180
Шыбықтарды қабықтарынан тазаланбаған күйінде тасымалданады. Оларда
қисықтылық үлесі шыбық ұзындығының 5% артық болмауы қажет, тӛменгі
бүйір жақ ауданының 65% артық бӛлігін ядро шірігі (ағаштарды
машинамен
құлату және шыбықтарды құрлықпен тасымалдау кезінде бұл норма 85% дейін
артады) және сыртқы томар шірігі алып жатыр. Шыбықтарды шаршылық метр
бойынша ӛлшейді; кӛлем тӛменгі бүйір жақтан 1,3 м арақашықтықта
шыбықтың ұзындығы мен қалыңдығы бойынша кесте (даналап немесе топтық
әдістермен) кӛмегімен анықталады. Шыбықтар партиясының сапасын бағалау
олардың қабылдау-тапсыру кӛлденеңнен бӛлу жолымен ӛткізіледі.
Қылқан жапырақты және жалпақ жапырақты ағаш тұқымдастарының
дӛңгелек материалдары ӛндірістің әртүрлі салаларында қолданылады, соның
ішінде құрылыста және ауыл шаруашылығында, сондықтан МЕМСТ 9463 – 88
және МЕМСТ 9463 – 88 тағайындалуына байланысты ағаш материалдарын
кесуге, сыдыруға, сүргілеуге, сүрек массасы мен
целлюлоза алу мақсатында
химиялық ӛңдеуге, дӛңгелек күйінде, яғни келесі реттік механикалық ӛңдеуден
ӛткізбестен пайдалануға арналған деп бӛледі.
Шыбықтарды кесу арқылы бӛренелер, дӛңбектер және баланстар түріндегі
дӛңгелек сортименттер алынады.
Бӛренелер деп дӛңгелек түрінде пайдалануға
немесе жалпы қолданыстағы кесілген материалдарды жасау үшін шикізат
ретінде тағайындалған сортименттерді атайды.
Дӛңбектер деп ағаш
ӛнімдерінің арнайы бір түрін (шпал, сыдырылған немесе сүргілінген шпон,
сіріңке және т.б.) ӛндіру үшін қажетті сортименттерді атау қабылданған.
Ұзындығы бойынша ағаш ӛңдеуші қондырғының жұмыстық ӛлшемдеріне
сәйкес келетін сортиментті ш ӛ р к е л е р деп атайды.
Баланстар – бұл целлюлоза мен сүрек массасын ӛңдеу үшін
тағайындалған дӛңгелек немесе шақпақталған сортимент. Құрылыста және
ауыл шаруашылығында диаметрі 6...13 см болатын жіңішке ӛлшемді
сортименттер с ы р ы қ т а р қолданылады.
Қалыңдығы (жоғарғы бүйір жағы бойынша ӛлшенген диаметрі) бойынша
ағаш материалдары ұсақ, орташа және ірі деп бӛлінеді.
Ұсақ ағаш материал-
дары үшін 1 см градация орнатылған, орташалар мен ірілер үшін 2 см. Осыдан,
ұсақ сортименттер үшін есептік қалыңдық 6, 7, 8, 9 см және т.б., ал орташа
және ірі сортменттер үшін – 14, 16 см және т.б.
Ағаш материалдарының ұзындығы олардың тағайыналуына байланыс-ты
және үлкен шектер аралығында ауытқиды – 0,5-тен (ложаларды дайындау
үшін) 17 м дейін (кемелердің діңгегі). Ағаш материалдарының әлдеқайда кең
тараған ұзындықтары 4...6,5 м диапазонының аралығында орналасқан.
Стандарттарда кӛбінесе сортименттерді ұзындықтары бойынша нақты ӛлшем-
дері кӛрсетілмейді, керісінше, олардың ӛзгеру мүмкіндіктерінің шектері мен
градациялары. 2...3 м және одан да жоғары ұзындықтағы
қылқан жапырақты
ағаш материалдары үшін градация 0,25 немесе 0,5 м құрайды, қысқа қылқан
жапырақты және жапырақты ағаш түрлерінің сортименттері үшін 0,1 м.
Экспортты кесілген материалды ӛңдеу үшін қажетті сортименттердің
градациясы 0,3 немесе 0,25 м тең.
181
Ағаш материалдарының ұзындығы бойынша әдіптері кесу, сүргілеу және
дӛңгелек күйінде пайдалану үшін,
сонымен қатар, баланстық сіріңке дӛңбек-
терінде 3...5 см құрауы қажет; сыдыру үшін (сіріңке дӛңбектерінен басқа) – әр
бір шӛрке үшін 2...5 см, бұл кезде ұзындығы 2 м немесе одан да кӛп болатын
бӛрененің немесе дӛңбетің нақты ұзындығы әдіппен бірге 5 см артық болуы
мүмкін. Шӛркелерде баланс үшін әдіп ұзындығы бойынша орнатылмайды.
Баланстардың ұзындығы бойынша әдіп ±2 см.
Сапасы бойынша ағаш материалдарын үш сұрыпқа бӛледі. Сапа сүректегі
ақаулардың
бар болуымен, олардың ӛлшемі және саны бойынша анықталады.
МемСТ 9463-88 бойынша регламенттелетін қылқан жапырақты кесілген
материалдарда ақауларға бұталар мен ӛгей бұтақшалар, саңырауқылақтың
зақымдаған орындары (шіріктер мен реңі), құрт жеген жері, жарықтар,
қисықтар, механикалық зақымдалулар, сонымен қатар, ашық ӛскіндер, бүр-
тіктер жатады. Қылқан жапырақты ағаш материалдарындағы негізі
сұрып
қалыптастырушы ақаулар – бұталар, екінші орында – шірік, одан кейін –
технологиялық ақау болып есептелетін және минимумға жеткізілуі қажет
механикалық зақымданулар. Қалған ақау түрлері сирек кездеседі. 1-ші
сұрыптағы ағаш материалдарында темекі бұтанақтары, ядро шірігі және
кеуектер (ұсақ және орташа сортименттерде), сүрек қабығының және сыртқы
томар шірігі, терең емес және терең құрт жеген жердің болуы рұқсат етілмейді.
2-ші сұрыптағы ағаш материалдары үшін екі ақауға рұқсат етілмейді:
сүрек қабығының және сыртқы томар шірігі, 3-ші сұрып үшін – тек екінші ақау
түрі ғана, сонымен қатар, сүрек қабығының және сыртқы томар шірігінің қатар
кездесуі. Қалған ақаулар рұқсат етіледі, алайда олардың шектелу дәрежесі 1-ші
сұрыптарда жоғары, ал 3-ші сұрыпта тӛмен. Ағаш материалдарының сапасына
қойылатын талап деңгейінің олардың сұрыптарына тәуелділігінің айырма-
шылығын бұтанақтар мен бӛгде бұтақшаларына
қойылатын шектердің
мысалында кӛрсетуге болады (10.1-кесте).
Жапырақты ағаш материалдарының сапасын бағалау негізінен қылқан
жапырақты ағаш материалдарындағы сияқты ақаулардың номенклатурасы
бойынша жүргізіледі. Бұл кезде жапырақтыларда ерекше ақаулардың кездесу
мүмкіндігі (күреңдену, жалған ядро) ескеріледі. Сұрыптар бойынша қойылатын
талаптар нормасы МемСТ 9462 – 88 кӛрсетілген. Жалпақ жапырақты ағаш
материалдары үшін негізгі сұрып қалыптастырушы ақауларға бұтанақтар,
шіріктер және қисықтық жатады.
10.1-кесте.
Қылқан
жапырақты
ағаш
тұқымдастарының
дӛңгелек
материалдарындағы бұтанақтар мен бұташалардың шектік нормалары
Ақау
1 сұрып
2 сұрып
3 сұрып
Бұтанақтар мен
бұтақшалар
а) темекі
бұтанақтардан басқа
барлық түрлері
Ұ с а қ а ғ а ш м а т е р и а л д а р ы н д а рұқсат етіледі
О р т а ш а а ғ а ш м а т е р и а л д а р ы
Ӛлшемдері рұқсат етіледі, см, артық емес
Рұқсат етіледі
3
8
І р і а ғ а ш м а т е р и а л д а р ы
182
б) темекі
Ӛлшемдері рұқсат етіледі, см, артық емес
Рұқсат етіледі
5
10
Рұқсат етілмейді
Ӛлшемдері рұқсат етіледі, см, артық емес
2
5
Ағаш материалдарының бұтанақтары кесілген болуы қажет (қабығы
аршылған бӛрененің сыртқы бетімен бір деңгейде сыдырылған). Аралау
қиғаштығы ұзындығы бойынша әдіптер диапазонының шегінде рұқсат етіледі.
Күнқағарлар, тамыр бұталары және ӛскіндер
арамен кесілген болуы қажет, ал
визуалды басқа қосылыстар жойылуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: