Құрылыс объектілерін атқаратын міндетіне және құрылыстық-құралымдық сипаттамасына қарап бағалау



бет24/37
Дата24.02.2022
өлшемі314,6 Kb.
#26275
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   37
Инженерлік жүйелер - поселке, тұрғын үй, зауыт, комбинат құрылыстарының кешендері құрамында салынатын су, жылу, газбен жабдықтау, канализация құбырларының магистралі және тарату жүйелері; тасымал жүйелері - жол, темір жол; энергиямен жабдықтау, байланыс және белгі беру қондырғылары.

Кесінді - бір орындаушы (жұмыс звеносы) үшін бөлінетін жұмыс учаскесі.

Кешенді бригада - кешенді жұмыс түрлерін немесе осы жұмыс түрлеріне байланысты бірнеше кешенді технологияларды орындайтын жұмысшылар тобы.

Кешенді механикаландыру - бір-бірімен байланысты барлық технологиялық операцияларды негізгі және қосымша бірін-бірі өзара толықтырып отыратын және тығыз байланыстары жүйе бойынша жұмыс істейтін машиналардың көмегімен орындайтын жұмыс өндірісінің әдісі.

Кешенді тасқын - кешенді үймереттер мен ғимараттар түріндегі ортақ өнім негізінде бірлескен, ұйымдық жағынан байланысты объектілік тасқындар тобы.

Күрделі жөндеу - үздіксіз пайдалану салдарынан ескерген үймереттер мен ғимараттарды қалпына келтіру.

Күрделі құрылыс - жаңа құрылыс объектілерің салуды, бұрынғы объектілерді кеңейтуді, қайта жабдықтау және техникалық жағынан қайта жарақтауды, сонымен бірге жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар, мекемелер мен ғимараттарға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуді қамтитын материалдық өндірістік маңызды салаларының бірі.

Қабат - жоспарлау, техникалық немесе құралымдық жағынан аумағы біртұтас болатын, биіктігі жағынан шартты түрде шектелген үймереттің (ғимараттың) бір бөлігі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет