1
Sauap.org
ОРАЛХАН БӨКЕЕВ
ТОРТАЙ МІНЕР АҚ БОЗ АТ
2
Sauap.org
Біздің ауыл Салықсалғанның иығында отырған. Шілденің дәл ортасы
болса да, бұл жерде қоңыр салқын, бұлтсыз күндері тамылжыған тамаша
мезгіл басталушы еді. Не ыстық емес, не суық емес жайлаудың жайма-шуақ
сәтінде, тӛбеңнен кӛкпеңбек болып тӛңкеріліп тұрар аспанға қарағайдың
бүршігін лақтырып ойнайсың. Қанша құласаң ауырсынбайтын, канша
құласаң жапырылмайтын күлтеленген күреңсе балапан табанымызға
кілемдей жұмсақ тиюші еді-ау. Теңіз бетінен қаншама биік болғанмен, осы
Салықсалғанның кез келген жеріне жерошақ қазсаң, кӛлкілдеген су шыға
келетін. Әсіресе, жаңбырлы күндері қырдан құлаған лайсаңға айналып,
шошайтып-шошайтып қарағай бӛренеден қиып салған үйлердің мазасын
кетіретін.
Ол кезде колхоз. Колхоздың сиыры күніне үш рет сауылады. Ал әр
сауынның арасында шӛп шауып, оны маялайтын. Кеште, тіпті түні бойы
сеператорға сүт тартып, май шайқайтып. Шаршау дегенді білмейтін қыз-
келіншектер соғыс жылынан кейінгі бейбіт күннің шуағына жылынып,
сызылта ән салатын. Тау арасында жылтылдатып от жағып, ән шырқағанда,
лаулаған жалын бақсыдай тілін жалаңдатып күй шертіп, тау-тасты күңірентіп
тұрғандай әдемі сезілуші еді-ау. Біздер – балалар, күні бойы ӛгіз үйретіп,
бұзау жаямыз, үш уақ сиыр сауғызамыз. Ымырт үйіріле, алтыбақан құрған
азаматтардың маңайында арпалысып, тиіп-қашып ұлардай шулап ойнап
жүргеніміз. Біздің ішімізде менен екі-үш жас үлкендігі бар Тортай атты бала
болушы еді. Әке-шешеден тым ерте айырылып, алыстан қосылар
аталастарының есігінде жүретін. Қой аузынан шӛп алмас жуас, құлағының
сәл мүкісі бар, бала болып кӛп ойнамайтын, жасқаншақ еді. Бәрімізден гӛрі
ерекшелігі, таңертеңнен кешке дейін бас алмай кітап оқи беретін. Қолына не
тисе, соны талғамсыз оқитып Тортай ортамыздағы білгішіміз, аузымызды
ашып тыңдар абызымыз сықылды.
Тортай, әсіресе, мені жақсы кӛреді. Жанынан бір елі қалдырмайтын.
Әкем ферма меңгерушісі, үйде ішім-жем мол, ит басына іркіт тӛгіліп жатушы
еді. Шешемнің қолынан -бір, жолынан - екі алып, әр күн сайын Тортайға
таситынмын. Ол мені алдап, тамақ үшін дос болмайтын, қайта: "Мен аш
жүргенім жоқ, әкеле берме", - деп ұрсатын-ды. Ӛз бейілі мен кӛңіл хошы
болмаса ләм деп аузын ашпайтын, әрі құлағы хақас еститін болған соң,
әңгімеге зауқы бола бермейтін. Тек менімен ғана оңаша сәттерде ағыл-тегіл
әңгіме құрушы еді.
Бір күні мен Тортайды кӛп іздеп әрең таптым. Тұрған үйі аузына
келгенін айтып, ұрсып қуып жіберіпті. Салық-салғанның ұшар басындағы
қалың тас қорымның үңгіріне кіріп, от жағып отыр екен. Мені кӛрген соң,
қуанып қалды. Орнынан атып тұрып: - Мені қалай таптың, ей? - деді.
– Сенің үйің - осы тас күрке емес пе?
Тортай тас күркені ұядай қылып жинап, тазалап қойыпты. Бұдан бұрын
да осы жерге сан рет келіп, мекеніне айналдырған секілді. Қайран қалдым.
Ағаштан қиып нар жасап, үстіне шӛп тӛсеген. Ӛзіне тиесілі кітаптар әбден
3
Sauap.org
кӛп оқылғандықтан, жемтір-жемтір болып бір бұрышта жинаулы тұр. Тӛр
алдына ешкінің терісі тӛселген. Қарағайдың жуан кеспелтек шәркесінен стол
жасап, май шам қойыпты. Тастан қаланған жерошақта маздап жанған от.
Сіркіреп жаңбыр жауды. Үңгірге су тимейді екен. Күн бұлтты болған соң ба,
ымырт ерте үйіріліп, кӛз байлана бастады. Үйден ұрлап алып шыққан нан
мен ірімшікті столдың үстіне қойдым. Нардың шетінде жалаң аяғын
салбыратып үнсіз отырған Тортай: "Рақмет", - деді. Үні бір түрлі кӛңілсіз,
қарлығыңқырап шықты. Ешкім жоқта жылаған секілді, оттың сәулесі тиген
кӛзі қызарып, домбығып тұр еді.
– Әке-шешең іздеп жүрер, үйіңе қайт, қорықсаң, мен шығарып салайын,
- деді Тортай. "Әке-шешең" деген сӛзді қырсығып айтқандай болды. Ал әке-
шешемнің тірі, жер басып жүргеніне мен кінәлі емес едім.
– Сенің жаныңа жата кетсем қайтеді, - дедім оттың шаласын ысырып.
– Қайтасың! - деді ол міз бақпай. Мен бүгін оны мүлдем танымай
отырмын.
– Қайтасың, әке-шешең менің басымды жарады.
– Жармайды. Сен мені қума, дос емес пе едік.
– "Ораза-намаз - тоқтықта ғана" деген. "Тоқ бала аш баламен
ойнамайды" деген.
Мен жауап бере алмадым, үндемеген қалпы, мыңқиып отыра бердім.
Тортай мең-зең. Лаулаған отқа тесілген күйі күрсінді. Содан кейін нардан
қарғып түсті де, тас үңгірдің тесігінен сыртқа үңілді.
– Жауын ұзақ жауатын түрі бар. Тӛңірек тұтасып алыпты. Қонғың келсе,
қона ғой, - деді маған.
Ӛзі тізесіне салып қу бұтақты сындырды да, отқа тастады. Мен әкелген
ірімшікті бір асап нарға қайта мінді. Содан соң "Аласталған Алитет" деген
кітапты қолына алып әрі-бері аударыстырды да, ірге жаққа лақтырып
жіберді. Жаңбыр толастар емес, құлаққа тасқа тиіп тайғанап жатқан сыбдыр-
сыбдыр үн естіледі. Күркіреп, сарқырамай ұрлана жауған нӛсер, қайдағы-
жайдағыны еске түсіріп, қиял дүниесіне жетелейді, немесе маужыратып
ұйқыны келтіреді екен.
– Босағада отырғаның не? - деді Тортай. Бағанадағыдай емес,
кӛңілденейін депті. - Кел жаныма, мен сені тым жақсы кӛремін. Бастықтың
баласымын деп мұрныңды кӛкке кӛтермейсің, қарапайымсың.
Тас ошақтағы оттың сәулесі қабырғаларға түсіп, қоңырқай тартады.
Тӛбеде тесік бар-ау деймін, тырс-тырс тамшы тамады бір жерден. Біз ертекті
ескі дүниеде отырғандай едік. Менің кеңсірігім ашып, бір түрлі жылағым
келді.
– Тортай, - дедім.
– Ау, - деді.
– Әңгіме, не ертек айтшы.
– Баяғыда бір жетім бала болыпты, - деп бастады... – Баяғыда бір жетім
бала болыпты... ары қарай күңгір-күңгір, күбір-сыбыр ертекке айналды.
4
Sauap.org
Бүгінде менің есімде Тортай айтқан ертектің кӛбі қалмаған, тіпті сол
арманшыл баланың ӛзін де ұмытқандай едім... Тек, "баяғыда бір жетім бала
болыпты" деп басталушы еді, ал, қалай аяқталатынын білмеймін, мүлдем
есімде жоқ, қалай аяқталушы еді?
Менің жадымда тамаша сақталғаны, ол тас үңгірде шӛп тӛселген нардың
үстінде жатып, оқыған кітаптары мен ӛзінің арман-қиялы туралы түн ортасы
ауғанша айтқан күбір-күбір әңгімесінің еміс-еміс елесі ғана. Мені жып-жылы
қойнына алып, ағалық ақылын айтатын тым зеректігі еді.
– Бұл дүниеде мен пір тұтар, сырласар жалғыз-ақ нәрсем бар, ол - кітап,
- дейтін. - Әкем де, шешем де сол - кітап. Кейбірін екі-үш қайтара жалықпай
оқып шықтым. Жалғыздығың, жетімдігің, бәрі-бәрі ұмытылып, басқа бір
жұмақты ӛмірге сапар шеккендей боламын. Әттең, жағдай келсе, оқуымды
одан әрі жалғастырып, Алматыға аттанар едім. Шынымды айтайыншы, кітап
жазып, жазушы болғым келеді.
Ақжауын сіркіреп тұр. Тас ошақтағы от қоламталанып, үңгірдің ішіне
қорқыныш ұялап, қараңғылана бастаған. Тортай әлі сӛйлеп жатыр, сӛйлеп
жатыр... Арманы таусылар емес. Демі құлағымның түбіне жып-жылы болып
сезіледі, ептеп қытықтайды. Мен үнсіз тындай беремін. Әлде тоңазығаннан,
әлде қорқыныштан, Тортайдың бауырына тығыла түсемін.
Жайлаудың жадыраған ашық күндерінің бірінде Тортайға еріп бұзау
бағуға шықтым. Менікі еріккеннің ермегі сықылды еді. Тас шоқының ұшар
басына дейін бұзауларды ӛргізіп бардық та, еркіне қоя бердік. Ӛйткені тӛрт
аяқты мал бұл жерден ұзап ешқайда кете алмайтын. Биіктеген сайын қалың
барағы орман таусылып, таудың таз тӛбесі басталатын. Заңғар таудың
тӛбесінде үнемі суық жел соғып тұратындықтан, ағаш болмайды және шӛп те
бойлап қалың ӛспейтін тақыр.
Жазды күндері үнемі сезіміңді сергітер майда леп есіп тұрар еді. Ал
шоқылар ӛркеш-ӛркеш болып, кӛк күмбезіне найзадай кіріп ұшпалана қол
бұлғайтын. Қыздың жиған жүгіндей тай-тай, тең-тең жақпар тастың ара-
арасына тас сарымсақ ӛседі. Тортай екеуміз тыртысып, қол-аяғымызды
жаралай сол биікке шығып, сарымсақ жұлып жегенбіз. Бұл тұстан таудың
балағы алақандағыдай кӛрінеді. Сонау шатқалда Алтайдың шолпысындай
мың бұралып, ағараң қағып Бұқтырма ӛзені күмістене ағады. Ал біздің
ауылымыз кӛкжалқақ мұнар пердесіне тұмшаланып, тек нобайы ғана
сүлделенеді. Қына басқан тасқа құлап кетердей болып атша мініп отырған
Тортай анау кӛк мұнар дүниеге бірдеңесін жоғалтып алғандай кӛзін
сығырайтып ұзақ қарады-ай. Сонсоң шығыс жақты нұсқап, ереуілдеп сӛйлей
жӛнелетін.
– Ей, - дейтін маған, танауы делдиіп, - егер осы тұрған жерімізден тұп-
тура шығысқа тартып кетсек, қайда барар едік? Білемісің? (мен иығымды
котеремін) Ә, білмейсің. Монғолиядан бір-ақ шығар едік. Сен болмасаң, мен
жүре беруден әсте шаршамас та, қорықпас та едім. Рас айтамын, Монғолияға
барар едік. Бізді "о, қазақтар келді" деп құшақ жая қарсы алар еді. Аппақ киіз
5
Sauap.org
үйге кіргізіп, тай сойып қонақ қылар еді. Боз биенің сүтіне шомылдырып,
алдымызға астау-астау қазы-қарта қояр еді. Ішеріміз - алдымыз-да, ішпесіміз
- артымызда, қымызға қызыңқырап шәниіп жатқанда, ақ отаудың есігін ептеп
ашып, ай мен күндей қос ару кірсе... әттең, дүние-ай, армансыз күліп-
ойнасақ, содан соң... содан соң екеумізге екі ақ боз ат мінгізіп, әлгі екі сұлу
қызды алдымызға ӛңгеріп елге қайтсақ. Алдымыздан ферманың бүкіл сиыры,
бұзауы, түйесі, барлық адамдары қақ жарылып қарсы алып, шулап
соңымыздан ерсе... әттең, дүние-ай, мұндай рақаттан кейін ӛліп-ақ кетсең, не
арман...
Тортай кӛзі жайнап, астындағы жақпар тасты тебініп-тебініп қалғанда,
ар жағындағы шатқалға құлап кетеді екен деп, зәре-құтым қалмайды.
– Ақ боз ат демекші, түнде түсімде кӛк ӛгізім арғымақ болып, жер
тарпып кісінеп тұр. О несі екен? - деп, бұзауларымен бірге кәперсіз оттап
жүрген ӛгізіне күн сап қарады.
– Тортай, сен түбі сол ақ боз атқа мінесің, - дедім мен шын кӛңілімнен.
– Қайдан, - деді ол тастан-тасқа секіріп, тӛменге түсіп бара жатып. -
Қайдан білейін... Әкем марқұмның тақымы қотыр тайға тимей кетіп еді,
қайдан білейін.
Күз жақындап, фермадағы барлық бала жайлаудан ауылға оқуға
аттанғанда, тау басында бұзау бағып жападан-жалғыз Тортай ғана қалған.
Әрине, мен оны қимадым, қиналдым. Ӛзіммен бірге ала кететін шаманың
жоқтығына жыным келді. Кетерімде, ол маған ең сүйікті кітабын сыйлап
тұрып айтты: "Мен үшін де оқы. Бәлкім, мен міне алмаған ақ боз атқа сен
мінерсің".
– Сенің ӛз ақ боз атың бар емес пе?
– Жоқ, менің маңдайыма кӛк ӛгіз жазылған.
– Онда мен ақ боз атымды саған сыйға тартамын.
***
Содан бері кӛп жылдар ӛтті. Мен "Тортайды да, ақ боз атты да
әлдеқашан ұмытқанмын. Бір рет ауылға барғанымда, азаматтар сӛз қылып
отыр екен. Тортай үйленбек болып ішкері жақтан жуастау бір қызға
сӛйлеседі. Сонда қыз: "Жеке басыңды қорламаймын, мен кӛндім, бірақ
жаман-жақсы болса да әке-шешем бар, солардың ықыласынсыз кете
алмаймын, ӛзің алдарынан ӛтіп қайт", - деген екен.
Содан Тортай атына міне шауып, қыздың үйіне барады. Сәлем алысқан
соң, қалыңдықтың әкесі: "Кімнің баласысың, шырақ?" - деп жӛн сұрағанда,
құлағының мүкісі бар Тортай ұқпай қалып: "Малдан келдім, ата", - деп қойып
қалса керек. Ха-ха-ха... Шал: "Саңырауға қызымды бермеймін", - деп, ит
қосып қуып салыпты.
6
Sauap.org
Елге енді бір рет барғанымда естідім. Тортай үйленген. Екі-үш баласы
бар. Қой бағады екен.
Былтыр жазда демалыс алып ауылға тағы бардым. Әкемнің тӛрт
бӛлмелі, бау-бақшалы үйінде еркін сайрандап, тойып жеп, тасыраңдап
жүрмін. Шешем бәйек болып: "Не ішесің, не жейсің, құлыным", - дейді зыр
жүгіріп. Түске жақын жұп-жұмсақ диван үстінде шалқамнан түсіп серейіп,
газет оқып жатыр едім. Алдыңғы бӛлменің есігі әндетіп ашылды да, әлдекім
кіргендей болды. Кӛрші-қолаңның бірі шығар деп, аса мән бере қойғаным
жоқ. Әйтеуір, шешеммен сӛйлесіп отырды. Әңгіме күңгірлеп еміс-еміс естіле
берген соң, есіме баяғы бір қоңыр үн түсіп, еріксіз құлағымды түрдім. Келген
- Тортай екен...
– Тәте, айып етпеңіз, әншейін. Орашқа амандасайын деп, ӛзімсініп келіп
едім...
– Ол ұйқтап жатыр, - деді шешем. - Оятпай-ақ қоялық. Тӛрге шық, отыр.
– Жо-жоқ, о не дегеніңіз, тәте, маған осы босаға да жетеді, әншейін
Ораш келді деген соң, амандасайын деп, баяғыда... бала кезде бірге ӛстік...
талай рет бұзау жайып едік, енді, міне, ел таныған азамат болды... айып
етпеңіз, мен қазір кетемін, тәте... Ораш келді деген соң... жалғыз ұлың ғой,
құдай қуат берсін... бізді қойшы... біз ондай үлкен кісілердің садағасымыз
ғой... рақмет, тәте, тамақ ауыз тиейін; осы құрғырды жақпаса да баз-базында
ішіп қоятыным бар... ал, тәте, Орашың аман жүрсін... атағы аспандай берсін...
қол қойдырып алайын деп, мына бір кітабын қойныма тыға келіп едім, тағы
да соғармын... малдан қол тие бермейді... қыстай жемдеген торы атты
управляющий алып қойған, тәте, мың салса баспайтын тағы бір тырақысын
берді, "саған осы да жетеді, торы атты озат шопан мінеді" дейді... ал, кеттім,
рақмет, тәте... келді-кетті деп сӛге жамандамаңыз; әншейін Ораш келді деген
соң, үлкен кісі ғой... бірге ӛскен, сәлем берейін деп... мен келді деп, тіпті
айтпаңызшы, тәте, ұят болар, ал сау болыңыз, рақмет... итіңдеп баяғы ӛзіңіз
білетін Салықсалғанға жеткенше, түн ортасы болар... ӛзіңіз білесіз,
Салықсалған алыс, ӛте алыс... Монғолияның бер жағында...
Мен сұлап жатқан орнымнан белім кеткендей тұра алмадым. Шынымды
айтсам, ұялдым - Тортайдан ұялдым. Батылым бармады. Бет-жүзім
шыдамады. Сонда ғана менің есіме "баяғыда бір жетім бала болыпты..." деп
басталатын ертектің қалай аяқталары оралды. Е-е, осылай аяқталады екен
ғой, осылай...
Тортай мінер ақ боз ат... менің тақымымда кеткендей еді...
Иесіне қайтаруға кеш еді...
7
Sauap.org
Кітаппен танысқаннан кейін, оның қағаз нұсқасын сатып алуды
ұмытпаңыз!
Сайттағы барлық кітаптар тек танысу мақсатында ұсынылған.
Кітапті жүктеп, мазмұнымен танысқан соң, Сіз оны қалдырмай,
жоюға тиіссіз.
Кітаптың мәтінін көшіре және сақтай отырып, Сіз авторлық және
аралас құқықтар туралы заңға сәйкес, барлық жауапкершілікті өз
мойныңызға аласыз.
Сайт әкімшілігі пайдаланушыларды кітаптарға заңды жолмен қол
жеткізуге шақырады.
Достарыңызбен бөлісу: |