Рылыс академиясы



Pdf көрінісі
бет11/149
Дата03.11.2022
өлшемі7,3 Mb.
#47271
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   149
Ӛзек қайталанымдары. Кейбір жапырақты ағаш тұқымдастары 
сүректерінің кӛлденең қималарында байқалатын негізінен жылдық қабаттардың 
шекараларында орналасқан қоңыр немесе қошқылтым сызықшалар, сызықтар 
немесе дақтар осылай аталады. Ӛздерінің құрылымы мен түстері бойынша олар 
ӛзекке ұқсайды. Ертеректе, ӛзек қайталанымдар (қатпарлар) камбийдің 
жәндіктермен бұзылуы нәтижесінде пайда болады деп санаған. Н.Е. Косиченко, 
В.В.Коровиннің пайымдауынша, бұл микроқұрылымды аномалиялар басқа да 
себептердің нәтижесінде орын алуы мүмкін. Олар кӛбінесе жапырақты ағаш 
тұқымдастары (қайың, қандыағаш, шетен, алмұрт, үйеңкі, кӛктал және т.б.) 
діңнің тӛменгі бӛлігінде және қылқан жапырақтыларда (майқарағай) сирек 
кездеседі. Кейбір ағаш тұқымдастарының сүректерінде бұл құрылымдардың 
жиі кездесетіндігі (қайыңда) соншалық, тіпті олар тұқымдастықты сүрек 
бойынша анықтау кезінде диагностикалық белгі ретінде қызмет жасауы мүмкін.
Тҥтікшелер. Кейбір жапырақты ағаш тұқымдастары сүрегінің (емен, грек 
жаңғағы және т.б.) кӛлденең қималарында ӛздерінен түтікшелердің кӛлденең 
қималарын кӛрсететін кішігірім тесіктерді байқауға болады. Түтікшелер 


17 
әртүрлі ӛлшемдегі түтік пішінге ие және жалпақ жапырақты ағаш 
тұқымдастары сүрегі құрылымының сипаттаушы элементі болып табылады 
(қылқан жапырақты ағаш тұқымдастарында түтікшелер болмайды). Ӛсіп тұрған 
ағашта желектегі тамырлардан су түтікшелер бойынша жоғары кӛтеріледі. 
Түтікшелерді құралсыз кӛзбен айқын кӛрінетін ірі түтікшелерға, және құралсыз 
кӛзбен ажыратылмайтын майда түтікшелерге бӛледі. Кейбір ағаш түрлерінде 
майда түтікшелер микроскопсыз кӛруге болатын топтарға шоғырланған. Ірі 
түтікшелер кӛбіне жылдық қабаттың тек алғашқы аймақтарына жинақталған 
және кӛлденең қимада кеуек сақиналар қалыптастырады (мысалы, еменде); ірі 
түтікшелердің жылдық қабаттарда біркелкі таралуы сирек болады (мысалы, 
грек жаңғағында). Алғашқы аймақта ірі түтікшелер болған кезде, топтарға 
шоғырланған майда түтікшелер соңғы аймақта орналасады, олар әлдеқайда 
ақшыл түстерінің арқасында тез байқалады. Егер ірі түтікшелер болмаса, онда 
кӛпшілік ағаш түрлерінде майда түтікшелер барлық қабат бойынша таралады; 
алайда қабаттың сыртқы шекарасына дейінгі бағытта олардың саны мен 
ӛлшемдері азаяды.
Түтікшелердың сипатталған орналасу жағдайлары жапырақты ағаш 
тұқымдастарын әрбір жылдық қабаттың алғашқы аймағындағы ірі түтікше 
сақинасымен болатын (1.6, а,б,в-сурет) сақиналы түтікшелі және түтікшелері 
олардың ӛлшемінен тәуелсіз жылдық қабат бойынша әлдеқайда біркелкі 
таралған шашыраңқы түтікшелі деп бӛлуге (1.6, г-сурет) мүмкіндік береді.
1.6-сурет. Жапырақты ағаш тұқымдастарының сүрегінде түтікшелердың орналасу сұлбасы: 
а,б,в – сақиналы түтікшелі тұқымдастар кіші түтікшелер тобының сәйкесінше радиал, 
тангенциал және шашыраңқы орналасуы; г – шашыраңқы түтікшелі тұқымдастар; 
– кеш ағаштағы майда түтікшелер; 2 – ерте ағаштағы ірі түтікшелер; 
3 – жалпақ ӛзек сәулелері 


18 
Алғашқы және соңғы аймақтардың арасындағы айқын айырмашылық 
сақиналы түтікшелі ағаш тұқымдастарында жылдық қабаттарды әлдеқайда 
анық етеді. Осы кезде, шашыраңқы түтікшелі ағаш тұқымдастарында аталған 
екі аймақтың арасында айырмашылық болмайды, сондықтан жылдық қабаттар 
біркелкі құрылымға ие және олардың арасындағы шекаралары нашар кӛрінеді. 
Сақиналы түтікшелі ағаш тұқымдастарына емен, шаған, жеуге жарамды 
каштан, шегіршін, самырсын, қарағаш, барқыт ағашы, пісте ағашы және т.б. 
жатады. Шашыраңқы-түтікшелі ағаш тұқымдастарына жапырақты ағаш түр-
лерінің кӛпшілігі жатады; олардың ішінде ірі түтікшелілері – грек жаңғағы мен 
құрма ағаша, ал майда түтікшелілері – қайың, кӛктерек, қандыағаш, жӛке, 
шамшат, үйеңкі, шынар, сүмбіл терек, ақтал, шетен, алмұрт, жаңғақтық және 
т.б. 
Соңғы аймақта майда түтікшелердің шоғырлануы әртүрлі суреттер 
қалыптастырады. Ақшыл жалын тілшелері түріндегі (1.6, а-суретті қараңыз) 
майда түтікшелердің радиал топтары емен, каштан үшін тән; толқынды, кейде 
үзік сызықтар түрдегі (1.6, б-суретті қараңыз) тангенциал топтар – самырсын, 
шегіршін, қайың үшін тән. Бӛлек ақшыл нүктелер түріндегі шашыраңқы топтар 
(1.6, в-суретті қараңыз) шағанда байқалады. 
Түтікшелер, әсіресе ірілері, бойлық қимада соқа түріндегі із ретінде 
байқалады. Түтікшелер діңде дәлме-дәл тік түрде сирек ӛтеді, бойлық 
қималарда соқа түріндегі іздер салыстырмалы түрде қысқа, себебі қимаға 
түтікшетің бір бӛлігі ғана сәйкес келеді. Ірі түтікшелердің диаметрі 0,2...0,4 мм, 
майдаларында – 0,016...0,1 мм. Түтікшелердің ұзындығы әдетте 10 см артық 
болмайды, алайда еменде 3,6 м, ал шағанда 18 м дейін жетеді. Түтікшелердің 
кӛлемі әртүрлі ағаш тұқымдастарында үлкен диапазонда ауытқиды, ал әрбір 
ағаш тұқымдасы үшін оның ӛсіп жетілу жағдайына тәуелді болады. Дің 
радиусы бойынша түтікшелердің ӛлшемі алдымен ӛзектен қабыққа дейінгі 
бағытта ұлғаяды, максимумға жетеді, одан кейін тұрақты болып қалады немесе 
шамалы кішірейеді. Дің биіктігі бойынша түтікшелер саны мен оның 
қимасының ауданы тамырдан ұшына дейінгі бағытта артады. 
Түтікшелер, әлсіз элементтер бола тұра, кесілген сүректің беріктілігін 
тӛмендетеді. Түтікшелердің бар болуы жалпақ жапырақты ағаш тұқымдас-
тарының сүректерінде талшық бойының бағытымен сұйықтардың және судың 
сіңіруімен түсіндіріледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   149




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет