Рылыс академиясы



Pdf көрінісі
бет124/149
Дата03.11.2022
өлшемі7,3 Mb.
#47271
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   149
материалдар ӛндірісі жақсы дамуда. ТШ 13-722 – 83 «Конструкторлық тақтай-
лар» сәйкес бұл кесілген материалдар қарағай, шырша, майқарағай, самырсын, 
қайың және кӛктерек сүректерінен дайындалуы қажет. Тақтайлардың 
ӛлшемдері МемСТ 24454 – 80 сәйкес келуі тиіс. Тақтайлар екі түрлі сұрып 
бойынша шығарылады: К24 және К19. Сұрыптың белгіленуіне кіретін сан 
жиекке жүктемемен әсер ету кезіндегі иілуге қарсы нормативті қарсыласу 
мәніне (МПа-мен) сәйкес келеді. Одан басқа, екі сұрып үшін де қыртысқа 
иілуге қарсыласудың, кӛлденең қысудың, созу мен жарудың қалыпты мәндері, 
сондай-ақ (12±8)% ылғалдылық кезіндегі серпімділік қалыпты модулі 
бекітілген. Құрылыста пайдаланылатын тақтайлар үшін, аталған кӛрсеткіш-
тердің кез келгенін нормалауға (конструкцияның ерекшелігіне байланысты) 
рұқсат етілген, ал автокӛлік және вагон құрастыруда қолданылатын тақтайлар 
үшін тек қыртысты жүктеу кезіндегі иілуге қарсыластық. 
Нормативтік кӛрсеткіштер тақтайды тұтастай визуалды немесе ӛлшеуіш 
бақылаумен қамтамасыз етілуі тиіс. Визуалды бақылау тақтайдың екі еселенген 


202 
еніне тең келетін ұзындықтағы ең жаман ауданындағы, жиек аймағындағы 
бұтанақтарының қатыстық жиынтық ӛлшемдерін Z
к 
(тақтай енінен 0,25) және 
екі қыртысқа шығатын бұтанақтардың ӛлшемдерін Z
п 
анықтауға негізделген. 
ТШ-да әр түрлі ӛңірлерде ӛсетін қарағай мен шырша сүректерінен жасалған екі 
сұрып үшін де Z
к 
мен Z
п 
ӛлшемдерінің рұқсат етілген мәндері келтірілген. 
Ӛлшеуіш бақылау 5б. қарастырылған бұзбай бақылау әдісіні ұсынады. 
Реакция күшін немесе майысуды ӛлшейтін сұрыптауыш машинаны ТШ-да 
келтірілген, иілуге, қысуға, созуға қарсы қажетті кӛрсеткіштерді қамтамасыз 
ететін, серпімділік модулінің нормаларымен баптайды. Мұндай нормалардың 
жоқ болуы кезінде қаттылық кӛрсеткіштерін реттеу шекараларын МемСТ 
21554.3 – 82 сәйкес беріктік шегі мен серпімділік модулі арасындағы регрессия 
теңдігін пайдалана отырып анықтайды.
Сұрыптаудың дәлдігін жоғарылату мақсатында бақылаудың аралас 
ӛлшеуіш-визуалды әдісін қолдануға болады. Кӛрсетілген ТШ-та сондай-ақ, 
сүректің күйін сипаттаушы беттің кедір-бұдырлығы мен пішіннің ауықуының, 
сонымен қатар, ақаулардың (шіріктер, құрпен зақымдалған орындар, жарықтар, 
ӛскіндер) рұқсат етілген нормалары келтірілген. Конструкторлық тақтайлардың 
ылғалдылығы 22%-дан артық болмауы тиіс. 
Кесілген материалдарды қабылдау, бақылау, таңбалау және тасымалдау 
ережелері МемСТ 6564-84 баяндалған. Кесілген материалдың әрбір данасының 
кӛлемін, отыруға кететін әдіпті және ӛлшемдердің мүмкін болу ауытқуларын 
ескерМемСТен, ұзындықтың, еннің және қалыңдықтың номинал ӛлшемдері 
бойынша анықтайды. Кӛлемді анықтау үшін МемСТ 5306-83 келтірілген кесте-
лерді пайдаланады.
Қылқан жапырақты және қатты жалпақ жапырақты ағаш тұқымдастарын 
атмосфералық кептіру мен сақтаудың ережелері МемСТ 3808.1-80 және МемСТ 
7319 – 80 бекітілген; қылқан жапырақты ағаш тұқымдастарын бозару мен 
ӛңезденуден қорғау мақсатында беттерін антисептиктермен ӛңдеу әдістері 
МемСТ 10950-78 бойынша регламенттеледі.
Әдетте кесілген материалдары пакетпен тасымалданады. Пакетке бір 
түрдегі, қалыңдықтағы, сұрыптағы және тӛрттен аспайтын аралас ұзындықтағы 
(экспортты кесілген материалдар үшін бірдей ұзындықта) кесілген материал-
дарды орналастырады. Пакеттер тӛсеніштермен бӛлінген бумалардан тұрады. 
Мұндай пакеттер әлдеқайда ірі қоймалық, жүктеу және тасымалдау бірліктері – 
блок-пакеттердің құрамына кіреді. Пакеттер мен блок-пакеттердің ӛлшемдері 
МемСТ 16369-88, ал оларды қалыптастыру, қаптау, таңбалау, тасымалдау және 
сақтау ережелері МемСТ 19041-85 орнатылған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   149




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет