Құрылыс объектілерін атқаратын міндетіне және құрылыстық-құралымдық сипаттамасына қарап бағалау


Тасқынды құрылыстың жалпы принциптері



бет5/37
Дата24.02.2022
өлшемі314,6 Kb.
#26275
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37
Байланысты:
Құрылыс процес негізі лекция

4. Тасқынды құрылыстың жалпы принциптері

Құрылыс өнімдері - үймереттер немесе олардың бөліктерін бірқалыпты шығару үшін жұмыстың үздіксіз және ырғақты жүргізілуін қамтамасыз ету, қаржы, материалдық және еңбек ресурстарын тиімді пайдалану, өндірістік базаларды, құрылыс машиналарын және жабдықтарды толық іске қосу тасқынды құрылыстың міндеті болып есептеледі.

Осыған орай қажетті қазіргі заманғы және кешенді материалдық-техникалық ресурстармен жабдықталған еңбек ұжымдарының (бригадалар, тасқындар) тұрақты құрамдарының үздіксіз және бірқалыпты жұмыстарының нәтижесінде дайын құрылыс өнімдерін (салынып біткен үймереттер, ғимараттар, аяқталған жұмыс түрлері және тағы басқалар) жоспарлы түрде, ырғақты шығарып отыруын қамтамасыз ететін құрылыс жұмыстарын және тұтастай құрылысты ұйымдастыру мен жүргізуді тасқынды әдіс деп атайды.



Жалпы құрылысты жүйелі, жарыспалы немесе тасқынды әдістерімен ұйымдастыруға болады (2, а, б, в-сурет).

2-сурет. Объектілерді әртүрлі тәсілдермен құру графигі:

а – жүйелі, б – жарыспалы, 4 – тасқынды.

Жүйелі әдіс бойынша (2,а-сурет) әрбір келесі үймерет (ғимарат) оның алдындағы құрылыс аяқталғаннан кейін салынады. Бұл жағдайда құрылыс мерзімі ұзарады (Т = тТц мұндағы Тц - бір үймеретті салудың өндірістік циклінің ұзақтығы, бірақ уақыт бірлігінде қаржыларды тұтыну салыстырмалы түрде біршама аз болады уақыт бірлігі ішінде қаржыларды тұтыну интенсивтілігі r = R/Т, мұндағы R үймеретті тұрғызуға кеткен жалпы қаржы шығыны).

Жарыспалы әдіс бойынша (2, б-сурет) барлық үймереттер (ғимараттар) бір мезгілде салынады, бұл қаржылардың көп шоғырландыруын талап етеді (), ал құрылыстың жалпы ұзақтығы едәуір қысқарады (Т = Тц).

Тасқынды әдісті (2, в-сурет) қолдану кезінде үймереттер мен ғимараттарды салудың технологиялық процесі құрама процестерге жіктеледі (жер жұмыстарының өндірісі, іргетасты орналастыру, қабырғалар мен жабындарды салу, шатырларды салу, әрлеу жұмыстары және басқалар), олардың әрқайсысын салу үшін бірдей уақыт бөлінеді және әртүрлі үймереттерде олардың ырғақты орындалуы қадағаланады.

Тасқынды әдіс салыстырмалы түрдегі қысқа мерзімді құрылыстарда жүйелі және жарыспалы әдістердің ең тиімді дегендерін өз бойына жинақтайды (Т<тТц).

Құрылыс тасқынын жасау үшін:

- аумақтық-жоспарлық және құралымдық шешімдері, құрылыс технологиясы жөнінен өзара ұқсас объектілерді анықтауды;

- объектілерді салу процесін еңбек сыйымдылығы жөнінен шамамен тең немесе есе болатындай етіп бөлуді;

- құрылыстың тоқтаусыз жүргізілуіне қол жеткізетін жұмыстарды орындалу реттілігіне қарай белгілеуді және өзара байланысты процестерді біріктіруді, олардың үйлесімділігін қамтамасыз етуді;

- жұмыстың жеке түрлерін жұмысшылар бригадаларына нақтылы бекітуді, жекелеген объектілерді тасқынға қосу және жекелеген объектілердегі жұмыстарды орындау процесі кезінде бригадалардың жұмыс істеуінің реттілігін белгілеуді;

- көпшілік жұмыстардың қатар орындалуын және жұмыстың жеке түрлерін орындау мерзімін үйлестіруді, жұмысқа қатысатын машиналар мен жұмысшы бригадаларының мүмкіндіктерін назарға ала отырып тасқынның негізгі параметрлерінің есебін жасауды;

- жоспарда белгіленген құрылыс ырғақтылығына сәйкес жетекші деген құрылыс бригадаларының жұмысшылары мен машиналардың объектіден объектіге ауыстырылып отырылуы реттілігінің есебін жасауды жүзеге асыру керек.

Объектілер құрылысы күрделілігі әртүрлі кешенді, объектілік, мамандандырылған және жекелеген тасқындармен жүргізіледі.

Кешенді тасқын - тұрғын үй кварталының және тағы басқалардың құрамына кіретін жекелеген үймереттер мен ғимараттардың құрылысымен бір мезгілде айналысатын объектілік тасқындардан құралады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет