Құрылтайшы жəне шығарушы: «Қазақ газеттерi» Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi Редакторлар кеңесiнiң



Pdf көрінісі
бет6/6
Дата15.03.2017
өлшемі2,55 Mb.
#9910
1   2   3   4   5   6

Камелия

Ақ қардың арасында тауда көшкен,

Тап-таза шаң-тозаңнан аулақ өскен.

«Камелия» аталатын гүлді көріп,

Бір сəтке айырылып қалғам естен.

Көп гүлдер көркіне оның тең келмеген,

Керімсал неткен сұлу мен көрмеген?!

Сағағы самал желмен ырғалғанда,

Менің де жүрегімде тербелді өлең.

Арудай алатұғын күліп қарсы,

(Кейпіңнен кербезденген сыр ұқсамшы)

Көзіндей жəудір қыздың мөлдіреген,

Жапырақ жанарыңда тұнық тамшы.

О,Камелия!

Жаралған ерек мөлдір,

Сезіміңмен жанымды қоректендір.

Жетер ме екен өзіңе,бекер ме əлде,

Саған дейін сан түрлі мен өпкен гүл?!.



Болмыс

Тал бойынан танытқан адалдықты,

Шын періште сияқты ол маған тіпті.

Асқақтығы кем емес үр қызынан,

Қарапайым бірақ ол болмысынан.

Тұнық тамшы секілді мөлдіреген,

Тұнық сезім тек содан көрдім ерен.

Табылса да нəзіктік бір өзінен,

Батылдықты байқадым мінезінен.

Көрікті болса да аймен таласатын,

Одан да биік еткен парасатын.

Қыста да арылтпайтын бағын гүлден,

Сол жанды жаны-көктем сағындым мен.

***


Сенің атың Сезім дейтін ұлы күш,

Менің атым көз ілмейтін Құбылыс.

Сендік жүрек мені сүйген  періште,

Мендік жүрек кеудемдегі пейіште.

Сендік ғұмыр жыр бейнеге айналған,

Мендік ғұмыр тағдыры тас байланған.

Сендік қиял мен білмейтін ағыста,

Мендік қиял  бүгін тағы  ғарышта...



 *«Үркер»*№12017

43

***


Сен тұратын көшеге тұңғыш аттап,

Есіңде ме,барғаным гүл құшақтап.

МЕН келемін сол түнгі сырды сақтап,

СЕН жүрмісің мен берген жырды сақтап?

Қызғаныштан кетсін деп қызып қаным,

(Тентектердің қоюшы ең тізіп бəрін.)

Сенер болсаң мен бүгін сен түгілі,

Сол көшенің сағындым бұзықтарын.

Сырты шаттық болғанмен іші мұңды,

Саған алғаш жүрегім ұсынылды.

Гитарамен сонда алғаш əн шығардым,

Гитара бел суреттеп мүсініңді.

Қоштастық қимай сол бір шақтарменен,

«Пəк сезім» жоқ біздер бақ тапқанменен.

Ұят болды-ау саған деп жазған жырлар,

Болған еді ол кезде жаттанды өлең.



Бойжеткен

Мен сені көргенімде үйленген ем, 

Сондықтан жақындауға именген ем. 

Қол ұстасу керегін білгенменен, 

Шалыс басу əдеттен жиренген ем.

Сенімен танысқанда бойдақ емен,

(Жүрмеймін баяғыдай тойлап ерен) 

Құлпыңды ашам кел маған демесем де, 

Сыр тыңдасам деген бір ойға келем.

Тағы бір жолыққанда жарым болған, 

Мен үшін аянбайды ол барын қолдан. 

Кешір мені кешіңе соға алмаймын, 

Көшім кері бұрылмас жарым жолдан.

Түсін мені бойжеткен үйленген ем, 

От сезімге болса да күйген денең. 

Шалқып басып өмірде жүргенменен, 

Қолтықтасып кете алман сүйгенменен...

***


Жүрген шақта мұнар ойда,

Лап қойғандай тұла бойға 

От келіп.

Өрт сезімді өкіндірген,

Бастан тағы отырмын мен

Өткеріп.


Қанша ызғарға тоңсақ-дағы,

Солған сезім сол шақтағы

Бүр жарып,

Пəк махаббат гүл өрілген,

Бүгін қайта жүрегімнен

Кетті өніп.

Көп жылдан соң хабарласып,

Болғандығын маған ғашық

Ақтарды...

Сүйгендігі «естен кеткен»

Рас болса,кештеу жеткен

Хатты алдым.

Кəусар сезім оралмас бұл,

Махаббаты ең алғашқы

Шығар деп.

Сүйген жарға шынымды айтып,

Өткен шақтан сырымды айтып

Ақталдым.

Сол жылдары мен күйкентай,

Мұң шалмаған ол кішкентай жүрегі,

Еркін жүріп,еркелеген,

Сабағын от өртемеген гүл еді.

Ал мен бүгін затымды ұқпас,

Бір қарасам ақынға ұқсас

бір жанмын.

Бойжеткен қыз ал ол болса,

Шəкіртімнің амал қанша бірі еді...

***


Кептерлер

Сезімнің сепкен нұрын,

Сүйетін көктем гүлін.

Елімнің ерке құсы,

Көрінбей кеткен бүгін.

Көлбайдың кептерлері,

Қонбай жүр көптен бері.

Жангелді НЕМЕРЕБАЙ. «Меніңде жүрегімде тербелді өлең»


44

Алысқа қанат қағып,

Оралмай кеткен бе еді?!

Жүрегім жылап еді,

Жұбатты жыр əдемі.

Алғашқы махаббаттың,

Сендерсің куəгері.

Көп көрген тағдыр желін,

Сендердей тағдырлы едім.

Бірге ұшып өздеріңмен,

Кеткен -ай бал күндерім!..

Түс

Түсіме енді керім қыз ерке,

Кейіпкеріндей «мың бір түн».

Қуанышпенен оянып ерте,

Көңілдің сырдым мұң бұлтын.

Бұл көрген түсім өңімдегідей,

Сəл бірақ одан көңілді.

Тамаша бəрі өмірдегідей,

Шынайы болып көрінді.

Көктемнің салқын көрік таңында,

Жанартау болдым жалынды от.

Ешкімге айтып, жорытпадым да,

Өзіме ғана мəлім боп.

Үзілген түсті жалғастырса ғой,

Жұмбақтың көбін шешетін.

Өңменен түсті алмастырса ғой,

Бақытты-ақ едім кеше түн...

Жайлауда өткен күн қандай

Жайлауда өткен күн қандай,

Сағынтты мені тау,тастар.

Қол бұлғап бүгін тұрғандай,

Қолаң шаш кербез рауғаштар.

Есіме алдым бал шақты,

Кенелткен ырыздыққа Алла.

Жартаста өскен аңсатты.

Қыз бұрым қымыздықтар да.

Əсемдік көрдім нақ көзбен,

Дүбірін де естіп көкпардың.

Бозбала кезде ақ бозбен,

Боз ала тауға көп бардым.

Көрікті тауда ержеткем,

Көктеген өркендеп елі.

Сұлулық менің жөргектен,

Жанымды көркемдеп еді.

Ақ қарлы шыңды алып тау,

Бастады таудай арманға.

Талай жыл болып қалыпты-ау,

Бармағалы да сол маңға,

Шықпағалы да тауларға!..



Жасыл күз…

Жабырқаулы болғанымен аты Бақ,

Басында оның өзіне тəн бар қайғы.

Мезгілінен ерте үзілген жапырақ,

Кім біледі өз тағдырын қарғайды?

Ең тамаша күз айлары жеткенде,

Жапырақтың желге ұшуы-заңдылық.

Биылғы күз гүл жармаған көктемдей,

Шыршадайын жасыл желек мəңгілік.

Қанша жасыл тұрғанымен ізгі əйбəт,

Елші құстар біздің жақта қалмайды.

Сағынумен ғұмыр кешкен Сізді ойлап,

Менің жаным күзден бұрын сарғайды...

 *«Үркер»*№12017


45

Мəрлен ҒИЛЫМХАНОВ, 

1998  жылдың 4-наурызын-

да  Батыс  Қазақстан  облысында 

дүниеге келген. Журналымыздың 

тұрақты оқырманы əрі авторы. 

БОТПАНОВТЫҢ 

БОЛЖАМЫ 

«Біз – Тəңірдің түсіндегі елестер». Түстің 

ішіндегі түстің қаншалықты ауыр салмағы?!.

....Қиял адамды қайда апармады екен?! 

Əділ Ботпановтың «Өмірзаясын» оқығам. 

Проза  бөлімінде  «Қарғаларымен»  баста-

лып, «Түсімен»  аяқталатын  дүние  бар.  Ақын. 

Қонақүй. «Қарға  шұқып  жатқан»  жанарлары 

көз алдында. Көп- көгілдір қан тамшысы. «Тозақ 

азабы» картинасын салу жолында шəкірттеріне 

қауіп  төндірсе  де,  шынайы  көріністі  бейнеле-

уге  құлшынып,  Ұлы  мəртебелісінен  көзінше 

өртеуді сұрап алған күймемен бірге өз қызының 

тірідей  өртенгенін  көрген  суретші  Ёсихидэны 

жазған Акутагава мен 

«Мы, извращенные, мы, поздние народы,

Ждем  красоты  иной,  чем  в  девственные 

годы:


Пленяют нас тоской изрытые черты,

Печаль  красивая  и  яд  больной  мечты» 

деп  келетін  шумағы  өзіме  ұнайтын  фран-

цуз  ақыны  Бодлер  үстелінде.  Шылым.  Кітап 

дүкенінен  сатып  алған  алтын  балығын  алтын 

теңгеге  сатып,  ол  теңгелерді  қайтадан  алтын 

балыққа  айналдыратын  кейіпкері  бар  Мар-

кес,  Ганині  мен  Машенькасының  махаббаты 

кей тəтті шақтарымды есіме түсірген орыс пен 

ағылшынша  қос  тілде  сайраған  «суперклас-

сик» Набоков, «Трагедияның жаратылуы неме-

се эллиндік пессимизм» еңбегінде «Кейбір түс 

көрушілердің тəтті ұйқының сиқырынан шыға 

алмаған  қалпы  түнгі  қиялдарын  ары  қарай 

жалғастыра  алатын  қасиеттері  бар»  дегенді 

айтқан  Ницше, «Құм  құрсауындағы  əйел»  ро-

манымен  өмірдің  еркіндіксіз,  қалауынсыз  өте 

беретініне  деген  жеке  адамның  қорқынышы 

мен үрейін шебер жеткізген, өзім үшін құмды 

аймақтағы  шұңқырда  əйелмен  бірге  тіршілік 

ететін жəндік жинаушы еркектің «Got a one way 

ticket  to  the  blues,  woo,  woo…»(Қайтпас  жолға 

билет алдым, оралуға билет жоқ, уоу, уоу...) əнін 

бар  даусымен  шырқаған  тұсы  əсерлі  болған  

Кобо  Абэ  сынды  жазушылардың  кітаптары 

мен  «Ежелгі  Қытай  афоризмдерінен»  ол  үшін 

артық сыйлық болған жоқ. Суретшімен əңгіме. 

«Далиді  не  Пикассоны  қазақшалау  қолдан 

келмейді»  деген  суретші.  Оқиғалар  желісін 

түгелдей  қамтуды  қажет  деп  санамадым.  Тек 

өзімді толғантқанын айтайын. 

Бойжеткенмен  танысты.  Ол  Кəрима 

еді.  Кезекшілікте  төменде  тұратын.  Бөлмесін 

Аќќан жўлдыз



46

жинағанда  дəптерін  көрген  жаңа  танысының  

«Маған арнап өлең жазсайшы...» дегеніне Ақын: 

«Жазамын», «Сен – кемпір,  мен – шал  болған 

кезде» деген. Есімі парсыша «Құдіретті» деген 

мəнге ие бұл қыздың орнын алмастыруға кел-

ген  келіншектен  Ақын  «Ағамның  денсаулығы 

мықты  ма?»  дегеніне  жауап  ала  алмаған. 

Кейін  Кəрима  екеуі  бөлмеде  шампан  ішкенде 

келіншектің  неге  үнсіз  қалғанын  сұрап,  мəн-

жайды  ұғады.  «Оның  күйеуі  жынданып  кет-

кен...»


Жағдай  былай  болған.  Келіншектің 

есімі  Құралай  екен.  Күйеуі  Бахтияр  гитара-

мен əн айтқан. Ол бірде қалада шаруаларының 

оңалғанын    бір  топ  шопырмен  жуады.  Бір 

күн,  бір  түн  жуады  екен.  Кешкілік  Бахтияр 

қайтуға бел буады. Араларындағы жасы үлкен 

Мешітбай  шал  жолда  жалғыз  жолаушыны 

азғыратын Қара қыз төңіректейтін қорым барын 

ескертеді.  Бахтияр  көнбейді,  əрине.  Осыларды 

баяндап  отырған  Кəрима  Ақынға  «білесің  бе, 

сен Бахтиярға ұқсайсың» деп те қояды. 

Сөйтіп,  бір-  екі  күннен  кейін  ауылға 

оралған  шопырлар  түнделетіп  жолға  шығып 

кеткен  жолдасының  үйіне  келмегенін  біліп, 

іздеп,  тауып  алады.  Оған  шал  айтқан  Қара 

қыздың  тап  болғанын  айқайынан-ақ  аңғаруға 

болар  еді.  Жолда  жалаңаш  қыз  кездесіп,  мəңгі 

бірге  болуға  серттескен.  Молда,  бақсы  емдей 

алмапты. Күн өтеді, ай өтеді. Бахтияр екі күннің 

бірінде бейітке қарай тартады. Ақыры оны өлі 

күйінде табады. Жымиған қалпында... Осылар-

ды  айтқан  Кəрима  үнсіз  қалды.  Бойжеткеннің 

əңгімесін  тыңдаған  Ақын  «Мен  Бахтиярға 

қызықтым.  Оның  өлмегенін,  тек  «тірілерге» 

тəнін  қалдырып,  өз  сүйіктісімен  аспанда, 

дəлірек  айтсам,  Күн-жұлдыздың  көгілдір 

жүрегінде  ғұмыр  кешетінін  ұғындым.  Оның 

тағдырына  қызықтым.  Бақытына  қызыққан  да 

шығармын» дейді.

Бұл  «Махаббат»  тарауында  өрбитін 

оқиға.  Бұдан  кейін  «Түс»  деген  тарау  бар.  Тек 

тараудың  аты  ғана  тұр.  Аяқталмай  қалыпты. 

Нендей түс ол?! Білгім кеп қатты аласұрам.

Айтпақшы, «Қарғалары»  мына  өлеңмен 

басталады:

«Күпірлік сен жасасаң əдемі тек,

Түпсіз көзің сайтандар əлемі бек.

Мың сайтаның тозаққа тартар мені,

Бір сайтаның тозақтан тереңірек.

Нұрыңа көмілдім де, сайтанға ердім,

Біткендей жүрекке гүл, көзіме нұр.

Сен үшін отқа кірдім, сезіне жүр»

«Əділмен 

жолдас 


болған 

Қайрат 


Ағаберген Əділ жоғалып кеткен соң жолы түсіп, 

Ғазиза деген балшыға барған екен. Сонда бал-

шы: «Ел  күдерін  үзіпті.  Бірақ,  бұл  бала – тірі. 

Кеуде  тұсында  алақаннан  ұшып  бара  жатқан 

көгершіннің  суреті  бар  екен.  Дартанды  деген 

жерде  жүр.  Қасында  өзге  ұлттың  ұзын  бойлы, 

қасы-көзі қиылған қызы бар. Сол əйел суға дем 

салып,  жігітті  дуалап  алып  кеткен»,-  депті». 

Бұл «Алқа» қоғамдық- саяси журналының 2013 

жылғы №6 (56) санында келтірілген мəлімет.

«Əдебиет  тек  өткенді  жазу  емес,  белгілі 

бір дəрежеде болашақты болжау құралы» дейді 

Əмірхан Балқыбек.

Əділ  Ботпанов  «Бахтияр  мен  Қара  қыз 

үшін» шампан ішуі арқылы, аяқталмай қалған 

дүниесімен  өз  болашағын  болжап  қойған  жоқ 



па екен?!       

 *«Үркер»*№12017

Редакция мекенжайы:

050009. Алматы қаласы. 

Желтоқсан көшесі 175

Телефондар: 

бас редактор    – 272-48-51, 

 

 

    272-48-60

компьютер 

бөлiмi  

 – 372-49-02

 

     

 

      www.urkerkaz.kz

E-mail: Urker_2010@mail.ru, 

 

     

Журнал Қазақстан Респуб-ли-

касы  Мəдениет    жəне    ақпарат  

министрлiгiнде 06.04.2009 ж. 

қайта  тiркелiп,  № 10017-ж  

куəлiк  алған.  Айына  бір  рет 

шығады.

 ***

Басуға  қол  қойылды:  .  .2016 

Қағазы  офсеттiк. 4,2 баспа 

табақ.  Форматы    84х108/16. 

Таралымы          .  Тапсырыс  №1000. 

Бағасы келiсiмдi.

***

Редакцияға  түскен шығарма-

лар  рецензияланбайды. Қолжазба 

қайтарылмайды. Көшiрiп  басқан  

жағдайда  «Үркерге»  сiлтеме жа-

сау мiндеттi.

 ***

Жарияланған  дүниелердегi  де-

ректердiң  нақтылығына  автор-

лар жауап бередi.

 ***

«Үркер»  журналында  жар- 

ияланған    материалдардың  ав-

торлық   құқы  «Қазақ газеттерi»  

ЖШС-не тиесiлi.

 ***

Журнал  «Қазақ  газеттері» 

ЖШС-нің 

компьютер 

орта-

лығында    терiлiп,  беттелiп, 

«Дəуір» ЖШС-нiң Республикалық 

полиграфиялық  баспа  комплек-

сінде  басылып  шықты.  Алматы 

қаласы, Гагарин даңғылы 93.

***

Тел.   394-39-22,  394-39-24

«Үркер», №1 (101), 2017 ж.

Əуедегі əзіл 

Ұшағымыз  қауіпсіз  биіктікке  көтерілгені  сол  еді, 

қасымдағы сапарлас жігіт стюардессаға:

– Сіздерде арақ сатылады ма? – деп сұрады. 

– Əрине, сатылады. 

–Конъяк «Қазақстан» бар ма? Қанша тұрады?

– Бар, 20000 теңге...

–Ой, неге қымбат, жерде 1500  теңге ғой...

–Енді  сіз  жерде  емес,  көктесіз,  баға  да  шарықтайды. 

Қазір мен ұшақтың есігін ашайын, жүгіріп барып жерден алып 

келе қойыңыз, адасып кетсеңіз ысқырамын, – деді.  

Мен сол жерде күлкіден құладым. «Əзілі əдемі, əзілі əлем, 

қарғам,  ұшқанда  қанатың  талмасын»  деп  іштей  батамды 

бердім қарындасқа. 

   Рашид ЖАҚСЫЛЫҚОВ  

Кемпір мен жігіт

Қақаған қыста автобуста отырған жас жігіттің қасына 

бір кемпір кеп тұрады да:

–Балам,  үлкен  кісіге  орын  берсең  болмайды  ма? – деп 

ренжиді. 

–Қызық  екенсіз,  автобуста  бос  орын  көп  қой, 

қалағаныңызға  барып  отыра  бермейсіз  бе?   – деп  жігіт  таң 

қалса керек.

Сонда кемпір:

–Менің жылы орынға отырғым келеді, – депті.

Əріптер ішіндегі нағыз еркек...

І əрпі – І əрпінің екі қабат кезі.

І əрпі – О əрпінің диетадағы кезі. 

W əрпі – V əрпінің сиам-егізі.    

N əрпі – Z əрпінің етпетінен түскен кезі.

B əрпі – І жəне З əрпінің сүйісіп тұрған кезі. 

Q əрпі – О əрпінің күйеуі. 

Сəкен СЫБАНБАЙ

Ал ендеше

Қазақ  елінде,  Астана  қаласындағы  Конгресс  Холда 

қазақтар өткізіп жатқан орысша жиналыста отырмын. 

Данышпан ҚОЙШЫБАЙҰЛЫ  

Күлкі – витамин



Мазмұны

Бірге болайық .......................................................................................................1

Салтанат МИНАЙХАН

Мен емес... ............................................................................................................2

Əлихан ЖАНАРБЕК 

Елімнің өркендеуіне қосар үлесім қандай болмақ? ..........................................4

Рүстем ДОСЫМҚҰЛОВ

Біз  – мемлекет құрушы ұрпақпыз, 

əрқайсымыз Қазақстанның тарихымыз..........................................................6

Манарбек ҚЫДЫРБАЙ

Сарқылмас сабыр мен бақыт бер .....................................................................11

Дана РУСЛАНҚЫЗЫ

Басқаның түтінін түтеткен қаракөздер... .....................................................15

Жанар ОРАЗЫМБЕТ

Қонаев берген қос алма ......................................................................................17

Нұрлан ҚҰМАР

Балалар əдебиеті неге кенже қалып барады? .................................................20

Айгүл БОЛАТХАНҚЫЗЫ

Алтын домбыраның айқайы ..............................................................................22

Пакиза АРЫСТАН

Мен бармын деп ойлағайсың жаныңда ............................................................28

Тұрымбек ҚАСЕН

Қиянат .................................................................................................................32

Еркеғали БЕЙСЕНОВ

Көнені көңіл іздейді .............................................................................................35

Қуандық ТҮМЕНБАЙ

Дар ........................................................................................................................38

Жангелді НЕМЕРЕБАЙ

Менің де жүрегімде тербелді өлең ...................................................................41

Марлен ҒИЛЫМХАНОВ

Ботпановтың болжамы ....................................................................................45

Күлкі – витамин ..................................................................................................47


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет