Рылыс академиясы


Бакаут немесе гваякум ағашы



Pdf көрінісі
бет110/149
Дата03.11.2022
өлшемі7,3 Mb.
#47271
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   149
Бакаут немесе гваякум ағашы. Саудада ек түрі пайдаланылады: емдік 
гваякум ағашы – Guajacum offcinale L. және соңғы кездері жиі пайдаланы-
латыны киелі гваякум – G. Sanctum L. Бұл ағаштар мәңгілік жасыл түсті болады 
және баяу ӛсетін ағаштың ұзындығы 6...9 м, диаметрі 0,3 м (кейде 0,7 м) тең 
болады, Орталық және Оңтүстік Америкада таралған. Бакаут – сары немесе 
сарғылтым түсті, қаралтым-жасыл түсті ядродан бірден ерекшеленетін жіңішке 
(бірінші түрінде) немесе жуан (екінші түрінде) сүрек қабаты бар ядролы сақина 
тәрізді түтікшеті тұқымдастыққа жатады. Ӛскіннің сақиналары (жылға 
толмаған шеңберлері) білінер-білінбес. Ӛзек сәулелері ӛте жіңішке, айқын емес, 
тангенциалды қимасында ұсақ, олардың ішкі қуыстары қоңыр қоймалжыңмен 
толтырылған. Либроформаның талшықтары қалың қабатты, жіңішке қуысты. 
Бакаут сүрегі ең ауыр сүректердің бірі: 15% ылғалдылықтағы оның 
тығыздығы 1300 кг/м
3
құрайды. Талшық бойымен қысқандағы беріктігі 
72,5МПа, торецтің қаттылығы 152Н/мм
2
, ал шет жағынікі – 134Н/мм
2.
. Сүрек 
тозуға тӛзімді, алайда қиын ӛңделеді, құрамында емдік мақсаттарда пайда-
ланылатын кӛп мӛлшерде гваякты шайыр бар (массаның ¼ бӛлігі), ӛздігінен 
майлану қасиетіне ие (әсіресе сулы ортада). Мойынтіректердің, блоктардың, 
машина жасау, кеме жасау саласындағы шаблондардың, токар бұйымдарының 
материалы ретінде пайдаланылады.
Бальза немесе заячья охрома (Ochroma lagopus Sw.). Баобаб тұқым-
дасына жатады, негізінен Эквадорда, сонымен қатар, Орталық Американың 
тропикалық аймақтарында таралған. Ең тез ӛсетін түрлердің бірі, 7 жас 
шамасында діңгегінің диаметрі 0,5м-ге және ұзындығы 21 м-ге дейін жетеді. 
Техникалық жетілу жасы 4...5 жыл, шектік жасы 12...15 жыл. 
Бальза – ақ түске жуық реңді анық емес шектелген сүрек қабаты бар 
ядролы шашыраңқы-түтікшелі жапырақшалы тұқымдастыққа жатады; ядролы 
сүрек жеңіл ал-қызыл реңді ақ түсті және жібек жылтыры бар. Түтікшелер 
кӛлденең қимада құралсыз кӛзбен ақ айқын кӛрінеді; олардың саны аз, бір-
бірден, кейде екеуі бірігіп орналасқан. Ӛзек сәулелері барлық қималарда 
кӛрінеді. Бальзаның сүрегі ең жеңіл сүрек (қораптан да жеңіл), жұмсақ, кеуек 
(кеуектігі 95% дейін жетеді).
Ағаштың физика-механикалық қасиеттерінің кӛрсеткіші ауалық-құрғақ 
жағдайда: орташа тығыздығы 120 кг/м
3
(50-ден 380 кг/м
3
-ке дейін ӛзгеруі 
мүмкін), талшықтарының бойымен қысу кезіндегі беріктігі 5,4МПа, ал иіліс 
кезінде – 14МПа, соққы тұтқырлығы – 1,7Дж/см
2
. Машина жасауда, кеме 
құрылысында жылу және дыбыс оқшаулаушы, жеткілікті түрде берік және 
жеңіл материал ретінде, спорт жабдықтарын жасау үшін, қалтқыны және т.б. 
бұйымдарды дайындау кезінде кең қолданыс тапқан [26]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   149




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет