Рылыс академиясы



Pdf көрінісі
бет148/149
Дата03.11.2022
өлшемі7,3 Mb.
#47271
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   149
Шаруашылық сыпырғыш. Оларды қайың, ақтал, шегіршін және ОСТ 
56-50 – 81 талаптарына сәйкес басқа да кейбір ағаш тұқымдастарының шыбық-
тарынан дайындайды.
Ақ және жасыл тал шыбықтары. Шыбықтан ӛрілген себеп бұйымдарды 
жасау үшін тағайындалған. Шыбықтарды шырын жүрісі кезінде кӛктемде 
біржылдық бұтанақтардан жасайды. Шыбықтың ұзындығы 350 мм кем емес, 
түбінің диаметрі 3...10 мм аралығында [13]. 
Жылыту ҥшін қолданылатын отын. Жану жылуы бойынша отындар үш 
топқа бӛлінеді. Бірінші топқа қайыңнан, шамшаттан, шағаннан, қызылқайың
қарағаштан, шегіршін, үйеңкі, емен мен қарағайдан алынған отындар; екінші 
топқа балқарағай, қандығаштан алынатын отындар; үшінші топқа шырша
майқарағай, кӛктерек, жӛке, сүмбіл терек пен ақталдан алынатын отындар 
жатады. Отындардың ұзындығы 0,25; 0,33; 0,50; 0,75 және 1,00 м; қалыңдығы 3 
см және одан да жоғары. Ұзындығы 1 мм және одан тӛмен болатын отын-
дардың қалыңдығы 16-дан 26 см-ге дейін болса екіге жарылуы керек; 28-ден 40 
см-ге дейін болса әрбір бӛлігі үшін жарық сызығы торецте 22 см аспайтындай 
бӛліктерге бӛлінуі тиіс. Отындай жайлы әлдеқайда толық мағлұмат МЕМСТ 
3243 – 88 баяндалған. 
Ӛрт сӛндіргіш отын. Оларды ұзындығы 1...2 м және диаметрі 2...5 см 
болатын қылқан жапырақты және жалпақ жапырақты ағаш тұқымтастарының 
бұтанақтары мен шыбықтарынан жасайды. Жанармайдың бұл түріне 
қойылатын талаптар ТУ РСФСР 39 – 80 келтірілген.
14.2 Тҧрмыстық-мәдени тағайындалудағы бҧйымдар 
Орман шаруашылығының және ағаш дайындамаларының ӛндірісінде 
аталған тағайындалудағы әртүрлі ӛнімдерді ӛндіруге болады. Ӛнім 
номенклатурасы жүздеген бұйымдардан тұрады. Тӛменде осы бұйымдардың 
кейбірі кӛрсетілген: 
қарапайым жиһаз – орындықтар, тӛлкелер, этажерка және т.б.;
ас үй жабдықтары – азық-түлік турайтын тақтайдан, қамыр жаю үшін 
қолданылатын оқтаудан, етті шыңдау үшін итергіш пен балғадан, крем шайқау 
үшін қолданылатын веселькадан тұрады; 
ас үй тақтайлары, қамыр жаю үшін қолданылатын тақтайларды жұмсақ 
жалпақ жапырақты ағаш тұқымдастарының сүрегінен жасайды; етті, балықты, 


237 
жемістерді тазалау мен турау үшін қолданылатын тақтайды қатты жалпақ 
жапырақты ағаш тұқымдастарының сүректерінен жасалады; 
қасықтарды – жаңа кесілген жалпақ жапырақты ағаш тұқымдас-тарының 
сүрегінен жасайды; 
ас үй астаулары – қайың бӛренелерінің дайындамларынан алады. Бұл 
бұйымдарға қойлатын талаптар РСТ РСФСР 219 – 71А баяндалған; 
киімдер үшін арналған қыстырғыштар – қылқан және жалпақ жапыраұты 
ағаш тұқымдастарының қалдықтарынан дайындалады. Ақаулардың рұқсат 
етілген нормалары мен басқа да талаптар ОСТ 13-39 – 80 келтірілген; 
иін ағаш – қатты жалпақ жапырақты ағаш тұқымдастарының сүрегінен 
жасалады. Майысу шамасы бойынша түзу және терең иінағаш болып бӛлінеді; 
жуынатын бӛлмелерге арналған шарбақтар – тӛменгі сұрыпты сүректен 
және кесілген ағаш қалдықтарынан алынады; 
әртүрлі бұйымдар – кӛркем ою элементтері бар үй жағдайындағы заттар, 
әшкейлер, сувенирлар. Бұл бұйымдар үшін жӛке, қайың, үйеңкі, кӛктерек, 
шетен, сүмбіл терек және басқа да ағаш түрлерінің сүректері қолданылады. 
Мүсіндерді жасау кезінде бұтанақтар, бұталар, тамырларды, қабықтар мен 
ӛскіндерді пайдаланады; 
тоқылған бұйымдар – тал шыбығынан, сүрек таспалары мен тілімдерінен 
жасайды. Бұл бұйымдар қатарына кӛкӛніс, жеміс-жидек себеттерін, базар, 
саяжай жиһаздарын жатқызады; 
монша сыпырғышы мен жӛкесі. Сыпырғаларды әдетте қайың мен еменнің 
жасыл жапырақтары бар бұталарынан дайындайды (ОСТ 56-53 – 81), жӛке – 
жӛке ағашының қабығынан жасайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   149




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет