Рылыс академиясы



Pdf көрінісі
бет147/149
Дата03.11.2022
өлшемі7,3 Mb.
#47271
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   149
Қоршау қадалары. Шарбақтар үшін қолданылатын қоршау қадаларын 
жасау үшін тӛмен сұрыпты қылқан жапырақты және жалпақ жапырақты ағаш 
тұқымдастарын, ағаш кесуден қалған қалдықтарды пайдаланады. Кӛлденең 
қимасының пішіні бойынша тік бұйрышты және сегментті (дӛңестелген 
торецпен) қоршау қадаларын ажыратады. Тік бұрышты қимадағы қоршау 
қадаларының ӛлшемдері: ұзындығы 800-ден 1500 мм-ге дейін, ені 5 мм, 
қалыңдығы 25 мм. Сегментті қоршау қадасының ӛлшемдері: ұзындығы тік 
бұрышты қоршау қадасыныкі сияқты, ені хордасы бойынша 44 мм, сенгмент 
биіктігі 22 мм. 
Астау. Астаулар жануарлар мен құстарды азықтандыру үшін 
қолданылады, қылқан жапырақты және жалпақ жапырақты ағаш тұқымдас-
тарының сүректерінен жасалады. Ірі қара малды азықтандыру үшін қолда-
нылатын астаулардың екі түрін ажыратады. Тікбұрышты пішінді астаулардың 
ұзындығы 3000 мм, ені 270 мм, алдыңғы және бүйір қабырғаларының биіктігі 
250 мм, ал артқы қабырғасынікі – 350 мм. Трапециялы пішінді астауларды 
ұзындығы 288 мм, түбінің ені 250 мм, биікті 200 мм етіп жасайды. Қабырға-
ларының қалыңдығы 30 мм. Шошқалар мен құстар үшін жеке және топтық 
астаулар дайындалады. 
Балта сабы. Ағаш шабу, бұтақ шабу және құрылыстық балталар, сонымен 
қатар, отын жарғыш балталардың сабы үшін қолануға тағайындалған. Балта 
сабын қайың (діңның тамыр бӛлігі), шаған, үйеңкі, шегіршін, шамшат, қызыл-
қайыңнан жасайды. Ағаш шабуға және бұта шабуға арналған балғалар, сондай-
ақ отын шабуға арналған балталар үшін қызыл тал сүрегі де қолданылады. 
Балта сабының ұзындығы: ағаш шабатын балталар үшін 750...900 мм, 
бұтанақ және отын шабатын балталар үшін 600...800 мм, құрылыс балталары 
үшін 370, 400, 500 және 550 мм. Ақаулардың рұқсат етілген нормалары МемСТ 
1400 – 91 және ТУ 13-204 – 74 келтірілген. 
Ағаш тырналар. Пішен мен сабан жинау үшін қолданылады. Саптарын 
жасау үшін қылқан және жалпақ жапырақты ағаш тұқымдастарының сүректері 
қолданылады; негіз бен тістері үшін қатты жалпақ жапырақты ағаш тұқымдас-
тарының қалдықтары пайдаланылады. Сүректің сапасына қойылатын талаптар 
мен ӛлшемдері ОСТ 52-56 – 81 келтірілген. 
Ағаш кҥректер. Найзалы, жалпақ және қалақты күректер кенептен, саптан 
және бекіткіш бӛлшектерден тұрады. Кенепті қылқан және жалпақ жапырақты 
ағаш тұқымдастарының тұтас сүректерінен, сондай-ақ фанерден жасайды. 
Күректердың сапасына қойлатын талаптар мен оның ӛлшемдері ОСТ 56-49 – 91 
баяндалған.


236 
Саптар. Темір күректердің, шалғы, тырна, зілбалға, слесарь және ұста 
құралдарының саптамасы үшін қолданылады. Саптарды дайындау үшін 
орманға күтім жасау мақсатында кесілген майда тауарлы қылқан және жалпақ 
жапырақты ағаш тұқымдастарының сүректері қолданылады. Зілбалға сабы үшін 
қолданылатын саптамаларды қатты жалпақ жапырақты ағаш тұқымдастарының 
сүректері, шалғы үшін қылқан жапырақты ағаш тұқымдастарының сүректері 
қолданылады. Саптардың сапасына қойлатын талаптар мен ӛлшемдері ОСТ 13-
16 – 78 келтірілген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   149




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет