Рылыс академиясы



Pdf көрінісі
бет26/149
Дата03.11.2022
өлшемі7,3 Mb.
#47271
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   149
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


48 
3 т а р а у 
 
СҤРЕКТІҢ ФИЗИКАЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ 
 
3.1 Сыртқы тҥрі 
Тҥсі. Сүрек келіп түсетін жарық сәулелерін іріктеп жұтады. Онымен 
шағылысқан жарық ағынының спектрлік құрамынан түс деп аталатын белгілі 
бір кӛру түйсігі тәуелді болады. 
Әдетте сүрек түсін сипаттау үшін, негізінде кӛру бейнелері немесе 
символдық түсініктер жатқан, сӛздік сипаттамалар қолданалады. Алайда 
сүректің бұл қасиетіне, колориметрия (латын тілінен аударғанда соlor – түс) – 
түстік ӛлшемдер туралы ғылымның әдістерін қолдану арқылы сандық баға 
беруге болады. Үш кӛрсеткіштің сандық мәндерін орнату жеткілікті: түстің 
реңі, тазалығы және ақшылдығы. 
Түстік рең таза спектрлік түстің толқын ұзындығымен λ анықталады. 
Әдетте бізді қоршаған заттардың түстері қандай да бір шамада күңгірт келеді, 
себебі таза спектрлік түстер ақ түспен сұйылтылған. Осы сұйылтылудың 
дәрежесін кӛрсететін түстің тазалығы Р нӛлден 100% дейін ӛзгеруі мүмкін. 
Ақшылдық шағылысу коэффициентімен сипатталады. Жарық энергиясының 
максимал энергиясын шағылыстыратын ақ жазықтықтар үшін шағылысу 
коэффициенті бірге жақын, қара беттер үшін – нӛлге шамалас болады. 
Түстер атласының кӛмегімен Уголев Б.Н. МОТИ қорындағы 30 ағаш 
тұқымдастығының колориметрлік сипаттамаларын анықтаған болатын. 
Зерттеулер нәтижесі кӛптеген Ресейлік ағаш тұқымдастарының 5...20 жыл бойы 
сақталған сүректері түстік реңдері бойынша айырмашылықтары ӛте аз 
екендігін кӛрсетті. Толқын ұзындығы 578...585 мм аралығында ауытқиды, бұл 
спектрдің сары аймағына сәйкес келеді. Сонымен қатар, 30-дан бастап 60% 
дейінгі шек аралығында ӛзгеретін түс тазалығы Р мәнінің үлкен әртүрлілігі 
байқалады. Ақшылдық (шағылысу коэффициенті ) одан да үлкен шектерде 
(20...70%) ауытқиды. 
Целлюлоза – сүрек құралатын негізгі зат – түгелдей дерлік ақ түсті. 
Сүректің барлық түстерінің кӛптүрлі реңдерін оған тор қуыстарында жинақ-
талған немесе олардың қабырғаларын дымқылдаушы – бояғыш немесе илік 
заттар, шайыр және олардың тотықтарының ӛнімдері береді. 
Қоңыржай аймағындағы ағаш тұқымдастарының сүректері ағарыңқы 
түспен боялған, ал тропикалық аймақ ағаштарының сүректері ӛте қою түске ие, 
олардың қарқындылығы жыл ӛткен сайын артады, бұл әсіресе ядролы ағаш 
тұқымдастарында анық кӛрінеді. Берілген ағаш тұқымдасының ӛсуі үшін 
оңтайлы шарттарда оның бояуы одан да қанық болады. 
Кӛптеген ағаш тұқымдастарының сүректері ауа мен жарық әсері кезінде 
ұстап тұру нәтижесінде түстерін ӛзгертеді. Сонымен қатар, кӛптеген ағаш 
тұқымдастарының түстері оларға ғана тән болатындығы соншалық, олар 
тұқымдастықты анықтау кезінде ерекше белгілерінің бірі болып саналуы 


49 
мүмкін. Сүрек түсінің ӛзгеруі кӛбінесе оның саңырауқұлақтармен зақымдал-
ғандығына нұсқайды. 
Ӛзен суында, емен сүрегі илік заттар мен темір тұздарының байланысуы 
нәтижесінде қатты қараяды. Осындай себеппен, жас сүректі кесу кезінде емен 
кесілген материалдарының бетінде қара жолақтар мен дақтардың пайда 
болатындығы түсіндіріледі. Қарағай сүрегінің қабығы ерітуден кейін, кейде 
сары, ал қайың сүрегі – қызғылт сары реңке енеді. Шамшат сүрегін буландыру 
кезінде ол айтарлықтай бірқалыпты түрде қызғылтым түске боялады. Жоғары 
температуралы кептіруден кейін қылқан жапырақты ағаш тұқымдастарында 
қоңыр күрең рең пайда болады. 
Түс – сүректің сыртқы түрінің ең негізгі сипаттамаларының бірі. Оны 
бӛлмелердің ішкі бӛлігінің әрлеуін таңдау кезінде, жиһаз, музыкалық аспаптар, 
қолдан жасалған кӛркем бұйымдарды, спорт жабдықтарын жасауда және т.б. 
кезінде ескереді.
Жылтыр. Сүрек жылтыры деп оның жарық ағынын бағытты түрде 
шағылыстыру қабілетін түсінеді. Ең үлкен жылтыр, айналы, яғни толықтай 
дерлік тегіс жазықтықтарды шағылыстыру кезінде байқалады. Олармен 
салыстырғанда, бірқалыпты кедір-бұдырлыққа ие, бұлыңғыр жазықтықтар, 
жарық ағынын диффузды, яғни барлық жаққа бірдей шағылыстырады. Ӛте 
мұқият түрде ӛңделген сүрек жазықтығы тек бұлыңғыр бетке ғана жақындай 
алады және диффузды шағылысу (ақтық) коэффициентімен сипатталуы мүмкін. 
Егер сүректің бойлық қималарында салыстырмалы түрде кішігірім 
құрылымдық кедір-бұдырлықтары бар аудандары кездесетін болса, онда 
дақтар, шұғылалар пайда болады. Мұндай қабілетке үйеңкі, шынар, шамшат, 
қарағаш, емен, қызылтал, ақ қараған мамыргүл сүректерінің радиал 
қимасындағы (жарықтарындағы) ӛзек сәулелері ие. Жібек жылтыры барқыт 
ағашының сүрегіне тән. Басқа ӛңірлердегі ағаш тұқымдастарының ішінен 
ерекше байқалатын жылтырмен атлас ағашының және махагонидің (қызыл 
ағаш) сүректері ӛзгешеленеді.
Ертеректе Б.Н. Уголевпен және кейінірек Б.М. Рыбин (МОТИ) ФБ-2 
жылтыр ӛлшегінің кӛмегімен жүргізілген зерттеулер бұл аспаптың кӛрсеткіш-
теріне сүректің колориметрлік сипаттамалары мен оның ақшылдығы әсер 
ететіндігін кӛрсетеді. Бірақ әлі күнге дейін біздің кӛру түйсігімізге сәйкес 
келетін сүрек ақшылдығының толық сандық сипаттамасы анықталған жоқ. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   149




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет