Құрылтайшы жəне шығарушы: «Қазақ газеттерi» Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi Редакторлар кеңесiнiң



Pdf көрінісі
бет3/6
Дата15.03.2017
өлшемі2,55 Mb.
#9910
1   2   3   4   5   6

Жанар ОРАЗЫМБЕТ. «Қонаев берген қос алма»

тандырға  піскен  нан!  Нан  ауыз  тидім.  Ди-

маш  атамыз  үстелден  екі  үлкен  апорт  алма-

ны  алып,  қолыма  ұстатты.Сөйтті  де  «Балам, 

өркенді  елдің  ұрпағы,  өнегелі  жердің  өрені 

екенсің, бақытты бол» деп батасын берді. Мен 

алманы  ұстаған  бойда  қуанышым  қойныма 

сыймай  редакцияға  келдім.  Келген  соң 

көрген-білгенімді  редакциядағы  апайларға 

сондай бір əсермен айтып бердім. Ол кісінің 

менің  ауылымды  жақсы  білетінін  де  айтып, 

мақтанып  үлгердім.  Ал  өзімнің  төбем  көкке 

екі-ақ  елі  жетпей  тұрған  болатын!  Сосын, 

əрине, əлгі қып-қызыл, тостағандай екі алма-

ны көрсеттім. Сол-ақ екен əлгі кісілер «Үйййй, 

бағанадан бері осыдан бастамайсың ба?! Қане, 

бізге де бер! Ондай адамның қолынан дəм ауыз 

тиген де бар, тимеген де бар. Балаларымызға 

апарып  берейік!»  деп  ырымдап,  бəрі  қылдай 

етіп  бөліп  үйлеріне  алып  кетті.  Ал  кейбір 

ағаларымыз  «Енді  ол  кісімен  амандасқан 

қолыңды  бір  апта  жумасаң  да  болады!»  деп 

жатты.  Ол  кезде  ұялы  телефон  деген  жоқ. 

Фотоаппарат  деген  екінің  бірінің  қолы  жете 

бермейтін байлық. Өзі əзер күнелтіп жүрген 

студентте  ол  қайдан  бола  қойсын?!  Ал  ал-

дын ала фотограф ертіп апарып, суретке түсу 

туралы  ойламаппын  да.  Бұл  бір  өкінішім. 

Ал  екіншісі 12 қаңтар  ол  кісінің  туған  күні 

болатын.  Əлгі  кісі  «Сол  күні  кел,  атаңның 

туған  күніне  бірге  кіріп  шығамыз»  деп  еді. 

Өзімнің  еренсіздігімнен  бармай  қалдым. 

Соған əлі күнге дейін өкінем. Сол жылы жаз-

да Дінмұхаммед атамыз бақилық болды. Бұл 

менің өзі өмір сүрген уақыттың адал перзенті, 

тағылымы терең биік парасат иесі, елінің сый-

құрметіне бөленіп, ұлттық тұлғаға айналған, 

көзі  тірісінде-ақ  ел-жұрты  өз  көсемі  ретінде 

таныған ғажап адам Дінмұхаммед Ахметұлы 

Қонаев  ақсақалды  өмірімде  бірінші  жəне 

соңғы көруім еді.


20

Нұрлан ҚҰМАР 

«Үркер» журналының 

бөлім меңгерушісі

БАЛАЛАР ӘДЕБИЕТІ 

НЕГЕ КЕНЖЕ 

ҚАЛЫП БАРАДЫ?

Балалар – елдің болашағы. Қазіргі таңда 

ересектердің көбі кітап оқудан қалды. Ендеше 

балалардың қайткенде кітап оқуын жанданды-

рамыз? Құдайға шүкір, балаларға арнап кітап 

басатын  баспаларымыз  бар.  Бірақ,  барлығы 

дерлік жеке меншікте. Сондықтан ақылдастар 

алқасы  да,  көркемдік  кеңес  те  құрылмаған 

жерде сан алуан баспа өнімдері жарық көреді. 

Тек  балаша  сөйлеп,  балаша  күлетін,  бала 

секілді ойлайтын шығармалар жоқтың қасы. 

Сөздері  ауыр,  үлкендер  қолданатын  күрделі 

сөйлемдер  балғындарымыздың  табиғатына 

жат.  Осының  бəрін  біле  тұра  шұбалаңқы, 

кейіпкерлері  көбінесе  ата,  əже  болып,  бала 

екінші  планда  тұратын  шығармаларымыз 

жетерлік. 

Əрине,  балалар  əдебиетіне  келген 

əрбір  қаламгер  өзінің  келешек  алдындағы 

жауапкершілігін 

түсінеді. 

Бірақ, 


өмір 

ағымына  сай  ізденуге,  еркін  жүріп-тұруына 

мүмкіндігі  болмайды.  Балалардың  ортасы-

нан табылудың орнына қара басын немесе от-

басын  асырау  үшін  басқа  жұмысқа  жегіледі, 

сөйтіп балалар əлемінен алыстайды. 

Қаладағы аялдамалардың кез келгеніне 

жақындаңызшы.  Немесе  кітап  дүкендеріне 

барсаңыз  шет  елден  шыққан,  қызылды-

жасылды  безендірілген  кітапшалардан  көз 

сүрінеді.  Тек  балаларға  арналғандарын  ғана 

айтып отырмын. 

Қолыңызға  алып  парақтап  қарасаңыз 

түк  жоқ.  Бір  ғана  деталь.  Соны  баланың 

тілімен  өте  қарапайым  етіп  бере  салады. 

Соған  сай  суреттер  де  беріледі.  Əп-əдемі. 

Еріксіз  езу  тартасың.  Əрине,  біздің  баспа-

лардан  да  шағын  кітапшалар  шығып  жатқан 

болар. Алайда, таралымы өте аз. Осы орайда 

балалар жазушылары деген атау да жоғалып 

бара жатқандай көрінеді маған. Қаламақы да 

Ойтолєам


21

мардымсыз.  Осыдан  соң  балалар  əдебиетіне 

қалам  тартқандардың  көңілі  суып,  өзге 

жанрға кетіп жатады. 

Балалардың  қызығушылығын  оятып, 

кітап парақтап, қазақша тіл сындыруға, кітап 

оқуға  үйретуде  ата-аналардың  рөлі  үлкен. 

Алайда  жұмысбасты  ата-ана  балаларына 

керекті суреті мол қазақ кітабын іздеп жүруге 

құлықсыз. Одан да дүңгіршікте толып тұрған 

музыкасы сыңғырлаған орысша кітапшаларды 

ала  салады.  Немесе,  қазіргі  заманауи  техни-

каларды  қолына  ұстатады.  Оларда  бəрі  бар, 

Нұрлан ҚҰМАР. «Балалар əдебиеті неге кенже қалып барады?»

ертегі де тыңдай алады, мультфильм де көре 

алады, ойынның түр-түріне де қанығады. 

Ел  боламын  десек,  балалар  əдебиетіне 

қамқорлық  керек.  Үкімет  тарапынан  алдағы 

1-2  жылда  айтарлықтай  көңіл  бөлінбесе, 

қазақша кітап оқу түгілі қазақша ойлай алмай-

тын ұрпақ өсіп жетілуі мүмкін. Тіпті қазірдің 

өзінде  балабақшаның  бөбектері  ағылшынша 

1-2 сөзбен ауыздарын бұрап сөйлей бастады. 

Бұның  өзі  түбінде  жақсылыққа  апар-

майтыны  сөзсіз.  Сондықтан  өзге  елге  еіктей 

бермей, өз бесігімізді түзеуіміз керек. 

  

Айтулылар айтқан сөз

Тәрбиелеуде мұғалімнің өзі не біліп

не істейтіні маңызды-ақ, бірақ оның 

ықпалымен шәкірттерінің не біліп, не 

істейтіні онан да маңыздырақ.

Цицерон


22

«АЛТЫН 

ДОМБЫРАНЫҢ»

Желідегі ой-талас



Айгүл 

Болатханқызы:

«Айтысты 

көрген 

жоқсың, ол жайлы пікір жаз-



ба»  деген  еді  таяуда  бір  ба-

уырым. Ал көрдім... Көрейін 

дегенім  осы  ма  еді  сонда? «Адам  бірін-бірі 

ешқашан  көрмейтін  екі  көзіне  сенеді,  жүрегін 

тыңдай  бермейді», - дейді  менің  Зейнеп  апам. 

Жарайды... Көргеніме сенбей-ақ қойдым. Бірақ 

менің  көзіммен  қоса,  құлағым  залды  жарып 

кете жаздаған «Болатбек!»-ті естіді ғой. Жүрек 

шіркін де сол ақынның «алтын домбыралы» бо-

латынына сенімді болған. Бірақ...

айќайы

Ай  бұрын  айтыскер  ақындар  арасында  дəстүрлі  «Алтын  домбыра» 

үшін тартыс Алматының бас өнер ордасы Республика сарайында өтті. Кіл 

жүйріктер  қатысқан  сөз  додасында  «Алтын  домбыра»  Мұхтар  Ниязовқа 

бұйырған болатын. Қазылар мен халық арасындағы қарама-қайшылық со-

дан бері əлі өршіп тұр. Бұл дау əсіресе əлеуметтік желілер белсенділерінің 

бас тақырыбына айналып отыр.   

Журналист – Айгүл  БОЛАТХАНҚЫЗЫНЫҢ  фейсбуктегі  парақша-

сынан алынған бұл пікір-талас халықтық өнер – айтысқа жаны ашитындарға 

ой салар деген ниеттеміз. Ой қосам дейтін оқырман болса, мархабат.   

Алтын  деген - көшпелі...  Сусып  барып 

Мұхтарға  кетті.  Сонда  көрермен  неге  шула-

ды?  Болатбек  былтыр  да  «Алтын  домбыраға» 

қатысқан, сол кезде көрермені залды бүгінгідей 

неге  азан-қазан  қылмады?  Былтыр  залда 

«алматылықтар» биылғыдан аз болды ма əлде? 

Жоқ!  Тіпті  де  олай  емес,  биыл  Болатбектің 

мықты айтысқанын көрермен білді! Білген соң 

əділетсіздікке  шыдамады.  Айғайлағанда-а-а... 

Олардың  шулағанынан  кідіріп  қалған  əкімді 

аядым...  Ал  əкім  «сасқанынан»  Болатбектің 

жүлдесі тағы 1 (бір) миллионға «көбейгенін» ха-

барлап, ақынды шақырып, оның ойын сұрады... 

«Сасқанынан»  дегенім  де - сол...  Болатбек  не 

десін,  көрерменінің  ықыласы  ақшадан  жоғары 



23

Айгүл БОЛАТХАНҚЫЗЫ

«Алтын домбыраның айқайы»

көзіммен көріп келген жоқпын ба?!

«Сүйегі  жоқ  тілменен  етіңе  жеткізіп, 

сүйегіңнен  өткізетін» (Еркебұлан)  қазақтың 

біреуімін  ғой.  Бұл  күнде  құлақ  та  жоқ,  ет  те 

өлген... 

НƏПСІ, ҚҰЛҚЫН ДЕГЕН - ЖАМАН! 

КӨКТЕГІ ҚЫРАНДЫ ДА ЖЕРДЕГІ ЖЕМТІК 

ҰЯТҚА ҚАЛДЫРМАЙ МА?! 

Марат Мадалимов:  – Өлтіріп айттыңыз, 

Айгүл. Жанайқай !



Дария Талапова:  – Айтыс та - баланың 

ойыны болып барады ғой. Қашан əділеттілік та-

нытып еді? 

Ғазиза  Құдайберген: – Кəдімгідей 

жылағым келді, шын...ішім бос кеуек боп қалды 

..ауырғаныма  қарамай  екі  күн  барғанымды 

қайтейін. Қазылардың шешіміне келіспеймін....



Азамат Бектұрсын: –Сіз менің ойымның 

бəрін айттыңыз. Тағы бір талантты өлтіру ойы-

ны...

Айсұлтан Жақыпов: –Финалда неге екі 

ақынды айтыстырмайды екен қазір?



Айгүл  Болатханқызы:  –Бəрін  жа-

зып  тастаған  соң  (ішімдегі  жаман  энергияны 

шығарып тастаған соң) жаңа босанғандай болып 

жатырмын... Айтыстан жаным ауырып қайтты...

Шындық  сол  Оразалы,  Ерік,  Əзімбектермен 

бірге өліп қалған баяғыда.



Дариға Мұштанова: –Əр айтыстан кейін 

қазылар  алқасы  брифинг  өткізіп,  ел  алдында 

бағаларына  комментарии  жасауларын  талап 

ету  керек  шығар. «Іс  бітті,  қу  кетті»,  қазылар 

жауапкершілігі,  міндеті,  құқығы,  тіпті  жазасы 

да белгіленуі керек, айтыс адал болсын десек. Ел 

не, у-шу болады да тарайды деп миықтарынан 

күле  қарайды  айтыстың  əпербақан  «бесаспап-

тары».

Есет  Қалманов:  –Нағыз  əділқазылар 

көрермен  халық  қой.  Бірақ  айтыс  өнерін 

текесақалдар  жекесіне  айналдырып  алғалы 

біраз болды...

екенін айтты. Аз-замат!!! Ал, Мұхтар... Құдай-

ау,  қолына  «Алтын  домбыра»  тимей  тұр  екен 

ғой. Жабысты да қалды... «Болатбек екеуміздің 

жанымыз - егіз, бізді бөлмеңіздер», - деді. Деуін 

деді,  бірақ  қолы  ана  қу  темірді  босатпады-ау, 

босатпады... «Алланың бір аты - ХАЛЫҚ» де-

ген...  Халықтың  қиқулағанына  қарап: «Мы-

нау  маған  лайық  емес  екен,  шынайы  иесіне 

берілсінші!» - деп  Болатбекке  ұсынар  деп 

үміттендік.  Үй-й-й,  бір  мен  емес,  үміттенген... 

Менің алдымдағы, артымдағы, оң жағымдағы, 

сол  жағымдағы  көрерменнің  бəрі  сондай 

мəрттік  күтті  одан.  Ойбай-ай,  пендешілікпен 

Болатбекке бергісі келмеген шығар, ең болмаса, 

əлгінде  ғана  тілеуі  соның  үстінде  тұрып,  шы-

найы  жанашырлығын  білдіріп,  емешегі  езіліп 

отырған  Жансаяға: «Жолың  осы  «Алтын  дом-

бырамен»  ашылып  кетсінші!  Саған  қидым. 

Суырылып  шыққан  жалғыз  қызсың,  қазақ 

қызды сыйлайды ғой», - деп ары кетсе бес ми-

нут  ұстап,  ақыры  ары  қарай  музейге  «зытты-

ратын» «Алтын  домбыраны»  Жансаяға  беріп 

жібергенде...  Жолдан  оңбай  ұтылдың-ау,  бау-

ырым!  Қазақтың  мəрттігі  жылқы  мініп  өскен 

жігіттермен  кетіп  қапты.  Ақын  өлең-жырында 

ғана  ақын  екен  ғой.  Əділқазылардың  аты  ғана 

-  əділқазы!  Мойындасаң  да,  мойындамасаң 

да,  айтыс  кірлепті,  айтыс  ластаныпты...  Ай-

тыс былығыпты... Мейлі ғой, Азамат бауырым 

айтқандай,  бəріміз  осы  Алматыға  жиналған 

жан-жақтың  қазағымыз. «Алтын  домбыраны» 

қай «алматылық» алса да - бəрбір... Бірақ айтыс 

сүйер  көрермен  енді  сарайға  жинала  ма?  Ай-

тысын  сағынып  жете  ме,  айтысын  аңсап  күте 

ме? Ойбай-ай, сұрағыңа болайын, тоқта, тоқта! 

Қайда шарықтап барасың? Бұл сұрақ сенің «то-

пас» басыңа қайдан келді? Айнаға қарап өзімен-

өзі  сөйлескен  Қожа  құсадым.  Ондағы  Қожаң  

саспайды. Былай деді:

-Бұл  сұрақтар  «Алтын  домбыра» - 

Мұхтарға»  дегенді  ести  сап  сыртқа  жаппай 

жөңкілген көрерменді көргенде келді! 

Келісем!  Келіспей  қайда  барам,  өз 


24

Ермек  Құрманғалитегі:  –Молдалардың 

тілеуі  айтыс  болдыру  емес,  қайтыс  болдыру 

ғой. Айтыс қайтыс болған екен. ..

Ермек 

Хасенов: 

–Айтыста 

ұят 

қалмапты....



Мөлдір  Райымбекова:  –Бұл  айтыс  те-

ледидардан  қашан  берiледi  екен((  Болатбек 

Оразбаевқа  əдiлетсiздiк  жасалғандай  болып 

тұр  ма?  Алдыңғы  айтыстарында  да  сөз  сапта-

сы, айтысу мəнерi дараланып тұратын айтыскер 

едi.  Оразəлi  Досбосыновқа  ұқсайтын  секiлдi. 

Болмаған екен.

Берік  Түсіпов:  –Ақтық  сында  төреші 

халық болсын. Сосын аты дардай «Алтын дом-

быраны»  тікелей  эфирде  өткізсін,  бəрібір  ша-

шып жатқаны халықтың ақшасы ғой. 



Азамат Жұбанов: –Жүрсiннің өзі:  –«Енді 

біраз  уақытқа  дейін  айтысқа  халық  келмейтін 

болды»-деді.   Жүйкемiздi  ауыртпай,  айтысқа 

бармай-ақ қояйық.



Ержан  Хамитов:  –Теледидардан  əділ 

өткендей қылып көрсетеді ғой. 



Сара  Рахатова:  –Қайбір  жылы  айтыс-

тан  жүрегім  мұздап  қайтты.  Содан  бері  айтыс 

көрмеймін.

Ділдəр  Мамырбаева:  – «Ақын-өлең-

жырында ғана ақын екен ғой»  деген диагнозың 

дəл!

Нұрлан  Қарасаев:  –Ақтөбеден  келген 

менің  өзім,  Болатбек  деп  айқайлап,  тамағым 

ауырды. Күлкіге қарық қылған Жансая Мусина 

да лайықты еді жүлдеге. Менің жанымдағылар 

Мұхаммеджан  Тазабековтың  беделін  айтып, 

иектерін көрсетіп жатты.



Сымбат Жеңісқызы: –Жақсы айттыңыз...

Халықтың шулағанынан жүрек ауырды...



Əлібек  Шенгелбаев:  –Мұхтар  ерледі. 

Еңбегі  бар,  алсын.Болатбек  өзіне  лайықты 

жүлдесін алды, қазылар шошқа тағалап отырған 

жоқ.  Жансаяның жөні бөлек. 



Айкерім Бақтияр:  –Мен айтыс көріп ау-

ырып қалғам. Кəдімгідей...



Алтын  Ай  Бек:    –Біткен  іске  сыншы 

көп!Мұхтар ағаның-алтын домбыраға лайықты 

еңбегі  бар!Сол  себепті  алды.Бүйтіп  «кісі  етін 

жеуді» доғарыңыздар.



Үзілдік  Елеубайкызы:  –Болатбек  пен 

Жансаяны, Серікзат пен Мұхтарды жұптағанда 

Болатбек Алтын домбыраны алса да Жансаяға 

беретін еді. 



Жансая -Құлагер. Бұл жерде таза суырып  

салма  ақындар  -Болатбек  пен  Жансая.Мұхтар 

ақын жаттанды əзірлігі басым, тісқаққан бөрі.

Рыскүл Ибраева:  – «Алтын домбыраны» 

Болатбекке  берсе,  неге  Мұхтарға  бермеді  деп, 

Жансаяға  берсе,  неге  Серікзатқа  бермеді  деп, 

халықтың  ішінде  гу-гу  əңгіме,  қарсы  пікірлер 

бəрібір  айтылары  сөзсіз.  Себебі  əркімнің  өз 

талғамы,  өз  таңдауы,  өзі  жанкүйер  болатын 

адамы  бар.  Бірақ  айтарым  Мұхтар  айтысқа 

төтеннен келіп, аяқ астынан жүлдеге ие болған 

жігіт емес, жастайынан айтыс жолында жүрген 

айтысқа қосқан үлесі бар жігіт.



Асхат  Абзалбеков:    –Бұл  жерде  əңгіме 

кімнін  төтеннен  келгенінде  емес,  кімнің  жөн 

сөз  айтып  женгенінде  болып  тұр.  Болатбекті 

Қазақ  хандығының 550 жылдығына  арналған 

айтыста да осылай қылып еді. 

Бақыт  Тушаев:   – Аузы  қышығанның 

бəрі  айтысты  сынайды  демеңіздер.  Өзімніңде 

əділетсіздікті  көрсем  бір  шағып  алатыным 

бар. Əңгіме былай: Бүгінгі айтысқа барғаныма 

қуанып  отырмын.  Өйткені  тағы  бір  шешімі 

күдікті,  кесімі  күпті,  жүлдегері  жүлдесіне 

жұмбақ жолмен жеткен айтыс болды.. Менімен 

қосқанда  үш  мыңға  жуық  адам  осыған 

куəдүрміз.  Бұл  айтыстың  дақпырты  да,  таяғы 

да  Жүрсін  ағамды  айналып  өтпес.  Ағамыз  да 

қартаяйын  деген  ба,  қалай?  Бұрынырақта  көп 

нəрсеге  бой  бермейтін  көкем  бүгінде  қыңыр 

кесімдерге  келісе  кететін  болған.  Зал  толы 

халық  Болатбек  деп  айқайлағанда  біреудің 

сыбағасына  жармасқандай  сыңайда  Мұхтар  

Ниязов  бауырымның  екі  көзі  жыпылықтап, 

Жүкеңе  жəутеңдей  қарағаны  несі?  Айтыстан 

мəн,  айтар  сөзден  дəм,  құндылықтан  нəр  кете 



 *«Үркер»*№12017

25

бастағандай 

көрінді 

маған.  Бір  риза  болған 

адамым  əкім – Бау-

ыржан  Байбек  бол-

ды.  Айтысқа  келіп 

қатысып,  бас  жүлдені 

тапсырып  арқа-жарқа 

боп  ағайынға  ақжарма 

тілегін  айтайын  деп 

еді. «Болатбек,  Бо-

латбек»  деп  қиқуға 

басқан  ел  айтқызбады. 

Оған  əкім  де,  халық 

та  кінəлі  емес.  Бар 

кінə 

қазылардың 



шешімінде. Соңғы үміт 

–  ең  болмаса  Мұхтар 

бір  жігіттік  жасап,  сол 

алтын  домбыраны  көп  тілеуінен  аса  алмай  ел 

алдында  Болатбекке  ұстатар  деп  едік...  Оны 

түсінетін бала қайда? Алтын көрсе періште жол-

дан  таяды  деген  сөз  сандырақ  болмай  шықты. 

Мұхтар  да  сыр  сүлейлерінің  ізбасары  емес  пе, 

шамасы келгенше ол да шапты. Кінə Мұхтарда 

емес, сол Мұхтарды сүйрегендерде. Жə, қойшы, 

айта  берсең  сөздің  атасы  өледі.  Батыраштар 

басқа  өрлеген  мынау  кезеңде  қара  сөзіңнен 

қадір кетіп сөзіңнің өлгеніне налып жүргенше 

өзіңнің  өліп  кеткенің  дұрыс  болды  ма  деймін 

қайран  Ораз.  Алтын  домбыра  біреуден  келіп, 

біреуге кетер, қолдан қолға өтер. Бірақ сол ал-

тыннан  қымбат  айтыс  дейтін  асыл  қазынамыз 

қолдан қолға өтіп кетпесін деп ашынамыз да. 

Айгүл  Болатханқызы: – Ақындарға  ай-

тыста  көп  нəрсені  айтуға  болмайды!!!  Жерді 

де,  елді  де...  Əрине,  жаман  жағын!!!  Енді  ше? 

Тақырып - Тəуелсіздік!  Бостандық!  Жігіт  жа-

сына  келген  азаттық!  Ондай  кезде  сатыла 

жаздаған жерді, түрмеге тоғытылған ерді айтып 

«жынды» боп қалды ма олар? Мен де жынды-

мын, тегі... Бейбіт күніме тəубе айтып, қуықтай 

болса  да  баспанамның  барына  шүкір  етіп, 

қыстың күні боп жатқан айтыста «нем бар еді.  

Ой,  тегі!  Құлагер-қиялға  еріп, «қуып  кеткен» 

сұрақтар  қойылған  санамды  «тазалағаным» 

жөн. «Бұл  сұрақтар  «не  для  средних  умов», 

«Айгүл  Болатханқызы,  сен  де  сол  қатардасың, 

тыныш!» - деп қояды маған миымдағы ақылгөй. 

Жарайды, мархабат, дегенің болсын! Қайтадан 

сарайдағы айтысқа оралайыншы...

«Дүние-боқ», «дүние - қолдың  кірі»,- 

жырлап  отырған  ақындардың  бəрі-і-ін  жақсы 

көріп  кетсем  ше?!  Мықты  бір  бизнесмен  бол-

сам,  олардың  бəріне  темір  тұлпардың  кілтін 

ұстатар  едім.  Аямас  едім.  Бірақ...  Солай  деп 

айтып  отырған  ақындары-ы-ы-ым...  Бас  жүлде 

- «Алтын  домбыраның» «иісі»  шыққан  кезде 

өзгері-і-і-іп сала береді... Бағанадан бері сөз ара-

сында Алла деп, иман деп, шүкір деп, тəубе деп 

отырған ақыныңды тура осы кезде «танисың». 

Күшті танисың! 

...Залдағы  көрермен: «Болатбек!» - деп 

қиқуға  басты.  Құдай-ау,  əкім - қазақ  жақсы 

көретін  батыр  аттас  Байбек  «алтынның» 

кімнің  қанжығасына  кететінін  айтпай  жатып 

бұ  жұртқа  не  көрінді?  Жалпы, «халық  айтса, 

қалып айтпайды», халық неткен кемеңгер, ə?!



Үзілдік  Елеубайқызы: – Жұбан  ағам 

айтпақшы: 



Айгүл БОЛАТХАНҚЫЗЫ

«Алтын домбыраның айқайы»

26

«Мұны  көргенімше  бұдан    1  күн  бұрын 

өлсемші»боп отырмын, мен де.

Айгүл  Болатханқызы: – Айтысушы - 

айтыс ақындары. Оларды бағалаған да - айтыс-

та жүрген ақындар. Айтысушылар өздеріне ең 

қымбат  «сый»  тек  халықтың  ықыласы  екенін 

«шырылдап»  тұрып  айтады.  Дүниенің  боқ 

екенін «жан жүректерінен» шыққан өлең сөздері 

арқылы  көрерменіне  жеткізіп  бағады.  Өздері 

үшін  ең  үлкен  құрмет - халықтың  ықылас-

пейілі екеніне тыңдаушыларын сендіріп бағады. 

Ал  жеме-жемге  келгенде...  Оларды  бағалаушы 

бүгінгі  «əділқазылар»  да - сол!  Ақындар! 

Сөздің  қадірін  түсінетіндер!  Бірақ...  Неғып 

екенін жұртқа ұнаған ақындарды келесі кезеңге 

өткізбеді.  Макс  пен  Талғатты  сөз  еткен  Ершат 

финалға  «шыға»  алмай  қапты.  Ринат  болса, 

бұл айтысқа тіпті де «маңайламаған»... Жə, оны 

қойшы... «Алтын  домбыраны»  сен  алсын  деп 

отырмын», - деп  Жансая  қарсыласы  Мұхтарға 

неге  айтты?  Мұхтар  неге  келсін-келмесін  (екі 

рет шыққанда да қоймай-қоймай) əкімді мақтай 

берді?  Мұхтар - бір  қарасаң,  Жансая  үшін  жа-

нашыр, тілеулес... Өзіне «жол бергені» үшін (ол 

сонда «алтын домбыралы» болатынына сенімді 

болды ма) қызға ризашылығын білдіріп, алғыс 

айтуды да ұмытпады... Ал көрермен...Зал толы 

көрермен  неге: «Болатбек» - деп  шулады? 

Көшпелі  алтындай  сусып  бара  жатқан  «Ал-

тын  домбыраның»  Мұхтарға  берілгенін  неге 

қаламады? 

Қаһарман  Зинуллин: – «Қазақстан  ба-

рысына»  жете  алмайды  «Алтын  домбыра».  Ең 

алғашқысы əділдеу болған, қалғаны...

Айгүл  Болатханқызы:  –  Біздің  қалада 

орта  буынды,  əсіресе  үлкен  кісілерді  бір  жер-

ге  жинап,  нағыз  қазақы  ортаға  айналдыра-

тын  бір  жер  бар.  Ол - АЙТЫС  өтетін  орын. 

Біздің  қазақты  біріктіретін  де,  қаншама  сағат 

бойы  тапжылмай  бір  орынға  «шегелеп»  та-

тайтын  да  сол - АЙТЫС.  Қазақтың  ешкімнің 

мəжбүрлеуінсіз  өз  еркімен  қуана  баратын, 

арқа-жарқа  табысып  бас  қосатын  жері  де - ай-

тыс  болатын  сарайлар...  Қазақ  айтысын  жақсы 

көріп, ақынын сыйлап барады. Қазақ айтысын 

аңсап, сағынып əрі қазақ екенін есіне «түсіру» 

үшін айтысты көреді. Анау-мынау жиналысыңа 

жинала  қоймайтын  қазақ  айтысқа  келгенде 

мүлде  басқа.  Рақаттанып  тыңдайды,  жақсы 

көрген  ақынын  қол  соғып  қолпаштап  отыра-

ды... Сол айтысқа мен де бардым бүгін. Көрдім. 

Рақаттандым. Бірақ...

Жансаяны  жақсы  көрем.  Бірақ  сол 

ақынмен  айтысатын  қарсыласы  оның  тұрмыс 

құрмағанын сөз етуден жалығатын уақыт бола 

ма  екен?  Онымен  айтысқан  еркеккіндіктің 

бəрі  оның  басының  бос  екенін  айтып  шықты, 

айтпаған  бірі  қалмады.  Жансая  бүгін  неге 

бойдақ жүргеніне жақсылап тұрып жауап берді. 

Осыдан  кейін  қарсыласы  оның  жеке  басына 

«тиісуді» доғарар. Айтыста осы бір ғана «міні» 

бар  ақын  бүгін  «Алтын  домбыраға»  ие  болуы 

керек еді... Бірақ...

Еркебұланның осы айтысы қатты ұнады. 

Меніңше,  залдағы  көпшілік  те  ақыннан 

шапалағын аяған жоқ. Ой-бо-о-ой, несіне жаңа 

туғандай боп отырмын, қысқасы, Еркебұланның 

төгіліп  түскен  ғажап  шумақтары  нағыз  сөз 

түсінетіндерге  ғана  ұнады. «Əділқазылардың» 

жанында қарапайым көрермен кім болып еді... 

Болатбек...  Оразалының  өзі  болмаса  да, 

көзі боп жүрген ақын. Жүз ақын жиналып кел-

се  де,  бір  Оразалыға  татымайтынын  айтқан 

ақын  сұлу  сөзден  сарай  соқты  бұл  айтыста. 

Қазақтың  рухын  көтерді.  Айтысқа  жиналған 

бар қазақ Болатбекті көрген сайын Оразалыдай 

оғыланын  еске  алары  сөзсіз.  Қазақ  барда - ай-

тыс,  айтыс  барда  Əзімбек,  Ерік,  Оразалылар 

өлмейді...  Ал  Оразалының  өзі  Болатбек  боп 

əлі талай қазақтың алдынан шығып отырады... 

Тоқта, тоқта! Не деп кеттім... «Əділқазылардың» 

«əділ»  шешімін  көрген  соң  Болатбек  айтысты 

тастап кетпей ме??? Дөп басып айту қиын. 

 *«Үркер»*№12017


27



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет