16
Сүректің радиалды қимасында сәулелер кӛлденең жылтыр сызықтар
немесе қоршап тұрған сүрекке қарағанда күңгірттеу немесе ақшылдау дақтар
түрінде байқалады (1.5,
б-суретті қараңыз).
Сызықтардың ені сәулелердің
биіктігіне тәуелді, ал ұзындығы – қима жазықтығының сәуле бағытымен
сәйкестігінің дәрежесіне. Кейбір ағаш тұқымдастарында бұл сызықтар радиал
қимада әдемі сурет қалыптастырады (шынар, үйеңкі және т.б.).
Тангенциал қимада ӛзек сәулелері ұршық немесе бұршақ тәрізді пішінге ие
болады (1.5,
в-суретті қараңыз); олардың
биіктігі ағаш тұқымдасына
байланысты үлкен шектерде ауытқиды (емендегі 50 мм бастап қылқан
жапырақты ағаштардағы миллиметр үлесіне дейін).
Ӛсіп тұрған ағашта ӛзек сәулелері негізінен суды және қоректік заттарды
кӛлденең бағытта ӛткізу үшін және қыста қоректік заттардың қорын сақтау
үшін қызмет етеді. Олар белгілі бір механикалық
функцияны орындайды.
Сүректегі ӛзек сәулелері саны ӛте кӛп. Сонымен, қарағай мен қайыңда
тангенциалды қимадағы 1 см
2
жазықтыққа 3000-нан артық сәуле сәйкес келеді
деп
есептейді, ал ӛзек сәулелері ӛте жіңішке болып келетін аршада – 15000
дейін жетеді. Ӛзек сәулелердің кӛпшілік бӛлігі діңнің тӛменгі бӛлігінде
орналасқан. Дің бойымен жоғарылаған сайын (желекке қарай бағытталғанда)
сәулелер саны азаяды, ал желек аймағында жоғарылайды. Ӛзек сәулелерінің
саны мен ӛлшемдері (ені мен биіктігі) ӛзектен қабыққа дейінгі бағытта жоғары-
лайды. Ӛзек сәулелерінің кӛлемі күзде қурап түсетін (жалпақ жапырақты) және
мәңгі жасыл (қылқан жапырақты) ағаш тұқымдастарында ӛзгешелігі айқын.
Қылқан жапырақты ағаш тұқымдастарының сүректерінде ӛзек сәулелерінің
үлесі орташа шамамен сүректің жалпы кӛлемінің 5...8% құрайды,
жалпақ
жапырақтыларда – шамамен 15%, яғни 2,5...3 есе кӛп. Тіпті қыста қылқандарын
түсіруші балқарағайдың ӛзінде ӛзек сәулелерінің саны онымен бірдей шартта
ӛскен мәңгі жасыл қылқан жапырақтыларға (қарағай, шырша) қарағанда
(кӛлемі бойынша) шамамен екі есеге кӛп.
Достарыңызбен бөлісу: