- қауіпсіздік техникасы; техникалық-экономикалық керсеткіштер.
Технологиялық карта төрт топты мөлшерлік құжаттарды бейнелейді:
I - картаның пайдалану саласы және технологиялық талаптар;
II- технологиялық ережелер; өнім алу тәсілдері және әдістері;
ІII - техника-экономикалық көрсеткіштер;
IV - материалдық-техникалық қаржылар.
Құрылыстың бас жоспар деп құрылыс мерзімінде тұрғызылатын және пайдаланатын негізгі жинақтау және жүк кетеретін механизмдер, уақытша үймереттер, ғимараттар және қондырғылар орналастыруды көрсетілген алаңның бас планын айтады.

Құрылыстың бас жоспары әдетте құрылыстың әр мерзіміне және күрылыс процестерінің әр түрлеріне, мысалы үймереттің жерасты бөлігіне, жерүсті түзілістерді жинақтауға, шатыр жасауға және т.б., жасалынады.
Объект бойынша жұмыс өндірісінің мерзімдік жоспары деп тұрғызу мерзімі және жүйелілігі, құрылыстың кезеңдері бойынша шығындары және басқалар анықталған құжатты атайды.
Объект бойынша жұмыс өндірісінің мерзімдік жоспары деп тұрғызу мерзімі және жүйелілігі, құрылыстың кезеңдері бойынша шығындары және басқалар анықталған құжатты атайды.
Қорытынды:
ЖӨЖ құрамында құрылыс процесін жүзеге асыру үшін қажетті құжаттар:
- технологиялық карталар,
- еңбек процестерінің карталары,
- құрылыстың басжоспары
- мерзімдік жоспар жасалады.
Және:
- материалдық-техникалық және еңбек шығындары есептеледі.