Құрылыс объектілерін атқаратын міндетіне және құрылыстық-құралымдық сипаттамасына қарап бағалау


Технологиялық параметрлерге жататындар



бет10/37
Дата24.02.2022
өлшемі314,6 Kb.
#26275
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   37
Байланысты:
Құрылыс процес негізі лекция

Технологиялық параметрлерге жататындар:

п - объект құрылысының барлық өндірістік процестерінің қанша жекелеген процестерге бөлінетіндігін көрсететін сан, тасқынға қатысатын бригадалар саны және бірінші алмасуда істейтіндер;

Р - объект, кешен ішіндегі жарыспалы тасқындардың саны. Кеңістіктік параметрлерге алымдардың жалпы саны N жатады.

Тасқынның есепті формуласы төменгі болжамдарға сүйене отырып шығарылады:

а) әрбір келесі алымдағы жұмыс тасқын адымына тең аралықта басталады;

б) бір алымда бір бригада (звено) немесе бірнеше бригада бірдей ырғакта істей алады;

в) әрбір алымның көлемі алымдарда істелетін жұмыстардың барлық түрі үшін тұрақты болып қалады;

г) бір алымдағы барлық жұмыс кешені орындалғаннан кейін келесі алымдардағы жұмыс тасқын адымына тең аралықтан кеш бітпеуі тиіс.

Бұл болжамдар тасқынның ең қарапайым деген бірқалыпты ырғақты және қысқа ырғақты түрлері үшін параметрлер есебін жасауға мүмкіндік береді.

Бірқалыпты ырғақты тасқындарда барлық бригадалар жұмысының ырғағы tбр бірдей және тасқын ырғағына тең, яғни tбр = tа.

Тасқынның негізгі параметрлерін өзара байланыстырушы формуларды 3 - суреттердегі графиктер көмегімен есептеп шығаруға болады.

Тасқындары барлық бригадалардың жалпы жұмыс ұзақтығы бірдей, ал объекті бойынша жалпы жұмыс ұзақтығын екі бөлікке Т1 және Т2 бөлуге болады, сонда:



Т012

ал

Т0=ta (n+N-1)

екені кестеден көрініп тұр, бұдан объекті бойынша жұмыстың жалпы ұзақтығының мөлшері тасқын ырғағы tа мазмұнына тәуелді екенін байқау қиын емес.

Ал tа өлшемін ең аз деген мәнге дейін азайту тасқынның көптеген басқа да факторларының өлшемдерімен шектеледі, оған бірінші кезекте мыналар жатады: алымдардың көлемдері; бригадаларды жұмысшылардың саны мен кәсібіне қарай ұтымды болатындай етіп құру, жұмысты атқарудың технологиялық жағдайлары және оларды шектес бригадалар арасына үйлестіру, еңбекті қорғау талаптарын орындау және тағы басқалар.



 

3-сурет. Тең ырғақты тасқынның сызық график, циклограмма және диаграмма қаржысы.

 

Алғашқы мәліметтердің сипаттамасына байланысты осы формула бойынша тасқынның түрлі элементтерін есептеп шығаруға болады. Мысалы, құрылысты салудың жалпы мерзімі және оған қатысатын бригадалар, тасқындар саны нақтылы қарастырылған жағдайда тасқын өлшемі:



tа = То/ (п+N - 1) болады.

Бекітілген Т0-де қабылдаған tа және N -де бригадалар саны:



п = То/ (tа + 1 – N),

ал алымдар саны:



N = То/ (tа + 1 – n) болып шығады.

Алымдағы келесі жұмыстарды жұмыстар технологиясының шарттарына сәйкес (мәселен, сылақты әрлеу жұмыстары басталғанға дейін кептіру, цементтік тартқышты еденді салғанға дейін ұстап, әбден қатыру, тағы басқаларды) белгілі үзілістерден кейін ғана орындауға болатынына байланысты технологиялық үзілістерге (tтехн) де қажеттілік пайда болады.

Ұйымдық өзгерістер (tұй) бірқатар жағдайларға еңбекті қорғау, ал ырғақты емес тасқындарда бригада жұмыстарының мерзімін ауыстыру жағдайында туындайды. Егер бұл өзгерістер тасқын адымының ұзақтығында ескерілмеген болса, онда олардың мәні тасқынның жалпы ұзақтығының есеп формуласына енгізіледі:

T0 = ta/ (n + N – 1) + tтехн+tүй

Құрылыс тасқынының объект немесе кешен көлемінде дамуының үш кезеңін айырып көрсетуге болады (3-суретті қараңыз):

1) тасқынның алымына тең уақыт аралығында бригадалар мен қажетті машиналарды тасқын жұмысына қосуға кететін уақытты тасқынды даму кезеңі (Тдаму) деп аталады;

2) тасқынның тұрақты жұмыс істей бастаған кезеңінде (Ттұр) тасқын жұмысшылармен қажетінше қамтамасыз етіледі және олар тұрақты түрде жұмыс істейді;

3) тасқынның адымына тең аралықта жұмысшылар бригадаларын (звеноларын) тасқынның жүйелі түрде шығара бастауды тасқынды тежеу кезеңі (Ттеж) дейді (осы сияқты Ттеж тасқынның өнім шығаратын кезеңі).

Тасқынды өрістету кезеңі (Тдаму) мына формула бойынша анықталады:



Тдаму = ta (n - 1)

Бірқалыпты ырғақты тасқындарды дамыту және оны тежеу кезеңдері тең;



Тдаму = Ттеж =  ta (n - 1)

Жұмысшы күші қозғалысының графигі бойынша (3-суретті қараңыз):



Тдаму = аб, Ттур =  бв, Ттеж =  вг онда аб = вг

Тасқынды ұйымдастыру кезінде қалыптасқан кезеңнің ұзақтығын барынша қамтамасыз етуге күш салынады. Тасқынның бірқалыптылығы уақыт немесе жұмыс атқарылатын уақыт ішінде жұмысшылар санының өзгеруіне қарай қалыптасқан кезеңнің ұзақтығымен бағаланады.

Қ1 - тасқынның бірқалыптылығы жұмысшылар санына тәуелді - бұл жұмысшылардың бір күнде мейлінше көп болғандығының қатынасы птах тасқынның жұмыс істеген уақытындағы олардың бір күндегі орташа көрсеткіші - пор, яғни:

Қ1 = nmax/nop

мұндағы пор = Qб /То, Qб - тасқынның жұмыс істеген уақыты ішіндегі барлық жұмыстың енбек сыйымдылығы.

Қ1 - маңызы әруақытта бірліктен жоғары, алайда тұрақты кезең қаншалықты ұзақ болса (оған алымдар санының көбейтілуімен қол жеткізіледі), соғұрлым Қ1 маңызы азаяды және керісінше болады.

­ілуімен кол жеткізіледі), соғұрлым Қ1 маңызы азаяды және керісінше болады.

К2 –таскынныңбірқалыптылығы, ол таскынның тұракты кезеңі ұзақтығы Ттұр  мен жалпы ұзақтығының Тж катынасы: К= Ттұр / Тж

К2 - маңызы да әрқашан бірліктен аз. Қалыптаспаған таскын үшін N2 = 0, тұракты тасқын үшін К2 > 0 және өлшем үлкен, ал п аз болған сайын оның маңызы да ұлғая береді.

 




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет