3.
Ауыз қуысы, бөлінуі, шекаралары, құрамы.
Оқулықты қараңыз: Әубакіров А.Б., Сүлейменова Ф.М., «Адам анатомиясы»
атлас, 2-щі том, 2014ж, 7- 12 беттер.
6-
сурет. Ауыз қуысы (сагиталді кесінді)
7-
сурет. Ауыз қуысы (алдыңғы көрініс).
4.
Тістер : сүт, тұрақты тістер, дамуы, олардың құрылысы, формуласы.
Оқулықты қараңыз: Әубакіров А.Б., Сүлейменова Ф.М., «Адам анатомиясы»
атлас, 2-щі том, 2014ж, 22- 33 беттер.
Сүт тістердің формуласы:
2 0 1 2
2 1 0 2
2 0 1 2
2 1 0 2
Тұрақты тістердің формуласы:
2 2 1 2
2 1 2 2
2 2 1 2
2 1 2 2
18-
30 жас аралығында үшінші үлкен азу (ақыл) тістер (4) шығады (dens
serotinus
немесе molaris tertius). Сол кездегі тұрақты тістердің формуласы:
3 2 1 2
2 1 2 3
3 2 1 2
2 1 2 3
8-
сурет. Тістердің құрылысы.
9-
сурет. Тістердің атқаратын қызметіне, пішініне және тістік қатарда
орналасуына байланысты түрлері
10-
сурет. Тістердің жіктелуіне байланысыты құрылыс ерекшеліктері
5.
Аран туралы түсінік, шекаралары. Лимфа-эпителиалді сақинасы,
құрылысы, қызметі, практикалық маңызы.
Оқулықты қараңыз: 1) Әубакіров А.Б., Сүлейменова Ф.М., «Адам
анатомиясы» атлас, 2-щі том, 2014ж, 14,41 беттер.
Ауыз қуысы жұтқыншақпен аран (fauces) арқылы байланысқан.
Шекаралары: таңдай пердесі (velum palatinum) төмен салбырап тұрады,
жұмсақ таңдай тілшігі (uvula) және бүйір жақтарында доғалармен
аяқталады. Олардың алдыңғысы – таңдай-тілдік доға (arcus palatoglossus)
тіл түбірінің бүйіріне, ал артқысы – таңдай-жұтқыншақтық доға (arcus
palatopharyngeus)
жұтқыншаққа жалғасады.
Мұрын және ауыз қуыстарының жұтқыншаққа ашылған кіреберісте
лимфоидтық құрылымдардың жиынтығы (бадамшалар немесе миндалиналар)
орналасқан, олардың барлығы бірігіп – Вальдейер-Пироговтың
жұтқыншақтық лимфа эпителиялық сақинасын құрайды, оның құрамына
кіретін бадамшалар (7, 11-суреттер):
а)тіл бадамшасы (tonsilla lingualis) – тілдің түбірінде орналасады (тақ);
б)жұтқыншақ бадамшасы (tonsilla pharyngea seu adenoida) –жұтқыншақтың
мұрын бөлігінің артқы қабырғасында және fornix pharyngis аймағында
орналасқан (тақ);
в)жұп таңдай бадамшасы (tonsilla palatina) – arcus palatoglossus және arcus
palatopharyngeus
арасында орналасады;
г)жұп түтік бадамшасы (tonsilla tubaria) – ostium pharyngeum tubae auditivae
айналасында орналасқан.
Бадамшаның негізін лимфо-эпителиялық тін құрайды, ол организмде
қорғаныш (микроорганизмдер фагоцитозы) және иммундық (антидене
өндіру) қызметін атқарады. Бадамшалардың қабынуы (тозиллит, ангина),
әсіресе балаларда жиі кездеседі (11-сурет);
11-
сурет. Таңдай миндалиналарының (бадамшаның) іріңді қабынуы.
Достарыңызбен бөлісу: |