Рылыс академиясы


Ӛнімді стандарттау туралы жалпы тҥсінік



Pdf көрінісі
бет113/149
Дата03.11.2022
өлшемі7,3 Mb.
#47271
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   149
9.2 Ӛнімді стандарттау туралы жалпы тҥсінік 
 
2004 жылы қабылданған «Техникалық реттеу туралы» ҚР заңына сәйкес 
ӛнімге, оның ӛндірісіне, пайдаланылуына, сақталуына, тасымалдануына, іске 
асырылуы мен утилизациясына қатысты орындалуға міндетті талаптар 
техникалық регламенттермен қарастырылады, ал еркін негізде орындалатын 
талаптар – стандарттармен орындалады. 
Техникалық регламенттерді дайындау шаралары қауіпсіздік (ӛнімді ӛндіру 
және пайдалану, жұмыстарын ӛткізу және қызмет кӛрсету кезінде азаматтардың 
ӛмірі мен денсаулығына, мүлкіне, қоршаған ортаға, жан-жануарлар мен 
ӛсімдіктерге зиянның тигізілуіне рұқсат етілмеген қауіптің болмауы) және 
ӛлшеудің бірыңғайлығын қамтамасыз етуге бағытталған. 
Стандарттау – бұл белгілі бір аймақтағы реттілікке қол жеткізуге 
бағытталған, соның ішінде, ӛнімнің қауіпсіздігін, бәсекеге қабілеттілігін, 
ресурстарды тиімді пайдалануды қамтамасыз ету, ғылыми-техникалық 
прогресс, ӛнімнің сәйкестілігін және ӛзара ауыстырылымдылығын, ӛлшеу мен 
сынау нәтижелерінің сәйкестігін жоғарылату мақсатында ӛндіріс пен ӛнімді 
пайдалану саласындағы қызмет түрі. Осы қызметтің нәтижесінде ұлттық 
стандарттар мен ұйым стандарттары жобаланады. 
Стандарт – бұл ӛнімге, оның ӛндірісіне және пайдаланылуына, жұмыстар 
мен қызметке қойылатын талаптар орнатылатын еркін түрде кӛп ретті 
пайдалану мақсаты болып табылатын құжат. Сондай-ақ стандарттар термино-
логияға, символдарға, қораптарға, таңбалауға немесе тауар белгісіне және 
олардың белгілену ережесіне де болуы мүмкін. Мысалы, ӛнімге қатысты құжат-
тардың ішінде оңтайлы сандар жүйесін орнатушы стандартты кӛрсетуге 
болады. 
Біздің елімізде оңтайлы сандардың тӛрт негізгі қатары қабылданған: R5; 
R10; R20; R40. Әрбір қатар сәйкесінше айырықша мәні 



болып табылатын геометриялық прогессияны 
құрайды. 
Мысал ретінде алғашқы екі қатардың оңтайлы сандарын жазып кӛрейік. 
Қатар R5: 1,00; 1,60; 2,50; 4,00; 60,30; 10,00. 
Қатар R10: 1,00; 1,25; 1,60; 2,00; 2,50; 3,15; 4,00; 5,00; 6,30; 8,00; 10,00. 
10-нан жоғары сандар қатар мүшелерін 10-ға кӛбейту арқылы алынады; 10
2
және т.б., ал 1-ден аз сандар – 10
-1
; 10
-2
және т.б. кӛбейту арқылы алынады. R 
әріпімен қатар орналасқан сандар қатар санын білдіреді және оның құрамында 
қанша мүше бар екендігіне нұсқайды. Әрбір келесі қатар алдыңғы қатардың 
барлық мүшелерін ӛзіне қоса алады. 
Біздің елімізде стандарттау саласындағы жұмыстарды ҚР-ның стандарттау 
бойынша Ұлттық органдары (ҚР Мемстандарты) техникалық комитеттер (ТК) 
жүйесі 
арқылы 
басқарады. 
Ұлттық 
стандарттарды 
жасау 
ҚР 
Мемстандартымен бекітілген бағдарлама бойынша дайындалады. Стандарт 
жобасын жобалаушылар ретінде кез келген заңды немесе жеке тұлға бола 
алады. Ұлттық стандартты жобалау туралы хабарлама ҚР Мемстандартына 


177 
бағытталады және электрондық-сандық түрде жалпы қолданыстағы ақпараттық 
жүйеде және баспа түрінде техникалық реттеу бойынша органның баспа-
ханасында шығарылады. Жобалаушы барлық қызығушылық танытқан тұлға-
лардың танысуы үшін жобаның қолжетімділігін қамтамасыз етеді, жоба 
стандартын алынған ескертпелерді ескере отырып аяқтайды және жобаның 
әлеуметтік талқылауын ӛткізеді. Бұдан әрі бұл құжат алынған ескерпелермен 
және олардың талқылауларының нәтижесімен қоса бір уақытта жобаның 
экспертизасын ұйымдастыратын және стандарт жобасын бекіту немесе бас 
тарту туралы мотивацияланған ұсыныс дайындайтын ТК бағытталады.
ҚР Мемстандарты ТК-пен ұсынылған құжаттардың негізінде жазылған 
стандарттың бекітілуі туралы шешім қабылдайды. Бұл туралы хабарлама баспа 
түрінде техникалық реттеу бойынша органның баспаханасында және жалпы 
қолданыстағы ақпараттық жүйеде шығарылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   149




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет