралдар жазу болып табылады.  

  Олардың құрылымын электрондық оқулық арқылы жасап, жаңа заман талабына 

сай білім беру бүгінгі таңдағы біздің міндетіміз. 

Бұл  тапсырмалар  бір  жағынан:  студенттің  өздігімен  дамуын  кездесе;  екінші 

жағынан:  оқытушы  студенттің  белсенді  іс-әрекетте  тапсырмаларды  орындауға 

бағыттаушы. Оқытушы- студент арасындағы диалог, өзара әрекет тапсырмалардың 

шығармашылықпен  дайындалуын  және  орныдалуын  сипаттайды.  Бұл  — 

интерактивті  оқытудың  көрсеткіші.  Оқытушы  компьютерлік  байланыс  арқылы 

студенттің тапсырмаларды орындау сапасын, кездесіп жатқан қиыншылықтарын, 

оларды жеңіп шығатын жолдарды іздеуін байқап отырады  да, студентке дұрыс 

бағыт беруге ұмтылады. Тіпті ынталандыру тәсілдерін де қолдануға мүмкіндіктер 

табады.  Әрине,  оқытушының  ең  маңызды  міндеті:  студентті  өздігімен 

тапсырмаларды  орындауға  бағыттау,  сондықтан,  интерактивті әдістердің мәні: 

сұрақ  -  жауап,  пікір  айту,  диалог  құру  арқылы  белсеңді  байланыста  болу, 

деңгейден  деңгейге  жетуге  тапсырмаларды  күрделендіріп  ұйымдастыру,  білім 

сапасының дамуын қадағалап, бақылау. 

Интерактивті  әдістерді  ақпараттық  технологияларда  пайдаланудың  тиімді 

жақтары деп мыналарды атауға болады: 

-

 



оқытушының  студенттермен,  студенттердің  бір-бірімен  компьютерлік 

байланыс  арқылы  сұхбаттасуға,  оқу  әрекетін  белсендіруге  мүмкіндіктердің  мол 

болуы; 

-

 



электрондық  жазба  арқылы  әр  түрлі  пікірлерді  ортаға  салуы;  дұрыс  шешім 

табуға ынталануы, басқа пікірлерді есепке алуы; 

-

 

мультимедиялық  құралдар  арқылы  интерактивті  оқытуда  оқу,  жазу,  ойлау 



әрекеттері  тиімді  орындалуға  мүмкіндік  алады,  өйткені:  педагогикалық  процеске 

студенттер  көру,  есту,  ұғыну,  іс-тәжірибеде  қолдану  арқылы  білімді  нығайтуға 

негізделеді. 

Ақпараттық  технологияларда  интерактивті  әдістерді  қолдану  үшін  оқытушыға 

екі бағытта білімді жетілдіру қажет: 

1)

 



 ақпараттық технологиялар түрлерімен мәнін ұғыну; 

2)

 



интерактивті  оқытудың  әдіс-тәсілдерінің  ішінде  ақпараттық  технологияларда 

қолданылатың тиімді түрлерін іріктеп алу. 

 

Әдебиеттер: 



1.

 

Инновациялар мен оқу - білімді жетілдіру арқылы білім экономикасы 



//Егемен Қазақстан 27.05.2006. 

2.

 



Выготский Л.С. Педагогическая психология\ Психология: классические труды. 

М. 1996 г. 

3.

 

Леонтьев А.А. Психология общения. 2-изд.: испр. и доп.М.1997г. 



4.

 

Занков Л.В. Обучение и развитие. М.1975 г. 



5.

 

Беспалько В.П. Слагаемые педагогичесқой технологии. М.: Педагогика, 



 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 


 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет