Құрылысы, топографиясы, қызметі. Ас қорыту жүйесінің дамуы. Құрсақ қуысы ағзаларының ішастарға


Өңеш: қабырға құрылысы, топографиясы, қызметтері. Өңештің



Pdf көрінісі
бет5/5
Дата09.11.2022
өлшемі4,94 Mb.
#48715
түріОқулық
1   2   3   4   5
Байланысты:
Ас қорыту жүйесі.

10. Өңеш: қабырға құрылысы, топографиясы, қызметтері. Өңештің 
тарылулары.
Оқулықты қараңыз: 1) Әубакіров А.Б., Сүлейменова Ф.М., «Адам 
анатомиясы» атлас, 2-щі том, 2014ж, 42-45 беттер. 
Өңеш (esophagus) (грек.oesaphagus) – астың жұтқыншақтан асқазанға 
өтуін қамтамасыз ететін тақ ағза.Өңештің ұзындығы 23-25 см, ал алдыңғы 
күрек тістен есептегенде оның жалпы ұзындығы 40-42 см болады (21-23 
суреттер) 
21-
сурет. Өңештің скелетотопиясы 
1) Өңештің бөліктері (22, 23 суреттер): 
-
мойын бөлігі (pars cervicalis); 
-
кеуде бөлігі (pars thoracica); 
-
іш бөлігі (pars abdominalis); 
2) Өңештің 3 анатомиялық тарылған (жіңішкерген) жері болады (22, 23 
суреттер): 
-
жұтқыншақтық тарылу – көмейдің сақина тәрізді шеміршегінің 
деңгейінде, VI және VII мойын омыртқаларының аралығында немесе күрек 
тістен см қашықтықта орналасқан; 
-
бронхтық тарылу – IV және V кеуде омыртқаларының аралығында, 
солжақ басты бронхпен айқасқан жерде түзіледі; 
-
диафрагмалық тарылу – сәйкесінше диафрагманың өңештік тесігіне сай 
келеді (X-XI кеуде омыртқаларының деңгейі) 
3) Сонымен қатар, 2 физиологиялық (функциялық) тарылуы болады: 
-
қолқалық тарылу – аорта доғасының жанасуынан III кеуде омыртқасы 
деңгейінде түзіледі; 
-
кардиалдық тарылу – өңештің асқзанға өтер жеріне, XI-XII кеуде
омыртқалары деңгейіне сәйкес келеді. 


22-
сурет. Өңештің синтопиясы және макроскопиялық құрылысы 
 
23-
сурет. Өңештің микроскопиялық құрылысы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет